Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет95/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
Əдебиеттер:
 
Гальперин И.М. Наказание: социальные функции, практика применения. М., 1983 


Джекебаев У.С., Судакова Р.Н., Шапинова С.А. и др. Криминологические и уголовно - правовые 
проблемы наказания. Алма-Ата. 1983 
Дуюнов В.К. Проблемы наказания в новом уголовном праве России. Белгород, 1998 
Карпец И.И. Наказание: социальные, правовые и криминологические проблемы. М., 1973 
Козлов А.П. Механизмы построения уголовно-правовых санкций. Красноярск, 1998
Ной И.С. Сущность и функции наказания в советском государстве. Саратов. 1973
Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность Л. 1973
Рахметов С.М., Кулмуханбетова Б.А., Нурымбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998
Полубинская С.В. Цели уголовного наказания. М., 1990 


16-тарау.Қылмыстық жазаның жүйесi
§1. Қылмыстық жазаның жүйесi жəне оның түрлерi
Жаза жүйесi – ауырлығы ескерiлiп белгiлi бiр ретпен орналасқан, сот үшiн мiндеттi болып табылатын 
қылмыстық заңда бекiтiлген жазалар түрiнiң түпкiлiктi тiзiмi. ҚР ҚК-нiң 39-бабында жазалар жүйесi 
орналасқан. Олар:
1). Айыппұл салу,
2). Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3). Қоғамдық жұмыстарға тарту;
4). Түзеу жұмыстары;
5). Əскери қызмет бойынша шектеу;
6). Бас бостандығын шектеу;
7). Қамау;
8). Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау;
9). Бас бостандығынан айыру;
10). Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, 
бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру;
11). Мүлкiн тəркiлеу;
12). Өлiм жазасы.
Қылмыстық кодексте жазалар жүйесi жеңiлдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тiзiлген. Жүйеге кiретiн 
жазаның барлық түрлерi үш топқа бөлiнедi: негiзгi, қосымша жəне балама, яғни негiзгi де қосымша да 
болып табылатын жазалар. 
Негiзгi жазалар бұл жазаның дербес түрi ретiнде ғана тағайындалатын түрлерi, оларды басқаларына 
қосымша ретiнде бiрiктiруге болмайтын жаза түрлерi. Негiзгi жазаларға: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу 
жұмыстары; əскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тəртiптiк əскери бөлiмде 
ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы. 
Қосымша жазалар – негiзгi жазаға қатысты көмекшi сипатқа ие жаза түрлерi. Оларға: арнаулы, əскери 
немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне 
мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет