Арнайы емес ем:-патогендік ем:негізгі патогенетикалық ем - дезинтоксикациялық, яғни организмнің уыттануын азайту, бұл мақсатта: энтералды әдіс (ауыз арқылы); инфузиялық әдіспен (көктамырға коллоидты ерітінділер) сұйықтықтар енгізіледі. Сонымен қатар су – электролит, қышқыл – сілтілі, көмірсу, гемокогуляциялық т.б. ауытқуларды қалпына келтіреді. Патогенетикалық ем симптомдық дәрілермен бірге жүргізіледі,сұйықтықтар (улану белгісіне қарсы және жоғалған сұйықтықтардың орнын толтыру)
-организм жоғалтқан тұздың, судың орнын толтыру (регидратация): регидрон, глюкосолан, смекта, дисоль, трисоль т.б
- организдегі өте көп жиналған суды шығару үшін (дегидратация) – фуросемид, маннитол, манит т.б қолданылады.
- жұқпалы ауруларда сырқаттарды емдеу үшін емдәм ( диета) тағайындалады. Емдік тамақ тағайындалмас бұрын асқорыту жолдарының және сырқаттың жалпы жағдайын ескеру керек. Тамақтану аз- аздап, 5-6 рет жылы күйде беріледі. Жұқпалы ауруларды емдеуде № 2,4,5,13, емдәмдер қолданады. Жедел ішек жұқпалы ауруларында диета № 4 тағамдар механикалық және химиялық тұрғыдан асқорыту – ішек жолдарын қорғау, яғни ішек перистальтикасын азайтатын тағамдар, науқасқа: ет сорпасы, шырышты ботқа, кисель, желе, қатқан нан, ірімшік, піскен ет, буға піскен ұнтақ ет, піскен балық т.б. ішуге рұқсат етіледі, ал сүт тағамдары, кофе, іш кептіретін тағамдар, кондитерлік тағамдар қолдануға болмайды.
№ 5 емдәм бауыр ауруларында (гепатит, лептоспироз, мононуклеоз) т.б. тағайындалады.
Қолдануға болатын тағамдарға: сүт, өсімдік тағамдары, 2 – 2,5 л сұйықтық, өсімдіктен сорпа, сүттен ботқа, кисель, компот; майсыз ет, пісірілген балық т.б. жатады.
Қызбасы бар сырқаттар (тұмау, ЖРВИ, ангина, іш сүзегі) т.б. емдәм № 13 тағайындалады. Барлық тағамдар ұнтақталған, кесілген күйде және көп мөлшерде сұйықтық беріледі.
Жұқпалы ауруларда сырқтатар көбіне көп мөлшерде сұйықтықты (құсық, іш өту т.б.) қажет етеді. Осы мақсатта морс (қара смородинадан, клюквадан), кисель, компоттар, шай, түрлі шырындар, газсыз минералды су, дайын глюкоза – электролитті ерітінділер (регидрон, цитраглюкосалан, смекта) қолданылады. Ауыр жағдайдағы, жұтынуы бұзылған сырқаттарды тамақтандыру зонд арқылы жүргізіледі. Зонд арқылы сүт, айран, сорпа, шырын, жұмыртқа т.б. жартылай сұйық тағамдар енгізілді, ал қатты тағамдарды ұсақтап қайнаған су, сорпамен, сүтпен, өсімдік тұнбаларымен араластырып енгізеді. Тағамдар 45 -500 С жылытылып, 100- 250 мл мөлшерде баяу енгізіледі, зондқа 20-40 мл жылы су енгізеді (соңында). Организмнің иммунды биологиялық резистентілігін көтеру мақсатында: ұтымды тамақтану, дене еңбегін белгілі ережелерге сәйкес жүргізу, дәрумендік емдер, микроэлементтер, физиотерапиялық процедуралар т.б. қолданылады. Реконвалесценттер жұқпалы ауруханадан жазылып шыққаннан кейін жұқпалы аурулар кабинетіне немесе бөлімшелік дәрігерге жіберіледі. Диспансерлік шараларға: емдік-айықтыру, қосымша ауруларды емдеу кіреді. Реабилитация (қалпына келтіру) медициналық және әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі, ол сырқаттың ауру барысында бұзылған мүшелерінің қалпына келуіне көмектеседі. Реабилитацияны сырқат ауруының жедел дамыған сатысынан бастаған оң нәтиже береді.
Бекіту сұрақтары:
1.Жұқпалы аурулардың дамуында иммуниттетің алатын орны.
2.Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшеліктері.
3.Жұқпалы аурулардың диагностиксын жүргізуде эпидемиологиялық анамнез жинаудың маңызы
4.Жұқпалы аурухана қызметінің құрлысы, басқа ауруханалардан ерекшелігі
5.Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын жүргізуде медицина қызметкерінің рөлі.
6.Эпидемия ошағындағы шараларды жүргізу маңыздылығы.
7.Жұқпалы ауруларды емдеу ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |