Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар


Жұқпалы аурулардың клиникалық синдромдары мен симптомдары



бет6/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
№7 лекция

Жұқпалы аурулардың клиникалық синдромдары мен симптомдары

  1. Қызба – ауруға организмнің терморегуляторлы бейімдегіш реакциясы. Бұл симптомның пайда болуы жұқпалы аурулар қоздырғышының әсерімен және организмде эндогенді, пирогенді қосылыстардың пайда болуымен байланысты. Дене қызуы көтерілу деңгейіне байланысты: субфебрилитет (37-37,90С); аздаған қызба (38-39,90С ), өте жоғары қызба (40-40.90С) және гиперпирексияны (410С жоғары) ажыратады. Дене қызуы бірден жоғарлаған жағдайда қалтырау, яғни бұлшықет тонусы жоғарлайды және діріл, суықтық сезімі пайда болады. Кейбір жағдайда (іш сүзегі) қызба біртіндеп жоғарлайды, нәтижесінде, тері жамылғысы бозарып, кейіннен қызарады, организмде жинақталған жылу кеңейген қантамырлары арқылы шығуынан, тершеңдік және тыныс жиілейді. Дене қызуы кризис және лизис түрінде төмендейді.

Температуралық реакцияның бірнеше түрін ажыратады:

  1. Тұрақты лихорадка – дене қызуы тұрақты жоғарлайды, тәуліктік өзгерісі 10С.

  2. Әлсіреткіш қызба – дене қызуы төмендегенде қалыпты деңгейге түспейді, тәуліктік өзгерісі 10С; 20С аспайды.

  3. Интермиттеуші лихорадка өте жоғары температура қалыпты температурамен алмасады, өзгерісі 3 – 40С.

  4. Гектикалық қызба тәуліктік өзгерісі өте жоғары

(3-50С), дене қызуы қалыптыға дейін жетеді.

  1. Қайтармалы қызба дене қызуы бірнеше күн бойы жоғарыдан төменгі нормаға дейін түседі.

  2. Толқын тәріздес қызба – дене қызуы біртіндеп өте жоғары көрсеткішке жетіп біртіндеп қалыпты көрсеткішке дейін түседі. Интоксикация синдромының білінуі есінің бұзылуы (эндотоксинемиядан). Есінің бұзылу түрлері: - ұйқышылдық, ступор, сопор, өте терең ұйқы(кома).

Бұл жағдайда ұйқысы бұзылады, сырқат мінезі (эйфория, мазасыздық, апатия т.б.) өзгереді. Уланудың шегіне жеткен деңгейінде бас ауруы, бұлшықет, буындары ауырсыну, жүрек- қан тамырлар жүйесі өзгереді. Улану кезінде сырқатта бас ауру, ыстықтау, қатты терлеу, жалпы әлсіздік т.б. болады.
Жұқпалы ауруларды жалпы қарап тексергенде тері жамылғы және шырыш қабатта өзгерістер болады:терінің бозаруы, сарғаюы қызаруы, көзіне қан құйылуы, көгеруі, тері тургорының төмендеуі т.б.
Жұқпалы ауруларда теріде бөртпелер жиі кездеседі. Бөртпені анықтауда оның пайда болу уақытына, орнына, мөлшеріне, бір – бірімен бірігуіне т.б. назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет