Жетписбаев батыр адамович


§7. Бас бостандығын шектеу



Pdf көрінісі
бет100/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§7. Бас бостандығын шектеу
 
 Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтiн белгiлi бiр мiндеттер 
жүктеуiнен тұрады жəне қоғамнан оқшауламай 1 жылдан 5 жылға дейiнгi мерзiмге мамандандырылған 
органның қадағалауымен оның тұрғылықты жерi бойынша өтеледi. Өзге жазалар, мысалы, қоғамдық 
жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстарына тарту жазалары бас бостандығын шектеумен ауыстырылған
жағдайда 1 жылға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. 
Сот бас бостандығын шектеу түрiнде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған 
органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн жəне оқитын жерiн өзгертпеу, мамандандырылған 
органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау, оқудан жəне жұмыстан бос уақытта тұрғылықты 
жерiнен кетпеу, басқа да жерлерге бармау мiндеттерiн орындауды жүктейдi. Сонымен бiрге, сот бас 
бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мынадай мiндеттердi 
орындауды жүктейдi: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы 
жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру.
Бұл жазаға сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудiң 
өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен ауыстыра алады. 
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жаза мына адамдарға тағайындалмайды:
1). Ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар адамдарға; 
2). əскери қызметшiлерге;
3). Тұрақты тұратын жерi жоқ адамдарға.
 Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу кезiнде сот сотталған адамның мiнез-құлқын қадағалауды 
жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн 
толық немесе iшiнара жоя алады.
 
 
§8. Қамау
 
 
Қамау – сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкiл мерзiмiнде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында 
ұстау болып табылады. Өзiнiң мəнi бойынша қамау қысқа мерзiмге бас бостандығынан айыруға жақын. Тек 
негiзгi жаза ретiнде қамау бiр айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Ал қамауды айыппұлмен, 
қоғамдық жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бiр айдан кем, аз 
мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
 
Қамау жазасы мына топтағы сотталған адамдарға тағайындалмайды:
 
а). үкiм шығару кезiнде он алты жасқа толмаған адамдарға;
 
б). жүктi əйелдерге;
 
в). кəмелетке толмаған балалары бар əйелдерге. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет