ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет4/16
Дата18.07.2016
өлшемі1.08 Mb.
#207507
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


1.8 БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Кафедраның мекен – жайы: Қабанбай батыр көшесі, ШФ АҚ АМТГ (Шымкент филиалы Акционерлік Қоғам апат медицинаның теміржол госпитальдары), бас ғимараты, 4 қабат. Электрондық пошта sestrinskoe_delo@mail.ru Телефон: 408222, 23-01.


1.9 ПӘННІҢ САЯСАТЫ

Кафедраның қызметі: сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальді шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту процессіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, студенттердің шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған.

«Медбике ісі» пәнді өту үшін өзінде болу керек: медициналық халат, қалпақ, хирургиялық форма, маска, алмастыратын аяқ киімі және санитарлы кітапша (ОҚММА медициналық пунктте санитарлы кітапшаны алу жайлы кеңесіңіз). Кафедра «Медбике ісі» пәні бойынша білімнің қажетті сапасын меңгеру мақсатында сабаққа үнемі қатысуды және дайындықты талап етеді. Егер студент екі сабақтан қалып қойған кезінде кафедра меңгерушісінің рұқсатынсыз, ал үш сабақты жіберген кезінде деканаттың рұқсатынсыз келесі сабаққа жіберілмейді; студент сабаққа 10 минуттан астам уақыт кешіксе сабаққа қатысуына рұқсат берілмейді және педагогикалық журналға «жоқ» деп тіркеледі.

2. БАҒДАРЛАМА

2.1. КІРІСПЕ

«Паллиативті» латын тілінен алынған «pallium» - «бет перде» немесе

«жамылғы» деген мағынаны білдіреді. Хоспис деген – сөз ескі француз тілінен алынған , ағылшын тілінде «қонақжайлылық» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин 6-шы ғасырда дем алатын орын деген мағынаны білдірген.


Паллиативті көмек-- (palliative care) созылмалы және ұзақ ауырған науқастарға белсенді және жан-жақты көмек көрсету, яғни ауырсыну симптомын басу және психологиялық, социалды, рухани мәселелерді шешу.
Паллиативті медицина- (palliative medicine) аурудың терминалды сатысында медициналық көмек көрсетудің түрі. Паллиативті медицина психологиялық, социалды, рухани аспектілерге жатпайды. 1970 жылы Дүние Жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының қолдауы мен паллиативті медицинаны зерттейтін эксперттердің тобы құрылды.Олардың ішінде Швейцария, США, Великобритания, Канада, Голландия, Бельгия, Франция және Австралия сияқты 40-мемлекет ішінде паллиативті медицинаның дамуын тексерді.Паллиативті медицинаның арнайы тәртібі мен құқығы бар.Арнайы мамандандырылған ғылыми зерттеулері мен әдебиеттері бар.
2.2. Пәннің мақсаты: науқастардың және оның жанұясыныңөмір сүру сапасын жақсарту,ауруды ерте анықтау, дұрыс бағалау, физикалық, психикалық, рухани ауырсынуды болдырмау.
2.3. Міндеттері:

  • ЕПҰ және үйде созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға, АИВ-мен инфицирленген, неврологиялық және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсетуді ұйымдастыру;

  • Үй жағдайындағы мүгедектер мен қарт адамдарға паллиативті көмекті ұйымдастыру: құжаттарын дайындауға көмектесу, кір жуу, үйін жинау, ас дайындау.

  • Психоневрологиялық интернатта күтімі бойынша көмек ұйымдастыру: санитарлы – гигиеналық емшара, тамақтандыру, серуендеу кезінде көмек көрсету.


2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

  • Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттарды;

  • Қызметкердің өз мамандығы бойынша атқаратын қызметі мен міндетін анықтаушы құжаттар.

  • Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмекті көрсетуші мекемелердің талаптары.

  • «Мейірбике ісі» мамандық біліктілігінің мінездемесі.

  • Мейірбикелік үрдістің кезеңдеріне негіздей отырып науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру.

  • Медициналық этика мен деонтология негіздерін;


Студент істеу білуі қажет:

  • Нормативті- түпнұсқалық құжаттармен жұмыс жасауды;

  • Есеп-тіркеу құжаттарының бекітілгенін жүргізуді;

  • Мейірбикелік үрдіс және науқас күтімінің негізгі этаптарының құжаттарын;

  • Дәрілік заттар бөлмесі: стерильді, құрал - жабдықтар тану материалдарымен, арнайы медициналық киімдермен жабдықталуы тиіс;

  • Дәрі- дәрмектер шығыны, таңу материалдар, құрал жабдықтарды арнайы тіркеу бланкісіне тіркеуді жүргізуді;

  • Медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы мен сақталуын бақылау;

  • Науқастың жеке қажеттіліктері мен сұрақтарын есепке ала отырып, науқасқа білікті күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік үрдісті іске асыруды мейірбике білуі қажет;

  • Өкілеттік және дәрігердің тағайындаулары бойынша өзінің кәсіби-қызметтік нұсқауына сәйкесінше диагностикалық, емдік, реанимациялық, оңалту, алдын-алу, емдеу-сауықтыру, санитарлы-гигиеналық, санитарлы-ағартуды орындауды;

  • Өзінің жұмысын және әріптестерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  • АИВ инфекциясын емдеу шараларын анықтау, АҚТҚ-ны регламенттеуші және туберкулезге қарсы медициналық қызметтердегі негізгі нормативті құжаттарды жүргізуді;

  • Туберкулезді, АИВ жұқтырудағы мамандандырылған емдеу жүргізудегі әмбебеп өлшеуді;

  • Сарапталған шешімдерді қабылдау және ситуациялық қиындықтардан шығу жолын табуды;

  • Науқастың жалпы жағдайы жөніндегі ақпаратты оның туыстарына сауатты және тиянақты түрде жеткізуді;

  • Жұмыс уақытын ұтымды етіп бөлуді;

  • Мейірбикелік манипуляцияны сапалы орындауды;

  • Науқасқа және оның туысқандарына күтім жасау элементтерін оқытуды;

  • Науқастың өтінішін құрметпен және нақты орындау қажет;

  • Науқасқа және оның отбасына ауру барысында және өлімнен кейін психологиялық қолдау көрсету.

Машықтарды меңгеруі қажет:

  • науқастың функциональдық жағдайын бағалау әдісі (пульсті, дене қызуын, тыныс алу жиілігін, антропометрия, қан қысымын өлшеу, тәуліктік диурез және су балансын есептеу);

  • зертханалық зерттеулерге қан, зәр, нәжіс, қақырықты алу және жүргізу техникасын;

  • қарапайым жүрек – өкпе реанимациясын жүргізе білу.


2.5 Реквизитке дейінгі: мейірбике ісі негіздері, ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі, психология.
2.6 Реквизиттен кейінгі: Әлеуметтік медицинадағы денсаулық сақтау, коммуникативті дағдылар.
2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Паллиативті көмек - (palliative care) - өршімелі ұзаққа созылған аурумен ауырған науқастарға белсенді, жан-жақты көмек көрсету.Негізгі мақсаты ауырсынуды және басқа симптомдарды басу және психикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешу. Паллиативті көмектің мақсаттары науқастың және оның отбасының өмір сүру жағдайын жақсарту.

Паллиативті медицина - (palliative medicine) - өршімелі ауруы бар науқастардың терминалдық кезеңінде өмір сүру жағдайын жақсарту үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекше түрі. Бұл паллиативті көмектің құрамды бөлігі және әлеуметтік- психологиялық және рухани көмектердің аспектілеріне кірмейді.

Терминальді күтім - (terminal care) өлімнің соңғы күндері мен соңғы сағатында көрсетілетін паллиативті көмектің бір бөлігі. Паллиативті медицина жалпы мейірбикелік күтімнің негізгі компоненті болып табылады, инкурабельді науқастардың ауырсыну сезімін басуға арналған әдістерін аурухана мен клиникада тиімді пайдаланады. Оның мақсаты қатты ауырып жатқан науқастың қасіретін жеңілдетіп, науқас пен оның жанұясының өмір сүру жағдайын жақсарту.
2.8. Сабақтың тақырыптық жоспары:

2.8.1. Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары.

1 кредит






Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

Паллиативті медицина туралы түсінік, анықтамасы, даму тарихы.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

2

Паллиативті медицинаны ұйымдастыру ерекшелігі.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

3

Паллиативті медицинадағы этика және деонтология.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

4

Паллиативті медицина аспектілері.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

5

Паллиативті көмекті қажет ететін науқастардың категориясы.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

6

Жазылмайтын, өршімелі, белсенді ауруларды емдеу және командалық күтім.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

7

Науқастардың және олардың жанұяларының өмір сапасын жақсарту, ауруды анықтау, бағалау, өміріне қауіпті жағдайда ауруды анықтау, бағалау.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

8

Науқас жағдайын бағалау және паллиативті көмектің тактикасын анықтау. Паллиативті медицинада симптом мен синдромдарды бақылау.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



1




Барлығы:




15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет