Жоспар: Кіріспе


Тауарлы-материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті



бет6/10
Дата17.02.2024
өлшемі39.65 Kb.
#492195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-36841

2.2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті

Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 20 «Материалдар» бөлімшесінің 1310-1320 синтетикалық шоттардың шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және де басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.


Тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мәліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу / мысалы, өте қымбат тұратын және өте сирек кездесетін/ және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.
Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттегені кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуы тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу тәртібін және өртке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.
Матеиалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу және шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу, рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылықтарды екі рет әкету, қол қоюға құқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету және т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру және территорияларға бөлініп орналасқан арнайы мамандырылған өндірістік цехтардың өзара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.
Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және құнын шот-фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс практикасы көрсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық, негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы және т.б. сияқты фактілері кездесіп қалды. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толық немесе уақытылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.
Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражға салудың резервін де көрсетеді.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.
Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бұзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға жаппай түгелдеуден өткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Аудитор қоймашылармен жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын бақылаудың жағдайы туралы келісім жасалғандығын, материалды сақталу орындарында олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс режимінің сақталуын анықтауға тиісті.
Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап, оларды натуралды түрде жүргізеді.
Бастапқы құжаттарының мәліметтерін қоймалық есеп карточкаларына жазғаннан кейін, оларды бухгалтерияға береді. Шектеп жұмысау карталарын қолдау тәртібіне қарай келесі айдың бірінші жұлдызынан кешіктірмей береді. Құжаттарын тапсыруға тізімдеме толтырып, онда өткізілген құжаттардың аталуын және нөмірі көрсетіледі.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың қозғалысының есебінің жағдайын тексерген кезде, аудитор жазуларының дұрыстығына, материалдарды қабылдау және босатудың бастапқы құжаттары бойынша материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің жасалуына ерекше назар аударып, материалдардың жедел-бухгалтерлік есеп жүргізу қалдықтау әдісін қолданған кезінде қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсырған және материалды жауапкершілікті тұлғалардың жасаған есебіне қоймалық есеп карточкаларының жазуларының дұрыстығына бухгалтерия қызметкерілерінің тарапынан қатаң бақылау жасалғандығын анықтауға міндетті.
Материалды құндылықтарға талдау жасау үшін, қоймалық есеп карточкаларын, айналым (қалдық) ведомостарын және түгелдеу көшірмелерін, сонымен қатар бастапқы құжаттарын қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет