Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар


Микроорганиздердің инфекциялық процесс



бет2/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
№7 лекция

Микроорганиздердің инфекциялық процесс пайда болуына әсер етудегі маңызды қасиеттеріне: олардың патогенділігі, вируленттілігі және токсигенділігі жатады.
Микроорганизмдер токсигенділігі дегеніміз табиғаты әртүрлі токсигенді заттар бөліп, организмнің клеткалары және ұлпаларына тікелей әсер етуі, оларды экзотоксиндер және эндотоксиндер деп бөледі: экзотоксиндер – кейбір бактериялардың қоршаған ортаға токсин бөлуі. Бактериалды экзотоксиндер мүшеге бейім (органотропты) және патологиялық әсері бар
( сіреспе токсині). Эндотоксиндер – клеткалардың өлуінен, бактериялардың бұзылуынан бөлінеді, бұл токсин синтезделмейді, ол бұзылмаған клеткада болады.
Вирусты инфекцияда белгілі бір клеткалар және ткандерге арнайы ақуыздарымен қоздырғыш жабысады. Инфекциялық процестің даму кезеңінің негізгі жұғу, яғни, микроорганизмнің макроорганизмге енуі, оның бейімделуі.
Макроорганизм және қоршаған ортаның инфекциялық процесске қатысуы.
Инфекциялық процестің дамуы макроорганизмнің жағдайына тікелей байланысты. Инфекциялық процестің даму кезеңінде макроорганизмнің табиғи қорғаныс механизмі іске қосылады, олардың антигендік арнайлылығы жоқ, олар денеге түскен бөгде генетикалық материалды арнайы танымайды, бірақ белсенді түрде олардың шығуына және организмді қорғауға қатысады. Организмнің арнайы емес қорғанысына: биологиялық барьерлер: (кілегей қабаты, тері, сілекей, көзі жасы, асқазан сөлі т.б.) Клеткалық фактоларға: гранулоцитарлы қатар (нейтрофилдер, эозинофилдер, гранулоцит) және мононуклеарлы фагоциттер кіреді. Сонымен қатар гуморалды механизм жүйесі: интерферон, лимфокаин, түрлі бактерицидті субстанциялар арнайы емес қорғанысты қамтамассыз етеді. Арнайы иммунитет.Қоздырғыштың организмге енуіне жауап ретінде иммунды глобулиндер (гуморалды) және және Т – лимфоциттер белсенділігі (клеткалық иммунитет) пайда болады. Иммундыглобулиндер В –лимфоциттер жүйесінен пайда болған өнім және организмнің арнайы гуморалды қорғанысына қатысады. Клеткалық иммунитет Т – лимфоцитте және макрофактор қосылуынан тұрады (толығырақ микробиологияны қарау).
Қоршаған орта. Инфекциялық процесс дамуына қоршаған орта әсері зор, себебі ол микроорганизмге және макроорганизм реактивтілігіне әсер етеді. Мысалы: физикалық, биологиялық, химиялық факторлар, экология жағдайы, әлеуметтік фактор т.б. маңызы зор, ұзақ мерзімде қолданған медициалық препараттар (цитостатиктер, гормондар, радиация әсері) имунды жүйені күйзеліске келтіреді.Қазіргі заман талабына сәйкес экология жағдайы күрт төмендеп кеткені, табиғат апаттарыда инфекциялық процесс ағысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан макроорганизмнің жағдайын жақсартуға (салаутты өмір сүру, жағымсыз әрекеттерден сақтану, қоршаған ортаны тазарту т.б.) алдын ала жүргізілген шаралар тиімді нәтиже берері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет