Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әннің сипатын қабылдау, ырғақтық бейнесі әуенге сай түрлі қимылдарды орындауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дауысқа күш түсірмей әндетуді, динамикалық белгілеуді ажыратуды.
Қандай түсініктерді игереді: Ырғақты сезіне музыкалық әуенді тыңдап, сезінуді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Чебурашка
Мақсаты: Музыкаға қызығушылығын дамытуды жалғастыру. Музыкалық шығармашылыққа, қабілеттерін ұштауға баулу. Әуендік, динамикалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.
Қажетті құрал – жабдықтар: Қуыршақтар, ойыншықтар.
Әрект кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ойын-күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз.
-Балабақша туралы қандай тақпақ өлең білесіндер?
|
Қол ұстасып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.
Балабақша туралы, өз достары туралы білгендерін айтады.
|
Ұйымдастыр у -іздестіру
|
Балабақшада не үйренесіндер?
Өзі кішкентай,
Құлағы үлкен
Бұл кім?
Ән айту: «Чебурашка»
Чебурашка жолдасым,
Сен неге мұнайасын
Сен неге балмұздақ жемейсін
Кел бірге отырайық
Отырып ән шырқайық
Туған күн біз үшін көңілді.
Қ-сы
Мен тартамын сырнайымды
Бүкіл адам тыңдайды
Шіркін әттен туған күндер
Жиі болып тұрмайды.
Көгілдір тік ұшақпен
Сыйқыршы ұшып келет
Ол бізге көрсетеді кино
Құттықтап туған күнмен
Сыйлыққа көп балмұздақ
Қалдыруы мүмкін ол бізге
Қ-сы
|
Балалар жұмбақ –өлеңге жауап айтады.
Чебурашка
Әннің көңілді жарқын бейнесін сезініп, үйренеді.
|
Би: «Ойыншықтармен би» қимылдарын үйретеді. Қуыршықтарды бірге қозғап, қимылдарын бір қалыпты жасауға дағдыландырады.
|
Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын бірге мәнерлеп орындайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |