Жоспар: Кіріспе


Аяқталмаған өндіріс және дайын өнім есебінің аудиті



бет8/10
Дата17.02.2024
өлшемі39.65 Kb.
#492195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-36841

2.3. Аяқталмаған өндіріс және дайын өнім есебінің аудиті

Аяқталмаған өндірісті тексерген кезде, аудитор, 1340 шоттарының Бас кітаптағы нақты қалдықтарының баланста көрсетілген мәліметерімен сәйкестігін салыстырып тексеруге міндетті. Ол үшін, есеп мәліметеріндегі аяқталмаған өндірісті түгелдеу мен олардың қалдықтарын бағалаудың нәтижесінде расталғандығына көз жеткізуі керек. Өнімнің өзіндік құны және қаржылық нәтиже туралы есеп және қорытынды есеп мәліметтерінің дұрыстығы дайын өнімдер мен аяқталмаған өндірістің арасында шығындарын таратудың негізділігіне байланысты болғандықтан, әрбір айдың соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарын тексерудің маңызы зор. Аяқталмаған өндірістің құрамын және бағалауды тексеру үшін бастапқы ақпарат ретінде, өнім өндіру шығындарының (жұмыс, қызметі), кезеңдік шығындарының және өндірістік ақау бойнша шығындардың есебінде арналған №10 журнал-ордерге ашылған №2 ведомостің мәліметтері қызмет етеді. Аяқталмаған өндіріс негізгі өндіріспен қатар, қосалқы өндірісте де анықталады. Шаруашылықтың ішіндегі тігін цехы, ұстахана, наубайхана сияқты шағын өнім шығаратын орындарда дайындалатын өнімдерді кіріске алғанда, негізгі өндірістегі өнімдер сияқты дайын өнімдерді бір бөлек, жартылай фабрикаттарды бір бөлек, аяқталмаған өндірісті жеке-жеке көрсетіп кіріске алады.


Аудитор жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып дайын өнімнің, жартылай фабрикаттың, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енетін шығындар баптарының олардың элементтерінің дұрыс анықталып таратылғандығына көз жеткізуі керек.
Дайын өнім деп сол шаруашылықта толық өңдеуден өткен қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін техникалық бақылау бөлімі қабылдап қоймаға кіріске алынған өнімді айтамыз.
Баланстың «Дайын өнімдері» баптарында 1320 «Дайын өнімдер» мүліктік активті шотында көрсетілетін дайынбұйымдардың қоймаларындағы қалдықтары көрсетіледі.Аудитор дайын өнімдердің дұрыс бағаланып, қоймаға кіріске алыну операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексеруге кірісердің алдында қаралатын мәселерді түгел қамтитындай етіп бағдарлама жасап, тексеру барысында кездескен фактыларының нәтижесінде толықтырулар мен түзетулер енгізіп басшылыққа ала отырып, мынадай мәселелерді анықтауы керек:

  • өндірістен қоймаға тапсырылған өнімдердің дұрыс және уақытылы құжатталғандығын;

  • дайын өнімдерді шығаруға байланысты орын алған операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін;

  • дайын өнімдер бұйымдарының түрлері және тапсырыстар бойынша өндірістік өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын;

  • өнімнің жоспардағы құнымен нақты өзіндік құнының ауытқу сомасының дұрыс есептеліп және олардың шығысқа шығарылғандығын;

  • 1320 «Дайын өнім» шотының аналитикалық және синтетикалық есептегі жазуларының Бас кітаптың және баланстың көрсеткіштерімен сәйкестігін;

  • шығарылған дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;

  • бухгалтерлік есеп регистрларының және машина жазбаларының дұрыс жүргізілгендігін;

  • дайын өнімдердің дұрыс бағаланғандығын.

Аудитор дайын өнімнің бағалану тәртіптерінің сақталғандығына және бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін тексеруге кірісерде алдын ала қаралатын мәселелер бойынша бағдарлама жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп басшылыққа алып отырады.


Аудитор дайын өнімді тексеруді оларды сатуға байланысты материалдарын тексерумен жалғастырады.
Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін дайын өнімді сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

  • дайын өнім сатуға шарт жасалғандығын және олардың рәсімделгендігін;

  • артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс белгіленгендігін;

  • артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;

  • өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес бостау бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, (оларды мынадай түрлерге бөледі: франко-орын, сатушы, франко-қойма, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко-айлақ және сатып алушының франко-қойма);

  • артып –жөнелтілетін өнімдер үшін банкке төлемді талап ету табыстау құжаттарының уақытылы табыс етілгендігін;

  • сатушының қоймасының тікелей босатылған өнімдерге жасалған құжаттардың дұрыстығын;

  • дайын өнімдердің қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылғандығын;

  • артып-жөнелтілген және сатылған өнімдердің (жұмыс, қызмет) аналитикалық есептерінің дұрыс жүргізілгендігін;

  • артып-жөнелтілген және сталған өнімдердің бухгалтерлікесеп шоттарында таратылып корреспонденциялардың дұрыс берілгендігін;

Аудитор, сондай-ақ нақты өндірістік өзіндік құнының, оның есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуын дұрыс есептеп шығарылуын, артып жөнелтілген өнімдерге және қоймадағы олардың қалдықтарына таратылуын және артып –жөнелтілген өндірістік өзіндік құнын бұымдардың түрлері немесе табыстар бойынша дұрыс анықталуын тексеруге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет