в). қылмыстардың бiрнеше реттiгiн жалғаспалы жеке қылмыстардан да ажырата бiлу керек.
Бұл ең
алдымен құқыққолдану қызметiнде қиындық тудырады, өйткенi бұл қылмыстардың объективтiк белгiлерi
өте ұқсас болып келедi. Сондықтан оларды субъективтiк жақтың элементтерi бойынша ажырату қажет.
Жалғаспалы қылмыстардың эпизодтары бiр ниетпен қамтылған болады.
Қылмыстық заңда қылмыстарды бiрнеше рет жасалған деп тануға негiз бермейтiн жағдайлар да
қарастырылған.
Қылмыстық кодекстiң 11-бабының 3-тармағына сəйкес « егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн
заңмен белгiленген тəртiп бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылған болса, не адамның бұрын
жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн
қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды ң
Осы жоғарыда аталған жағдайларға байланысты қылмыстар дың бiрнеше рет жасалуын екi түрге бөлiп
қарау қарастырылған: алдыңғы соттылығымен байланысты жəне алдыңғы соттылығымен байланысты емес.
Қылмыстардың бiрнеше реттiгiнiң заңдық мағынасын мына жағдайлармен түсiндiруге болады:
1). Қылмыстық кодекстiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң а-тармағына сəйкес
қылмыстарды бiрнеше рет
жасау, егер ҚК Ерекше бөлiм бабының өзiнде қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы қылмыс құрамының
сараланған
белгiсi ретiнде қарастырылмаса, жаза мен жауаптылықты ауырлататын мəн-жай ретiнде
танылады.
2). Қылмыстық кодекстiң 11-бабының 5-тармағына сəйкес қылмыстардың
бiрнеше рет жасалуы
Қылмыстық кодексте неғұрлым қатаң жазаға əкеп соғатын мəн-жай ретiнде көзделген жағдайларда
адамның жасаған қылмысы Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны
үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: