Бөртпе түлері:
Розеолезді бөртпе – диаметрі 2- 5 мм күлгін түсті бөртпе.
Ұсақ нүктелі-5-10 мм,ірі бөртпе-10-20мм,эритема-20 мм жоғары.
Денедегі күлгін, қызыл, пурпурлы – қызыл және сопақша пішінді бөртпелер қосылуынан эритема пайда болады. Нүктелі бөртпені саусақпен, әйнекпен теріге басса жоғалып кетеді де қайтадан пайда болады.
Папула – қуыссыз элемент; консистенциясы жұмсақ немесе тығыз, теріден шығыңқы, d –2-5 мм, ірісі – 20 мм.
Түйіншек – терінің тереңіне кететін гранулематозды инфильтрат; теріден шығыңқы, диаметрі 3 -5 –20 мм.
Везикула – қуысы бар элемент, серозды немесе серозды-геморрагиялық сұйықтығы бар.
Пустула (ірің) – қуысты бөртпе; ішінде іріңі бар.
Булла – қуысты бөртпе, мөлшері 5 мм жоғары, шекарасы анық, ішінде серозды немесе серозды-геморрагиялық сұйықтығы бар бөртпе.
Геморрагиялық бөртпе – теріге түрлі мөлшерде қан құйылу.
Экзантема – тері қышиды, бөртпе бойында ауырсыну болады. Энантема – шырыш қабаттағы бөртпелер.
Гепатолиеналды синдром жаппай таралатын жұқпалы ауруларда кездеседі.Бауыр мен көкбауыр мөлшеріне, консистенциясына, ауырсуына мән береді. Жаппай таралған инфекцияларда лимфа бездері үлкейеді, пальпацияда лимфа безінің мөлшеріне, ауырсынуына, консистенциясына, қозғалмалылығына, көрші ұлпамен байланысына мән береді.
Көп ішек жұқпалы аурулары диарея синдромымен сипатталады. Нәжістің сипаты ішектің бөлігінің зақымдануына байланысты және түрлі ауруларда нәжіс түсі өзгереді. диарея іште ауырсынумен сипатталады.
3.Зертханалық нақтама зерттеулер:
1. Адам организмінен қоздырғышты тікелей табу әдісі, оған жатады:
- бактериоскопиялық әдіс; микроскоп көмегімен боялған препараттарды көру арқылы қоздырғыштарды анықтайды. Мысалы: қан анализінен лептоспироз қоздырғышын, ликвордан менингококтарды, “жуан тамшы” әдісінен; қан жағындысынан безгек плазмодилерін анықтауға болады. Бұл әдіс өте тез, әрі арзан әдіс.
- бактериологиялық әдіс – қоздырғыштарды арнайы өсім ортасында өсіру арқылы табу. Сырқаттан нәжіс, қан, зәр, өт, құсық, жұтқыннан жағынды, т.б анализдер алып тексеруге болады, яғни аурудың түріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |