Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар



бет8/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
№7 лекция

Вирусологиялық әдісте алынған материалды арнайы өңдеуден өткізіп, вирустарды өсім ортасында өсіру арқылы жарық бергіш микроскоппен тексереді.
- биологиялық әдіс әсіресе бактериалды инфекцияларды (сарып, лептоспироз, туляремия анықтауда маңызы зор. Бұл үшін теңіз шошқаларын, мысықтарды, тышқандарды, сырқаттан алынған (қан, бубоннан жағынды) материалдары тері астына, құрсақ ішіне т.б. жолмен егу арқылы жүргізіледі.
- иммунологиялық әдістермен тексеру (МФА; иммунофлюоресценция) диагностикалық сарысуларды қолдану.
2. Қосымша әдіс, яғни, сырқат организмінде қоздырғыштардың болуын анықтайды.
- серологиялық әдіс – қан сарысуынан вирусқа, бактерияға т.б. қарсы антитела түрін анықтау., серологиялық реакциялардың 1- ші аптаның соңы, 2-ші аптаның басында қорытындысы (+) оң болады, кейіннен антитела титрі жоғарлайды, сондықтан 7-10 күн үзіліспен қайталап тексеру қажет. Зертханалық жағдайда серологиялық реакциялардың түрлері: агглютинация реакция (РА) пассивті гемагглютинация (РПГА); РСК; РТГА.
- аллергологиялық әдіс, организмнің қоздырғыштарының антигеніне сезімталдығын тексеру; ол үшін тері ішіне 0,1 мл аллергенді білектің алдыңғы 1/3 бөлігіне енгізіп 24-48 сағат қорытындысын бағалайды, сырқатта ауру болған жағдайда еккен жерде инфильтрат және қызару болады. Бұл әдіс аурудың 5-10 күніне қарай оң қорытынды береді.
3. Арнайы әдіс: аспап, құралдар көмегімен (ректромоноскопия, УЗИ, рентгенологиялық тексеру, гистологиялық әдіс, компьютерлік томография) тексеру.
Жұқпалы аурухананың құрылысы жұмыс тәртібі.Жұқпалы аурулар таралмас үшін сырқаттарды ауруханаға оңашалайды және арнайы эпидемияға қарсы тәртіпті ұстайды. Жұқпалы аурухананың басқа ауруханалардан ерекшеліктері:боксті стуктуралар болуы; ол науқастардың жеке қаралуы үшін бөлек кіріп- шығуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.Мельцер боксі құрамы:бокс кіреберісінен,бөлме, санитарлық бөлме,шлюзден тұрады.
- іріктеп - өткізу ережесімен жұмыс істеуі, яғни ауруханаға түскен сырқат шыққанша басқа топты сырқаттармен тікелей қарым-қатынаста болмауы.
- ауруханаға түскен сырқаттарды қабылдау жеке боксты палатада жүргізіледі;
- сырқатты тасымалдаған көлік дезинфекциядан өтеді.
- сырқатты бөлімшеге жатқызу аурудың түріне сәйкес шешіледі.
.- сырқатта аралас жұқпалы ауру болса, жеке боксқа оңашалайды
- науқастар асты палатасында қабылдайды.
- бөлмелерді мүмкіндігінше бір мезгілде босатып қайта толтырған дұрыс.
Сырқаттардың ауруханада жату мерзімі 2 түрлі факторлармен (клиникалық жазылу және жұғу қауіпінің тоқталуы) анықталады.

  • әрбір сырқатты қабылдаудан кейін қатардағы дезинфекция жүргізіледі.

  • сырқаттардың туыстарымен тікелей қарым-қатынасы эпидемиологиялық қауіптілікпен анықталады.

  • медицина қызметкері қатаң түрде санитарлық- дезинфекциялық ережелерге және жеке бас гигиена тазалығына аса мән беруі шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет