Асықты жiлiктiң басы - бұл 2 сортқа жататын мүше, оған жiлiктiң жоғарғы жартысы жатады, ал сираққа асықты жiлiктiң төменгi жартысы және толарсақ сүйектерi жатады. Қазыға 7-17 қабырғалар белдемелер майлы еттерiмен кiредi.

Жылқы етiн ішкі сауда объектілерінде сорттап шабу нобайы.
1- белдеме (субе) 2 - жал 3- казы 4- қабырға 5 - төстік (грудинка, челышко) 6 - жауырын 7 - жамбас 8 - мойын 9 - кәрі жілік 10 - асықты жілік (голяшка)
Iшек жиынтығы және оның пайдаланылуы. Бiр малдан алынған өңеш, iшек және қуық қосындысы iшек жиынтығы деп, ал iшектiң шажырқаймен бiрлестiгi отока деп аталады. Iшектi өңдеу кезiнде iшек жиынтығы анатомиялық және өндiрiстiк тауарлық аттары бар бөлшектерге бөлiнедi (9.1-кесте). Сиырдың iшек жиынтығы 7 бөлiктен тұрады:

- өңештiң астыңғы дәнекер ұлпалы қабат, ұзындығы 0,35-1 м, диаметрi 30-60 мм, массасы - 0,07 - 0,15 кг;
- 12 елi iшек - немесе жуан, ұзындығы 1,0 - 1,5 м, диаметрi 30-60 мм, массасы- 0,3 кг астам;
- аш iшек немесе мықын, ұзындығы 25 -50 м, диаметрi 25-50 мм;
- бүйен мен тоқ iшектiң жуан бөлiгi, ұзындығы 0,7-2 м, диаметрi - 80-200 мм, массасы 1,5 кг артық;
- тоқ iшек және тiк iшектiң бөлiгi, ұзындығы 5-12 м, диаметрi 30-70 мм, массасы 2,7 кг аса;
- тiк iшектiң соңғы жуан жерi, ұзындығы 0,3–1 м, диаметрi 80-200 мм, массасы 0,35 кг.
2-3 айлық бұзау iшек жиынтығына тоқ iшек (бүйен, тоқ ішек, тiк iшек), ал сүт емiп жүрген бұзаудың тек ұлтабары ғана жатады.
Қой, ешкi iшек жиынтығына iшектiң бәрi кiредi. Аш iшек, (12 елi, аш, мықын), қой аш iшегiнiң ұзындығы 20-35 м, ешкiнiң - 12-20 м, диаметрi -14-30 мм, массасы 0,5 кг астам. Бүйен және тоқ iшектiң кең бөлiгi қосылған iшегi, ұзындығы 0,4 - 0,5 кг. Қой бүйені, ұзындығы 2,5-3,8 м, диаметрi 14-22 мм, массасы 0,4-0,5 кг. Қой бүйенi «Консервiленген шикi iшек» жиынтығына кiрмейдi, оны балғын күйiнде өңдеп, белдiктер тiгуге пайданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |