Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар


Жұқпалы аурулар бөлмесі.( КИЗ- кабинет инфекционных заболеваний)



бет9/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
№7 лекция

Жұқпалы аурулар бөлмесі.( КИЗ- кабинет инфекционных заболеваний) Жұқпалы аурулар кабинеті (КИЗ) емхананың бір бөлігі. Кабинет міндеттері:

  • әдістемелік ұйымдастыру жұмысын жүргізу.

  • білікті кеңес беру, жедел жағдайларда көмек көрсету.

  • сырқаттардың уақытында ауруын болжап ауруханаға оңашалау.

  • емхананың басқа дәрігерлеріне жұқпалы ауруларды емдеу тексеру т.б. сұрақтардың шешімін табуға көмектесу,

  • реконвалесценттердің емдеуін аяқтап, қажет жағдайда диспансерлік тіркеуге алу,

  • вирус немесе бактериялар тасымалдаушыларды тіркеуге алу және емдеу,

  • халықарасында жұқпалы аурулардан сақтану шараларын түсіндіру,

  • емханаға қаралуға келген сырқаттардан зертханаға түрлі анализдер алу,

  • ауру табылған эпид. ошақта шараларды жүргізу т.б

Жұқпалы аурулардың алдын- алу шаралары мен күресу жолдары. Жұқпалы аурулармен күресу шаралары мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралармен тығыз байланысты, яғни халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру үй проблемасын шешу, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету, халықты сапалы сумен қамтамассыз ету, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау (демалыс орындары, спорт кешендері, әлеуметтік жағдайы, табатты ластанудан қорғау т.б ), арнайы мемлекеттік бағдарламаларды – 2030, Саламатты Қазақстан қабылдау сияқты шаралар жалпы мемлекеттік сипат алады.
Медициналық шаралар жоғарыдағы жасалған мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру,халық қолданылатын су құбырларындағы су сапасына үнемі бақылау жүргізу (бактериологиялық және химиялық), су құбырларын тазалау және хлорлау жолдарын тексеру, тамақ сапасын, тамақ мекемелерінің санитарлық жағдайын жүйелі түрде тексеру, профилактикалық егу жүргізу.
Эпидемияға қарсы шаралар инфекциялық аурулар табылған жағдайда, ауру одан әрі таралмас үшін, эпидемиологиялық процесстің үш тізбегіне бағытталып жүргізіледі: І тізбегі инфекция көзін жою шаралары ауру табылған кезде бірден жүргізілуі шарт:біріншіден ауру адамды оңашалау (жұқпалы ауруханаға )
- жедел 058/у формалы хабарламаны СЭС-қа телефонмен және жазбаша хабарлау.
- қоздырғыш сақтаушыларды табу үшін, жаппай тексеру жүргізу (әсіресе декретивті топтарды).
- қарым-қатынаста болғандарды бақылауға алу.
- инфекция көзін жоюда жұқпалы аурулар кабинетінің (КИЗ) ролі де өте зор.
- ошақта дезинфекция жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет