Жетписбаев батыр адамович


§2. Көптiк қылмыстардың түсiнiгi



Pdf көрінісі
бет82/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
§2. Көптiк қылмыстардың түсiнiгi
Қылмыстардың көптiгi деп бiр субьектiнiң əрекетiнде бiрнеше қылмыстардың түйiсуiн (тоғысуын) 
айтамыз. Ең алдымен, оның мiндеттi белгiлерiн анықтап алуымыз қажет:
1). Қылмыстардың көптiгiн бiрiктiретiн бастау, ол - қылмыс субьектiсi, яғни осы қылмыстық 
əрекеттердi жасаушы адам. Бiр адам бiрнеше қылмыс жасауы қажет.
2). Жасалған əрбiр құқық бұзушылық қылмыс болып табылуы қажет. Егер екi əрекеттiң бiреуi 
əкiмшiлiк құқық бұзушылық болса, онда қылмыстың көптiгiн құрамайды.
3). Көптiкке кiретiн əрбiр қылмыс жеке қылмыс құрамының блгiлерiнiң құрамын беруi қажет. Яғни 
жеке қылмыс құрамдарынан құралады. Көптiктiң құрылымдық элементi болып тек орындаушының
ғана емес, ұйымдастырушының, айдап салушының əрекеттерi де танылады. Мысалы, ұрлық 
қылмысында тұлға орындаушы болса, басқа қылмыста айдап салушы болуы мүмкiн.
4). Егер екi эпизодтың бiрiнде қылмыстық құқықтық салдарды жоятын мəн-жай бар болса, онда көптiк 
қылмысты құрамайды. Бұған:
а). Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,
б).Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауап тылықтан босату;
в). Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босату;
г). Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты босату;
д). Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде
е). қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде босату;
ж). ҚК–тiң Ерекше бөлiмiнiң кейбiр баптарының ескер тулерiне байланысты босату жатады.
5). Көптiкке кiретiн əрбiр қылмыстар бойынша қылмыстық тергеуде iс қозғау үшiн кедергiлер болмауы 
қажет. Мұндай кедергiлер тiзiмi ҚР Қылмыстық iс-жүргiзу кодексiнде берiлген.
Сонымен, барлық қарастырылған белгiлердi жинақтай келiп, қылмыстардың көптiгi деген ұғымға 
келесi анықтаманы беруге болады: Қылмыстың көптiгi – бiр адамның əрекетiнде жеке қылмыс құрамын
құрайтын жағдайдағы қылмыстық заңмен қарастырылған жəне қылмыстық тергеу үшiн процесуалдық 
кедергiлерi жоқ бiрнеше əрекеттердiң бiрiгуiн айтамыз.
Қылмыстардың көптiгi мына түрлерге бөлiнедi:
1). Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы,
2). Қылмыстардың жиынтығы;
3). Қылмыстардың қайталануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет