Жетписбаев батыр адамович


§ 6. Əскери қызмет бойынша шектеу



Pdf көрінісі
бет99/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 6. Əскери қызмет бойынша шектеу
 
 Қызмет бойынша шектеу – жазаның ерекше түрi, ол тек əскери қызметте жүрiп сотталған əскери 
қызметкерлерге ғана қолданылады. Əскери қызмет бойынша шектеу, негiзгi жаза ретiнде ҚК-нiң Ерекше 
бөлiмiнiң нормаларының 22 санкциясында бар. 
Бұл жазаның мəнi - өндiру жəне мəжбүрлеу əдiстерiн сəттi үйлестiру, яғни бұл əскери қызметкер өзiнiң 
кəсiби мiндетiн атқара бередi, бiрақ сонымен қатар оның құқықтары бiршама шектеледi. Əскери қызмет 
бойынша шектеу негiзгi жаза ретiнде тек мына жағдайларды тағайындалады: 
1). Келiсiм шарт бойынша қызмет атқарып жүрген əскери қызметкерге немесе шақыру бойынша əскери
қызмет атқарушы офицерге, егер əскери қызметке қарсы олар жасаған қылмыс үшiн ҚК-тiң қолданылып 
отырған баптарының санкцияларында мұндай жаза көзделген болса, əскери қызмет бойынша шектеу 
жазасы тағайындалуы мүмкiн 
2). Əскери қызмет бойынша шектеу келiсiм-шарт бойынша əскери қызмет атқарып жүрген, санкцияда 
түзеу жұмыстары түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасағаны үшiн сотталған əскери қызметкерге 
тағайындалады.
Əскери қызмет бойынша шектеудiң мерзiмi, бiрiншi жағдайда, 3 айдан 2 жылға дейiн қарастырылған. 
Түзеу жұмыстарын əскери қызмет бойынша шектеумен ауыстырғандағы мерзiм ҚК-тiң 44-бабында 
көрсетiлмеген. Сондықтан да түзеу жұмыстары əскери қызмет бойынша шектеумен сол мерзiмге, яғни 2 
айдан 2 жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Бұл жазаны өтеу кезiнде сотталған адамның үлес 
қаражатынан соттың үкiмiмен белгiленген, бiрақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттiң кiрiсiне 
ақша ұсталып қалады. Ақша ұсталатын үлес қаражатына лауазымдық жалақы, əскери атақ үшiн үстеме, ай 
сайынғы жəне басқа үстемелер, басқа да қосымша ақшалай төлемдер кiредi. Аталған жазаны өтеу 
барысында сотталған адамның лауазымын, əскери атағын көтеруге жол берiлмейдi, сонымен бiрге, жаза 


мерзiмi кезектi əскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдар мерзiмiне есептелмейдi. 
ҚР ҚАК-нiң 144-бабына сəйкес, егер əскери қызметкер, сот белгiлеген жаза мерзiмi өтелмей ҚР 
заңдарында көзделген негiздер бойынша əскери қызметтен босаса, қалған бөлiктi соттың жеңiлiрек жазаға 
алмастыруы мүмкiн, не оны жазадан босатуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет