Дезинсекция – жәндіктерді жою әдсітері. Ол профилактикалық дезинсекциялық және көздеп жою шараларға бөлінеді. Профилактикалық шараларға: жеке бас гигиена тазалығы, үй жағдайының тазалығы, тамақты дұрыс сақтау, тамақ қалдықтарын жою, яғни шыбын, тарақкандардың болуына кедергі жасау. Екінші жолы жәндіктерді тікелей жою жолы: механикалық, биологиялық және химиялық әдістер. Дератизация – кеміргіштерді жою тәсілі. Мысалы: оба, туляремия, лептоспироз ауруларының қоздырғыштарын жоюда маңызы зор. Бұл мақсатпен профилактикалық және көздеп жою шаралары жүргізіледі.
ІІ тізбегі таралу жолдарын жою.
Ауызі – нәжіс таралу механизмінде ішек ауруларында барлық шаралар қоздырғыштың су, тамақ, кір қол арқылы организмге түспеуін қамтамассыз ету болып табылады. Сонымен қатар жалпы санитарлық ережелерді сақтау:су құбырларын, канализацияларды дезинфекциялау, топырақты қоқыстардан тазарту, шыбындармен күрес жүргізу, тамақты дайындау, сақтау, тасымалдау ережелерін орындау, халықтың санитарлық мәдениетін көтеру.
Тыныс жолдары инфекциялары өте тез таралады, сондықтан топтасқан адамдар тобында жұмыс бөлмесін желдету, ультрафиолет күлгін сәулесін қолдану, тұмша тағу сияқты шараларды жүргізген дұрыс.
Трансмиссиялық жұқпалардың таралуына жол бермеу үшін: табиғи-ошақты аурулармен күресу, сулы жерлерді құрғату, сақтану ережелерін орындау, дезинфекциялық шаралар жүргізу, халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын көтеру. Тері және шырышты қабаты жұқпаларының таралуы тұрмыстық жағдайға және еңбекке байланысты, сондықтан халықтың жалпы санитарлық мәдениетін көтеру, жарақаттардан сақтану, жарақатты өңдеу, дезинфекциялық шаралар жүргізу.
ІІІ тізбегі. Халықтың ауруды қабылдамауын қамтамасыз ету. Жалпы арнайы емес резистентіліті көтеру (тамақтануы, тұрмысы, дене еңбегін, салауатты өмір салтын жүргізуін) және арнайы иммунитет қалыптастыру ( профилактикалық егулер). Инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында вакциналар қолданылады Иммунитет вирустардан, бактериялардан, паразиттерден қорғауды, өзгерген клеткаларды құртып- жоюды, қатерлі іскке қарсы қорғануды қамтамасыз етеді. Иммунитет түрлік (тұқым қуалаушылық) және жеке түрлік (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеттілігі осы індетке тән алдын алу препараттарын (вакциналарын) қолдану және химиялық препараттарын пайдалану арқылы атқарылады.
Вакциналарды еккененнен кейін бірнеше жыл сақталатын белсенді иммунитет, ал кей жағдайда мерзімді қабылдаушылық (6-12 ай) пайда болады. Белсенді иммунизациялаудан кейін вакцина егілген адам организмі сол ауруды толық немесе ішінара қабылдамаушылық қасиетіне ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |