Жоспар: Кіріспе


Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының есебінің аудиті



бет7/10
Дата17.02.2024
өлшемі39.65 Kb.
#492195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-36841

2.3. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының есебінің аудиті

Материалдардың қозғалысының бастапқы құжаттары мұқият толтырылуы, міндетті түрде операцияны жасаған тұлғалардың қолы және тиісті есеп объектілерінің кодтары болуға тиіс. Материалдық ресурстар қозғалысының құжаттарының толтырылу тәртібінің сақталуын бақылау шаруашылықтың бас бухгалтерлеріне және тиісті бөлімшелердің жетекшілеріне жүктелген.


Соңғы жасалған қортынды есеп жұлдызындағы материалдық қоралардың құрамына аудиторлық тексеру жүргізген кезінде, шаруашылықтың кідіріссіз жұмыс істеуіне ықпал еткен өндірістік қорлардың түрлерімен қамтамасыз етілгендігін анықтап, 20 «Материалдар» бөлімшесінің шоттары бойынша материалды құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерінің дұрыстығын анықтау қажет. Әрбір шот бойынша және жалпы 20 «Материалдар» бөлімшесі бойынша материалдардың және басқа да құндылықтардың қалдықтары туралы осы мәліметтерінің дұрыстығын, аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкестігін әрбір материалды жауапкершілікті тұлға (қоймалар) бойынша жасалатын айналым немесе қалдық ведомостары бойынша, Бас кітап және баланс бойынша тексеріп, қажет болған жағдайда тексерудегі шаруашылық қызметкерлерінің қатысуымен материалдар ресурстарының жеке түрлеріне түгендеу жүргізіледі. Шаруашылық өзінің материалдық қорларының, жабдықтаушылардан келісім-шарт бойынша несиеге немесе есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы нақты ақшасына сатып алу, айырбастау, өз өндірісінде дайындау тозығы жеткен немесе басқа себептермен шығысқа шығарылған негізгі құралдардан алынған төлем ақысыз тегін сыйға алу көздері арқылы толықтырылып, жаңартылып отырады.
Шаруашылыққа келіп түскен материалдарға мына төмендегі тәртіп бойынша бухгалтерлік құжаттары толтырылады. Жабдықтаушы артып-жөнелткен материалдарымен бірге сатып алушыға есеп айырысу және басқа да жолдама құжаттарын тасымалдаушы ұйымар тасымалдау құжаттарын жіберіп, қызмет көрсететін банктері арқылы инкасса қойып төлемді талаптау құжаттары төлеуін талап етеді. Келіп түскен материалдардың есеп айырысу және басқа да құжаттары бухгалтерияға келіп түсіп, олардың дұрыс толтырылғанын тексеріп, содан кейін, жабдықтау бқлімінің жауапты қызметкеріне беріледі.
Жабдықтау бөліміне келіп түскен жүктердің есебінің журналын жүргізіп отырады. Журналда тіркеу нөмірі, жазылған күні, жабдықтаушының аталуы тасымалдау құжатының күні және нөмірі, шоттың күні, сомасы және нөмірі, жүкті іздестіру туралы қатынас ақпараттары жинақталады. Журналдың ескертуінде шотты төлеу немесе акцептерден бас тартқаны туралы белгілер жасалады.
Тексерілген төлемді талаптауды жабдықтау бөлімінен бухгалтерияға береді, ал тасымалдау ұйымының квитанциясы материалдарды алу және жеткізу үшін экспедиторға беріледі.
Экспедитор (жабдықтау бөлімінің маманы) станцияға келген материалдарды күтіп алып, оларды саны және салмағы бойынша қабылдайды.
Экспедитор қабылдаған жүктерін шаруашылықтың қоймасына жеткізіп, қойма меңгерушісіне өткізеді. Қоймашы жабдықтаушының шот-фактурасындағы мәліметтерге материалдардың санының сәйкестігін тексеріп, қабылдаған материалдарға бір жолды немесе көп жолды кіріс ордерлерін толтырады.
Материалды құндылықтар натуралды өлшем біріліктерінде кіріске алынып, қоймада және бухгалтерияда ақшалай өлшем бірлігінде жүргізіледі.
Шаруашылыққа жабдықтаушының шот-фактурасынсыз келіп түскен материалдарды қабылдаған кезде де акт жасалып, сақтау жауапкершілігіне алады.
Егер материалдарды автокөлікпен тасымалдау жүзеге асрылса, онда бастапқы құжат ретінде жүкті жөнелтуші төрт дана етіп толтыратын тауарлы-тасымалдау накладнойын қолданады.
Қоймаға шаруашылықтың өзі дайындаған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, негізгі құралдары шығысқа шығарып, жоюдан алынған материалдарды және т.б. тапсырған цехтар екі дана етіп жазылатын материалдардың ішкі қозғалысының бір жолды немесе көп жолды накладнойын толтырады. Бір данасы тапсырушы цехтың материалдарды шығысқа шығаруына негіз болса, екіншісі қоймаға кіріске алу құжаты ретінде қолданылады.
Аудитор шаруашылыққа келіп түскен өндірістік қорлардың қабылданған бухгалтерлік құжаттарының толтырылу тәртібін жақсы біле тұра, оларды кіріске алудың және бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын, толықтығын тексеруді назарынан тыс қалдырмауы тиіс.
Әдетте, құндылықтарды кіріске алуды бақылау жабдықтаушылардан келіп түсетін есептік құжаттарды талдау жолымен жүзеге асырылады. Ондай құжаттарға төлем талаптары, шот-фактуралар, әр түрлі қосымшалары мен (сертификаттары мен сапалық күәліктері және т.б.) таурлы тасымалдау накладнойлары жатады. Осы құжаттар арқылы аудитор материалдарды кіріске алу бойынша шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс жазылғандығына көз жеткізуі керек.
Кіріске алынған материалды құндылықтар операцияларының құжаттары бойынша тексерудің барысында санды және сапалы қабылдау тәртібінің сақталғындығын, қабылдау актілерінің немесе кіріс ордерлері мен коммерциялық актілердің дұрыс жасалғандығын, материалдар есебінің немесе растаушы құжаттарының, регистрларының бухгалтерияға дер кезінде тапсырылғандығын, тасымалдау құралдарын ашқан кезде кем шыққан материалдарға дер кезінде дұрыс коммерциялық актінің жасалмауының нәтижесінде шығысқа шығарылуын және қоймаға кіріске алған кездегі жабдықтаушылардың жолдама құжаттары мен қабылдау актісінің арасындағы анықталған айырмашылықтарды анықтайды.
Аудитор келіп түскен материалды құндылықтарды кіріске алудың толықтығын өте мұқият тексеруі қажет. Ол үшін қабылдау актілеріндегі немесе қоймалардағы кіріс ордерлеріндегі, қоймалық есеп карточкаларындағы көрсетілген құжаттарын, күндерін және нөмірлерін, аталуын, өлшем бірлігін, санын, бағасын және материалдардың құнын, шот-фактураларындағы, тауарлы-тасымалдау накладнойларындағы және жабдықтаушының басқа да жолдама құжаттарының көшірмесін сұрайды. Аудитор кіріске алынған материалды құндылықтардың тиісті өлшем бірлігінде және көлемде нақты қабылданғанына ерекше назар аудару қажет. Мысалы, жабдықтаушы 100 тонна шақпақ қантты төлеуге құжат талп еткен, ал нақты келіп түскені 85 тонна, нәтижесінде 100 тонна емес, 85 тонна кіріске алынған.
Материалды жергілікті жабдықтаушылардан жеткізген кезде, аудитор оларды тауарлы-тасымалдау накладнойы бойынша қабылдаудың дұрыс толтырылғандығын тексереді, ал материалды құндылықтарды жабдықтаушының қоймасынан сенімхат арқылы алған жағдайда, олардың дер кезінде кіріске алынғанын бағалап, сонымен қатар материалдарды алуға берілген сенімхат тіркелген журналдың дұрыс жүргізілгендігіне назар аударады.
Нарықтық бағасымен жеке тұлғалардан сатып алуға кассадан төленген нақты ақшасына немесе есеп беруге тиісті сомадан төлеген материалды құндылықтарға жасалған актілерді және басқа да құжаттарды тексерген кезде, аудитор бұл операциялардың нақтылығын және толтырылған актілердің дұрыстығын анықтап, оларда төл құжатының реквизиттерінің мекен-жайының және азаматтардың ақша алуға сенімхаттарының бар екендігін, нарықтық бағасы бойынша сатып алынған материалдарды растайтын шаруашылықтың қызметкерлерінің қолдарының нағыздығын, сатып алуға жасалған актісін бекіткен шаруашылықтың жетекшісінің қолының бар екендігін, материалды жауапкершілікті тұлғалар арқылы есеп беруге тиісті сатып алныған құндылықтарды кіріске алудың толықтығын тексеру қажет. Бұл операциялар бойынша сатып алынған материалдарды кіріске алмай, тиісті құжаттарын толтырмай және бекітілген босату нормасын сақтамай, өндіріс шығындарына немесе айналымға шығысқа шығаруға жол берілмегендігін анықтау қажет.
Аудитор фактурасыз келіп түскен материалдарды қабылдау актісінің тәртібінің сақталғандығын, құндылықтар толық кіріске алынғандығын, бағасын және олардың құнының дұрыс белгіленіп, №6 журнал-ордерге 3310 «Төленуге тиісті шоттың кредиті бойынша жазылғандығын, сонымен қатар жабдықтаушылардан шот-фактураларын және басқа да құжатарын алғаннан кейін жазуларына дұрыс тұзетулер енгізілетіндігін тексеруі қажет.
Материалдарды қабылдаған кезде кем шыққаны анықталған, жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша әр түрлі шағым талап етілген сомалар төлеген дебиторлық борыштар және ұзақ уақыттан бері кіріске алынбаған (ұрланған) құндылықтарды кейде кейбір субъектілер заңсыз жолдағы материалды құндылықтардың құнын көрсетуге жол берген жағдайлары кездеседі. Сондықтан аудиторлық бақылаудың нысаны құны төленіп, әлі келіп түспеген жолдағы материалды құндылықтар үшін есеп айырысу бөлігін №6 журнал-ордердегі немесе оны алмастыратын машинажазбалардағы есептік жазулар болып табылады.
Аудитор дайын өнім шығаруға босатылған материалдардың операциялары бойынша құжаттарын және есеп жазуларын зерттеудің нәтижесінде дайын бұйым шығару үшін шикізат, материалдар, отындар және басқа да материалды құндылықтар шығындарын шектеп жұмысау нормаларының сақталғандығын, күшіндегі норма бойынша тұтынуға қажетті сатериалдардың дұрыс анықталғандығын, жаңа жабдықтарды орнатуға және қалдықсыз технологияны қолдануға байланысты материалдарды жұмысау нормаларына дер кезінде түзетулер енгізілетіндігін, субъектінің төрағасының материалдарды ауыстыруға рұқсатының бар екендігін және шектеп жұмысау қатарларына тисті өзгерістер енгізілетіндігін, шектеп босатылған материалдар ақауларды түзету үшін қолданылғандығын анықтайды.
Аудитор сонымен қатар шикізаттар мен материалдарды жұмысау нормаларының қазіргі технологияларының деңгейіне және өндірісті ұйымдастыруға сәйкестігін тексеруге ерекше назар аударуға міндетті.Аудитор басқа шаруашылықтарға қайта өңдеуге берілген және стылған материалды құндылықтарға байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік есеп құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексеру қажет.
Аудитор материалдарды сату бойынша операцияларын тексерген кезде, келісім бағасының және қаржылық нәтиженің негізділігін қаруы қажет, яғни төменгі бағамен қымбат материалдардың сатылмағандығын, бұндай операциялардан шаруашылықтың зиян шеккендігін анықтайды. Өндіріс қорларын аудиттеген кезде аудитор материалдарды кіріске алудың дер кезінде және толық жүзеге асырылғандығына, оларды өндіріске, шаруашылықтың басқа да бөлімшелеріне және сыртқы мекемелерге бостаудың заңдылығына көз жеткізуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет