Көрсеткіштер
|
Орташа өлшемді құн
|
ФИФО
|
ЛИФО
|
Арнайы бірегейлендіру
|
1. Шығыс саны/құны
|
2150/251206
|
2150/240000
|
2150/263000
|
2150/250800
|
2. Қалдық құны
|
700/81788
|
700/93000
|
700/70000
|
700/82200
|
Сатудың таза құны бойынша қорларды бағалау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1. Қорлардың нарықтық құнының кемуі.
2. Қорларға залал келтіру
3. Толықтай немесе ішінара ескіру.
Құнның төмендеу мөлшері жекелей:
а) нақты заттар үшін;
б) жалғыз заттар тобы үшін;
в) қорлардың бірнеше тобы үшін;
г) коммерциялық қызметтің қандай да бір түріне қатысты заттар үшін есептеледі.
Есептеу сонымен қатар кәсіпорынның барлық қорларының жалпы құнының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару нәтижесінде іске асырылмаған пайдамен байланысты ысырапты есепке алу жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құны (NRV) материалдық құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып табылады. Оны субъект құндылықтарын нарықта сата отырып, бұл құнды қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланылатын әдісін таңдап ала алады. Шынайы негіздеме болған кезде фирма себептер мен жылдық есепке әсерін баяндай отырып, басқа әдісті қолдана бастай алады.
1.2. Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленген. Оларды уақытылы жазып, дұрыс ресімдеу үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуын , әзірленуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен ресімделеді. Материалдық құндылықтар кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтылықтығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.
Келіп түскен материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактуралар, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік құжаттары)жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:
1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың санына, бағаға, тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестігін тексеруге;
2. Жеткізушінің есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;
3. Есеп айырысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналында тіркеуге;
4. Есеп айырысу құжаттарын бухгалтерияға табыс етуге және материалдарды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.
Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға, агентке) бухгалтерияда сенімхат (М2 немесе М2 нысанды) беріледі.
М2А нысанын материалдық құндылықтарды алуын нөмірленген және тесіп байланған, берілген сенімхаттарды есепке алу журналында (М3 нысаны) тіркейтін субъектілер қолданады.
М2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркелінеді және М3 нысанындағы журнал жүргізілмейді.
Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен ресімделеді:
1. №М4 нысанындағы кіріс ордерімен, субъектіге жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорыннан өңдеуден келіп түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.
2. М5 нысанындағы тауар-көлік жүкқұжатын жеткізуші материалдық құндылықтар жеткізушінің қоймасынан автокөлікке орталықтанған түрде жеткізілген жағдайда жазып береді (4 дана)
Оның 1-сі жүкті жіберушіде қалады.
2-сі материалдық құндылықтарды кіріс етіу үшін жүкті алушыға беріледі.
3-сі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде беріледі.
4-сі жолдама қағазға қоса беріледі.
3. М7 нысанындағы Материалды қабылдау туралы акті жеткізушілердің жолдама құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық сапалық айырмашылығы бар қорларды қабылдауды ресімдеу үшін қолданылады. Акт сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды қабылдаған кезде жасалады (фактураланбаған жеткізілім). Қабылдау комиссиясы материалды-жауапты тұлғаның және жеткізушінің өкілінің немесе мүддесі жоқ ұйым өкілінің міндетті түрде қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Материалдық құндылықтар қабылдағаннан кейін актілер қоса берілген құжаттармен (тауар-көлік жүкқұжаты, арнайы құжаттар) бірге былай бөлініп беріледі: 1-ші данасын бухгалтерияға, 2-ші днасын жабтықтау бөліміне немесе жеткізушіге шағым түсіру үшін заң қызыметіне береді.
4. Әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт (М7А нысаны) жасалады. Олар бойынша табиғи кему нормасы белгіленбеген, әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде тұрған материалдық қорлардың ысырабы анықталған жағдайда қолданылады.
5. Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегінде ысырабы туралы акт (М7Б) субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи кему нормасы шегінде анықталған қор ысырабын ресімдеу үшін қолданады
6. Жүкқұжатпен ресімделетіндер:
а) материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі;
б) пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы;
в) табыстылықтан материалдардың келіп түсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |