1.4. Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу
Түгендеу – бұл меншіктің сақталуын, материалдық құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдістерінің бірі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субъектілері жүргізіледі. Құралдардың жағдайын жылыдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Бұған қоса, оны материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күні, құндылықтардың ұрлану, бүліну фактілері белгілі болғанда, өрт және табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты қолда барын натуралды және құндық өлшемдермен айқындау. Түгендеу процесінде:
1. Тауарлы материалдық құндылықтардың сақталуын;
2. Олардың сақталуының, босатылуының, салмақ және өлшем құрал-саймандардың жағдайының дұрыстығы;
3. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.
Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай – уақытылы және аяқасты болып бөлінеді.
Түгендеу жүргізудің сәтінде бухгалтерияда «Қоймалар, учаскелер бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың инвентарлық тізілімі» (ИНВ. №3 нысаны) жасалады. Түгендеуді комиссияның тек толық құрамы материалдық жауапты адамның қатысуымен жүргізеді. Материалдардың бар-жоғы міндетті түрде салмақ өлшеу және шамалау жолдарымен анықталады.
Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-құндылықтар бойынша ИНВ. №5 нысаны, ал есептік деректерден ауытқуы анықталған құндылықтар бойынша «Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру ведомосі» (ИНВ. №19 нысаны) жасалады.Жұмыс түгендеу комиссиясының отырысы хаттамамен ресімделеді, онда қойма шаруашылығының жағдайын инвентарлық тексеру нәтижесі және тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы көрсетіледі.
II. Тауарлық-материалдық қорлар есебінің аудиті
2.1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалауының және түгендеуінің аудиті
Тауарлы материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізігі мақсаты – олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
олардың сақталу ережелерін қамтамаыз ету;
өндіріске жұмсалу нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Аудитор тауарлы-материалдық қорлардың есебінің ауқымын кеңейтіп, аудиторлық тексеру барысында қаралатын мәселелердің мазмұнын ашатындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында бағдарлама жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп, толықтырып отырады. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
тауарлы-материалды қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақытылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақытылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді;
келіп түскен материалдардың уақытылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазулардың жүзеге асрылғандығын тексеруді;
дайын өнімдерді шығаруға жұмсалған өндіріс қорларын босату нормаларының сақталып, бухгалтерлік есеп шоттарына дұрыс таратылып жазылғандығын тексеруді;
тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістерін анықтауды;
сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операцияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді;
табиғи кему нормасынан жоғары жетіспейтін материалдық құндылықтардың шығысқа шығарылу тәртіптерін тексеруді, өндіріске жұмсалмай ұзақ уақыт жатып қалған және басқадай себептермен бүлінуінің нәтижесінде бағасы төмендетіліп, арзандатылған материалдарға жасалған актілердін, әкімшіліктің ұйғарымдарын және басқа да құжаттарын тексеруді.
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалдық құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиттің маңызды сұрақтарының бірі өнндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын тексерумен тығыз байланысты. Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, олардың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.
Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалдық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығындарын қамтиды.
Тауар шегерімдерін, қайтарылған артық төлемдерді және басқа да осындай түзетулерді, сатып алу шығындарын анықтаған кезде шығарып тастайды.
Шикізаттардың және материалдардың (жұмыс, қызмет) шығындары, өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, отындардың, энергияның, еңбек ресурстарының, ең негізгі құралдарының тозу құнының, сондай-ақ технологиялық процестен туындайтын басқа да өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге байланысты шығындарының жиынтығын қамтып, өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік құнын құрайды.
Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын бағалау, арнайы (жалпылама) біріңғай ұқсастық, оташа есептік құны, ФИФО, ЛИФО әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.
Арнайы (жалпылама) біріңғай ұқсастық әдісі бойынша бағалау арнайы жобалар және тапсырыстар үшін өндірілген, өзара айырбастау құралының қызметін атқаратын тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын есептен шығаруды көздейді.
Өндіріс қорларының орташа есептік құнын, есепті кезеңнің басындағы қолда бар және сатып алынған немесе осы кезеңнің ішінде өндірілген ұқсас қорлардың орташа құнын анықтау арқылы есептен шығарады.
Өндіріс қорларын ФИФО әдісі бойынша бағаланған кезде, бірінші кезекті алғашқы сатып алынған немесе өндірілген қорлардың құнын шығысқа шығару көзделді.
Өндіріс қорларын ЛИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінші кезекте соңғы сатып алынған партияның (лектің) немесе өндірген қорлардың құнын шығысқа шығаруды көздейді.
Аудитор материалдық құндылықтарға аудит жүргізгенде субъектінің есеп жүргізу саясатында қаралған материалдарды бағалау әдістерімен салыстырып тексеруге міндетті.
Материалдарды аудиттеген кезде тасымалдау-дайындау шығындарының нақты өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуды таратылу тәртібінің дұрыстығына назар аудару керек.
Материалдардың нақты өзіндік құнының олардың тұрақты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуын жұмсалған және қоймада тұрақты бағасы бойынша қалдық материалдардың құндарының арасында пропорционалды таратады. Осы мақсат үшін материалдардың нақты өзіндік құнымен тұрақты есептік бағасының арасындағы ауытқу пайызының қатынасын тұрақтық есептік бағасы бойынша босатылған және қалдық материалдардың құнына көбейтеді.
Материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасынан ауытқуының пайыздық қатынасын формула бойынша анықтайды.
Тб = _(Аб+Ас)
________100%
Ат + Ак
Бұнда, Тб – материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасына ауытқу пайызы;
Аб – айдың басындағы материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есптік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;
Ас – айдың ішінде келіп түскен материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;
Ат – айдың басындағы материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;
Ак – ай ішінде келіп түскен материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша;
Осы пайыз бойынша жұмсалған материалдардың ауытқуын (тиісті шоттарға) шығысқа шығару қажет. Бұл пайызды есептен шығару мәліметтері материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің бөлігінде келтірілген. Материалдық қорларды бағалау және тасымалдау-дайындау шығындарының (ауытқуы; +,-) сомалары сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны арқылы жалпы табыстың көлеміне тікелей әсер етеді, демек заңды тұлғаларға салынатын табыс табыс салығының көлемінде. Сондықтан материалдық қорларды бағалауды және оларды өндіріске шығысқа шығаруды дұрыс қолдану салық органдарының бақылауында болатындықтан, аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың бухгалтериясының бұл бағыттағы жұмысын өте мұқият тексеруі қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға, материалдарға, отындарға, қосалқы бөлшектерге және басқа да материалды құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор.
Аудитор нақты қолда бар материалды құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібінің және оның мерзімінің сақталғандығына толтырылған түгендеудің көшірмесіне салыстыру ведомостіне түгелдеудің нәтижесіне оның шаруашылықтың басшысының қатысуымен жіберген кемшіліктерге қолданған әкімшілік шараларына тексеру жүргізіп және танысуға міндетті.
Қойма шаруашылығын қарап тексеріп шыққан соң, аудитор қоймадағы және өндірістегі өндіріс қорларына түгелдеу жүргізуге дайындалу қажет. Жұмыс басталардың алдында аудитор субьектінің әкімшілігімен түгелдеу фкоиссиясын құру туралы келіседі. Субъектінің басшысының бұйрық (өкім) шығарып, оның мәтінімен түгелдеу комиссиясының мүшелерін таныстырып, комиссия төрағасына, аудиторға бақылау пломбирін береді.
Түгендеу комиссиясының құрамына аудитормен материалды жауапкершілікті тұлғадан басқа, әдетте, әкімшілік өкілдері мамандар және бухгалтерия қызметкерлері кіреді. Түгендеу жүргізген кезде материалды-жауапкершілікті тұлғаның қатысуы міндетті.
Егер де түгендеу нәтижесінде материалдық құндылықтар жетіспеушілігі анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеудің нәтижесіне келіспеуі және кем шығу фактісін мойындамауы мүмкін.
Егер материалды-жауапкершілікті тқлға дәлелді себептермен болмай қалса, онда қойманы жауып пломбирлеп, маериалды-жауапкершілікті тұлға жұмысқа шыққаннан кейін ғана түгендеуге кірісуге міндетті. Түгендеу жүргізудің алдында материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеу жүргізілетін күнге екі дана кіріске алынған және шығыс жасалған материалды құндылықтардың қорытынды есебін жасайды. Бірінші данасы шаруашылықтың бухгалтериясына берілсе, екінші данасы аудиторға қалады. Комиссияның төрағасы материалды-жауапкершілікті тұлғадан «өндіріс қорларына қатысты кіріс және шығыс құжаттарының барлығы түгелдей бухгалтерияға тапсырылды, ешқандай кіріс алынбаған және шығыс жасалмаған материалдар жоқ» деген қолхат алуға міндетті. Дәл осындай қолхат сатып алынған материалдар сомасына әлі есеп бермеген немесе оларды алуы сенімхат алып өткізбеген есеп беруге тиісті тұлғалардан да алынады. Осыдан кейін комиссия қолда бар материалды құндылықтарды таразыға тарту, өлшеу, санау немесе арнайы сиымдылықтарға, қаптарға салып өлшеу жолымен тексеруге кіріседі.
Материалды құндылықтарды көшірмеде есептеп қабылдаған номенклатурада және біріңғай өлшем бойынша көрсетеді.
Кейде аудитор материалды-жауапкершілікті тұлғаның айтуымен тексерудегі шаруашылықтың меншігіне жатпайтын уақытша сақталуға қойылған материалдық құндылықтарды түгелдеу көшірмесіне қоспайтын кездері кездеседі. Бұндай материалдар бойынша комиссия көшірме жасап, содан кейін қарама қарсы тексеру жүргізіп, бұл құндылықтар кімнің меншігінде неге басқа шаруашылықтың қоймасына сақталу себебін анықтау қажет. Түгендеу жүргізген кезде материалдардың номерлеріне, маркаларына және аталуына ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені төл құжаттарында көрсетілген нөмірлермен және маркаларымен кіріске алу құжаттарының мәліметтерімен салыстырғанда жаңа жабдықтарды бұрын пайдалануда болған немесе өте қымбат тұратын материалдарға алмастыру фактілерінің кездесіп қалуы да ықтимал.
Кейбір материалдық құндылықтарды тексерген кезде сапасын анықтау үшін дәмін тату іріктеу жүргізу ұсынылады.
Түгелдеудің мәліметтері бойынша көшірме жасалады, оған түгелдеу комиссиясының мүшелері және материалды жауапкершілікті тұлғалар қолдарын қояды. Материалды-жауапкершілікті тұлға әрбір көшірме бойынша жобамен мынадай мағынада: «осы түгелдеу көшірмесінде аталған барлық құндылықтарды комиссия менің қатысуымен натуралды күйінде көшірмеге ендірілді. Сондықтан түгелдеу комиссиясына шағым талабым жоқ. Көшірмеде келтірілген құндылықтардың сақталуы менің жауапкершілігімде болғанын растаймын» деп қолхат беріп, қол қойып, күнін жазады. Салыстыру ведомостін жасау үшін бухгалтерияға береді. Салыстыру ведомості тек қана осы мәліметтерінен ауытқулары анықталған құндылықтарға жасалады.
Оларға бас бухгалтер және материалды-жауапкершілікті тұлға қолдарын қояды. Егер кем немесе артық құндылықтар анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға жазбаша түсініктеме береді. Нормадан жоғары табиғи кемуден болған жетіспейтін материалды құндылықтардың құнын кінәлі тұлғалардың мойнына апарып, артық шыққанын кіріске алу керек. Артық шыққан, бүлінуінің нәтижесінде кем шыққан біртекті материалдарды сол тексеру жүріп жатқан кезеңінде, тек қана сол материалды-жауапкершілікті тұлға бойынша бір-біріне жатқызуға рұқсат етілуі мүмкін. Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасының жоғарылауынан және бүлінген құндылықтарға нақты кінәлі тұлға анықталмаса немесе оларды өндіру туралы шағым-талапты сот органдары қараудан бас тартса, субъект қаржылық нәтижеге шығысқа шығаруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |