Жоспар: Кіріспе


Тауарлардың есебінің аудиті



бет9/10
Дата17.02.2024
өлшемі39.65 Kb.
#492195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-36841

Тауарлардың есебінің аудиті
Аудитор шаруашылықтың өзінде шығармайтын, бірақ ішкі тұтыну сұраныс қажеттілігін қанағаттандыру және сатып табу үшін сырттан сатып алу, айырбастау, сыйға тарылып тегін алу жолдарымен алынып, кіріске алынған тауарлардың есебіне және олардың қозғалысының есебіне тексеру жүргізуді назарынан тыс қалдырмауы тиіс.
Шаруашылықтағы сатып алу, айырбастау және басқа да жолдарымен алынған тауарлардың есебі, материалдардың есебі сияқты, материалдардың есебінің карточкаларында жүргізіледі. Тауарларды субъектінің балансындағы қоғамдық тамақтандыру орындарында, мектепке дейінгі мекемелерде, бала-бақшаларда, денсаулық сақтау, демалыс, сауықтыру мекемелерінде, жұмыскерлерге натуралды еңбек ақы ретінде таратуға және сатып табыс табу үшін пайдаланады.
Аудитор кіріске алынған тауарлардың нақты өзіндік құны анықталып сақтау, түгендеу, босату ерекшеліктеріне сәйкес оларды бағалау тәртіптерінің сақталғандығын, іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын анықтауға тиіс. Тауарларды кіріске алу, олардың қоймалық есебін жүргізу, оларға түгендеу жүргізу тәртіптері материалдардың есебіне ұқсас болғандықтан, оларды қайталап жатудың қажеті жоқ.
Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында тауарлардың қозғалыстарын реттеп, жинақтап таратып отыру үшін 22 «Тауарлар» бөлімшесінің 1330 «Алынған тауарлар» және 1330 «Басқа да» деп аталатын синтетикалық шоттары қаралған. Тауарларды кіріске алу операциялары шоттардың дебетінде нақты өзіедік құны бойынша көрсетіледі. Олардың келіп түсу жолдарына байланысты нақты өзіндік құнын анықтаудың маңызы зор. Тауардың өзіндік құны – сатушының белгілеген (келісілген) тауарды сатып алу бағасымен дайындау, жеткізу (шетелден сатып алынған тауарларға баж және кеден төлемдерін қоса) шығынын және агенттердің делдалдарға төлеген төлемдерін сақтандыру шығындарының жиынтығынан тұрады. Айырбастау жолымен алынған тауарлардың орнына берілген активтердің екі шарт жасалып, келісім бағасы анықталып, қосымша төленген және алынған сомаларына реттеулер енгізіліп, өзіндік құнының дұрыс анықталып кіріске алынғандығына назар аудару қажет. Сыйға тартылып тегін төлем ақысыз алынған тауарлардың құнының анықталу тәртіптерімен танысу қажет. Бұндай жолмен алынған тауардың өзіндік құнын анықтау қиыншылық туғызған жағдайда оларды нарықтық ағымдағы құны бойынша кіріске алады.
Кіріске алынған тауарларды бухгалтерлік есепте мынадай аралық шоттар ашып жүргізуі мүмкін:

  • 1330-1 шот. «Қоймадағы тауарлар»;

  • 1330-2 шот. «Тауарлар және бос ыдыстар»

  • 1330-1 «Қоймадағы тауарлар» аралық шотында көтерме бөлшек сауда ұйымдарының қоймаларындағы нақты тауарларының және олардың қозғалыс есебі жүргізіледі.

  • 1330-2 «Тауарлы және бос ыдыстар» аралық шотында тауарлар мен бос ыдыстардың және олардың қозғалысының есебі жүргізіледі.Бос ыдыстар сатушы жеткізіп беруші және ыдыс жинайтын субъектілерге қайтарылып берілгендігін және сатылғандығын, ал қайтырылуға жатпайтын ыдыстардың тауарлардың құнына немесе өткізуге байланысты жұмсалған шығындарына жатқызылғандығын анықтау қажет.

Қайта өңдеуге немесе консигнация сатуға берілген тауарларға 1330 шоты бөлек, аралық шоттар ашылып есебінің жүргізілгендігіне және аталмыш шоттар бойынша аналитикалық есебінің жауапты адамдары атаулары (тендер, қаттамалар, бумалар, лактер) бойынша сақталу орындары көрсетіліп жүргізілгендігіне назар аудару қажет.
Сондай-ақ бөлшек сауда нүктелері арқылы сатуға берілген олардың қоймаларында сақтаулы тауарлардың есебін жүргізу үшін аралық шоттарының ашылып, сату үшін берілген тауарлардың түрлеріне қарай қойылатын үстеме бағасына салынатын қосылған құн салығын есепке алу тәртіптерімен танысуға міндетті.
Тауарларды консигнацияға беру жолымен сатқанда жасалатын операциялардың заңдылығына консигнациялық мәмленің консигнациялық шартпен құжатталып, онда жалпы ережелерден басқа тауарларға меншік құқығының ауысу кезін консигнаторға берілетін сыйақы ережелерін, тауардың сатылатын аймағын, тауардың ең қымбат және арзан бағасын, тауардың қоймада сақталу мерзімдерін, өтпеген тауарлардың қайтарылу ережелерімен танысып, жасалған операцияларының дәлдігіне көз жеткізу қажет.
Консигнацияға берілген және қайтарылғпн тауарларды баланстан тыс 004 «Консигнацияға қабылдаған тауарлар» шотының дебетінде берілгенін, кредитінде қайтарылғаны бір жақты жазу әдісін қолдану арқылы реттеп отырады.
Тауарлардың қоймадағы, бухгалтериядағы есебінің аудиті оларды түгендеу тәртібі материалдарымен бірдей болғандықтан, оларды қайталап жатудың қажеті жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет