Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар
1. Салықтардың экономикалық мәні неден тұрады?
2. Салық салу кезінде қандай принциптер пайдаланылады?
3. Салықтарды басқа төлемдерден, аударымдардан және қаржаттар жарналарынан ерекшелейтін салықтарға тән қандай ерекшеліктер бар?
4. Салықтардың функцияларын атаңыз және сипаттаңыз.
5. Салық жүйесі нені білдіреді және оған қандай элементтер кіреді?
Негізгі әдебиеттер: 2-12, 36-45.
Қосымша әдебиеттер: 1-14, 19-25, 26-31.
7 тақырып Мемлекеттік бюджет
Дәріс жоспары:
7.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны;
7.2 Мемлекеттік бюджеттің функциялары;
7.3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері;
7.4 Мемлекеттік бюджеттің шығыстары;
7.5 Бюджет жүйесі және бюджет процедуралары.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды білдіреді, мемлекеттің экономиканы, ғылымды, мәдениетті дамытуға және басқа мақсаттарға бағытталатын ұлттық кірістің елеулі үлесін жинауына мүмкіндік беретін маңызды үлестіру құралы ретінде пайдаланылады. Қаржы жүйесінің құрама бөлігі ретінде, мемлекеттік бюджеттің онымен ортақы ерекшеліктері бар, тура сол функцияларды орындайды. Сонымен бірге ол қаржылық бөлімшелерден ерекшеленетін және орталық орынды алуға мүмкіндік беретін кейбір ерекшеліктерді иеленеді. Мемлекеттік бюджеттің айрықша ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) мемлекетке тікелей бағыныштылық;
2) бірлік және орталықтандырудың жоғары деңгейі;
3) бюджеттік ресурстарды құру мен пайдалануда демократиялық қасиеттердің бар болуы.
Қоғамдық өнімді мемлекет масштабында үлестірумен байланысты пайда болатын экономикалық қатынастардың және осы категорияның айқындалу түрі ретінде мемлекеттің негізгі қаржылық жоспарының жиынтығы мемлекеттік бюджет деп танылады. Қоғамдық өнімді мемлекеттік бюджет арқылы үлестірудің үш өзара байланысқан, бірақ қандай да бір дәрежеге дейін оқшауланған сатылары бар:
- жалпы мемлекеттік ақша қорын құру (бюджет кірістері);
- көптеген аумақтық және мақсатты тағайындалған бюджет қорларын құру;
- бюджет қорын пайдалану (бюджет шығыстары).
Бірінші сатыда қаражаттарды шаруашылық жүргізетін субъектілерден және халықтан алу жолымен олар мемлекеттің қолында шоғырланады. Осы негізде қаржыларды алушы ретінде мемлекеттің төлеушілермен қаржылық (бюджеттік) қатынастары пайда болады. Бұл қатынастар міндетті (императивті) сипатта болады.
Екінші сатыда, жоғарыда айтылғандай, көптеген аумақтық және мақсатты тағайындалған қорлар құрылады, яғни жалпы мемлекеттік ақша қорын бөлшектеудің аса күрделі үлестіру процесі жүзеге асырылады. Сыртынан қарағанда ол қоғамдық бөлімшелерден оқшауланған, бюджет ішіндегі процесс сияқты көрінеді, бірақ шындығында ол қоғамдық қатынастардың барлық сфераларын қамтиды.
Үшінші сатыда бюджет қорлары аумақтық және мақсатты тағайындалуы бойынша жұмсалады, яғни бюджет қаржылары бюджет бағдарламаларының әкімгерлеріне қайтарымсыз беріледі, ал олар нақтылы жұмсалуы бюджеттік үлестіру процесінің соңғы сатысында бюджет бағдарламаларының әкімгерлерінде бюджет қаржыларын алған мекемелермен ғана жүзеге асырылады.
Сонымен, жалпы қоғамдық ақша қорының құрылуына және оның жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылуына байланысты пайда болған, өазара байланысқан үлестіру қатынастарының бар кешені мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны деп танылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні өзгешелігі қаржылармен ортақ қасиеттердің шегінен шықпайтын ерекшеліктермен сипатталатындықтан, экономикалық мәннің қаржыларда болатын функциялар арқылы айқындалу тәсілі де жалпы алғанда және буындарда бір типті болады. Біздің ойымызша, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі сияқты, екі функцияны орындайды: үлестіруші және бақылаушы. Оларда жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық үлестірілу құралы ретінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні тікелей айқындалады.
Мемлекеттік бюджеттің үлестіру функциясы оның мәнінің айқындалуы болып табылады, бұл оның көмегімен жүзеге асырылатын үлестіру қатынастарының мазмұнынан көрініп тұр. Мемлекеттік бюджет арқылы үлестіру материалдық өндіріс сферасында пайда болатын үлестіру кезеңінің екінші кезеңі болып табылады және бюджет сатысынан өтіп, қоғамның бюджет қаржылары бағытталған бөлімшелерінде жалғасады. Сондықтан мемлекеттің бюджеттің үлестірілу функциясы қандай да бір өзгешелікті иеленеді – ол үлестірілген қоғамдық өнімді қайта үлестіру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясы да ерекшеліктерді иеленеді. Бюджеттің халық шаруашылығымен органикалық байланысы қоғамдық ұдайы өндірістің барлық бөлімшелеріндегі жұмыс жағдайы туралы тұрақты ақпаратты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |