Жетписбаев батыр адамович


§3. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру
ҚР ҚК-нiң 41-бабына сəйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығынан мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға 
немесе белгiлi бiр кəсiптiк не өзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады. Жазаның бұл түрi негiзгi 
жаза ретiнде ҚК-тiң 38 санкциясында көзделген, ал қосымша жаза ретiнде 108 санкцияларда көзделген. Бұл 
жаза, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн жəне кiнəлi адамның жеке 
басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығының сақталуы мүмкiн емес деп санаған жағдайларда тағайындалады.
Сонымен, бұл жазаның қылмыстық-құқықтық мəнi- сотталған адамды белгiленген мерзiмге белгiлi бiр 
кəсiптiк немесе үкiмде көрсетiлген лауазымда болу мүмкiндiгiнен айыру, соның нəтижесiнде айыпкердiң 
қайталап қылмыс жасауын болдырмау. 
Белгiлi бiр лауазымды атқару құқығынан айырғанды сот өз үкiмiмен норматив бойынша белгiленген 
немесе ұқсас белгiлерi бар лауазымдарды сотталған адамның атқаруына тиым салады. Белгiлi бiр 
лауазымды атқару құқығынан айырудағы ҚР ҚК-нiң 41-бабының ҚазССР ҚК-нiң 26-бабынан 
айырмашылығы сол, қазiр сот мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ғана белгiлi 
бiр лауазымды атқаруға тиым салады. Яғни, сотталған адамның өзге мемлекеттiк емес қызметтерде 
лауазым атқаруына тиым салынбайды деген сөз.
Белгiлi бiр қызметпен айналысуға тиым салу тек лауазымдық, кəсiптiк қызметтi ғана емес, арнайы 
ережелермен реттелген қызметтiң басқа да түрлерiн қамтиды. Мысалы, қосымша шара ретiнде көлiк 
құралдарын басқару құқығынан айыруды сот ол адамда ондай құқықтың тiптен болмағанына немесе
əкiмшiлiк жолмен жазалау тəртiбiнде ондай құқықтан бұрын оны айырғанына қарамастан таңдай алады. 
Бұл жаза түрi негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде тағайындалуы мүмкiн. ҚР ҚК-нiң Ерекше бөлiмi 
баптарының санкцияларында немесе ҚК-тiң 55-бабына сəйкес сот жазаның жеңiлдеу түрiне көшкенде 
жазаның бұл түрiнiң тiкелей белгiленуi оны тағайындауға негiз болады. ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi 
баптарының санкцияларында көрсетiлмесе де, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк 
дəрежесiне жəне айыпкердiң жеке басын ескере отырып сот тағайындай алады. Қарастырылып отырған 
жазаның өтелу мерзiмдерi оның негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде тағайындалуына қарай əртүрлi болып 
келедi. Негiзгi жаза ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал қосымша жаза ретiнде алты айдан 
үш жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. 
Белгiлi бiр лауазым атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнен 
əдейi жалтару ҚР ҚК-нiң 362-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты жүктейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет