алумен ауыстыру қарастырылған.
Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы мынадай сотталған адамдар тобына тағайындалмайды:
1). Əскери қызметкерлерге;
2). 50 жастан асқан əйелдерге, 60 жастан асқан ер адамдарға;
3). Жүктi əйелдерге;
4). 3 жасқа дейiн баласы бар əйелдерге;
5). 1 жəне 2 топтағы мүгедектерге.
§5. Түзеу жұмыстары
Түзеу жұмыстарының мəнi – сотталған адамның жазасы оның бұрынғы негiзгi жұмыс орнында өтелiп,
оның жалақысының белгiлi бiр мөлшерiнен мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу арқылы жүргiзiлуiнде
болып
табылады.
Ол ауырлығы онша емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бiрақ
қоғамнан оқшауламаса да
түзелу мүмкiндiгi бар адамдарға соттардың бас бостандықтан айырумен байланысты емес жаза
тағайындауына мүмкiндiк бередi.
Түзеу жұмыстарын қолданудағы мақсатқа мына үш тəсiлмен жетуге болады: еңбекке мiндеттi түрде тарту;
еңбек ету жəне басқа құқықтарын бiршама шектеу жəне материалдық сипатта ықпал ету жалақысының бiр
бөлiгiн ұстап қалу.
Түзеу жұмыстарының мерзiмi айлап, жылдап саналады. Сол уақыттарда сотталған адам жұмыс iстеуi жəне
оның жалақысынан ақша ұсталуы тиiс. Кейбiр жағдайларда мерзiмi күндермен саналады. Түзеу жұмыстары
екi айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Оны сотталған адам сот үкiмiне сəйкес
өзi бұрын
негiзгi жұмыс атқарып жүрген жерде өтейдi. Сотталған адам дəлелдi себептермен жұмыс iстемеген, бiрақ
оған жалақы төленген уақыт өтелген уақыт есебiне кiредi.
Сотталған адам ресми түрде жұмыссыз деп танылған уақыт та жазаны өтеу уақытына жатқызылады.
Түзеу жұмыстары тек негiзгi жаза ретiнде қолданылады, егер ҚК-тiң Ерекше
бөлiмiндегi нормалардың
тиiстi санкцияларында қарастырылған болса. Сонымен қатар, түзеу жұмыстары
мына жағдайларда да
тағайындалады:
1). Сол жасалған қылмыс үшiн қарастырылған жазадан гөрi жеңiлдеу жаза тағайындағанда;
2). Жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның жеңiлдеу түрiне ауыстырғанда;
3). Жазадан əдейi жалтарғандықтан оны айыппұл салумен алмастырса.
Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны тағайындағанда, сот заңда көзделген жағдайларға сүйенiп,
сотталған
адамға шартты соттауды қолдана алады.
Түзеу жұмыстары тағайындалмайтын адамдар тiзiмi заңда нақты көрсетiлген, олар:
1). Еңбекке жарамсыз деп танылған адамдар;
2). Тұрақты жұмысы жоқ адамдар;
3). Өндiрiстен қол үзiп оқу оқып жүрген адамдар.
Достарыңызбен бөлісу: