137
сүріншек келеді. Тәбеті сақталғанмен, кейінірек жылқының бөксе жағы
салданып жатып қалады.
Түйе су ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Оның жіті және
созылмалы түрлері бар. Су-аурудың жіті түрінде ауық-ауық түйенің дене
қызбасы 40
0
С дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды
да, көп жата береді.
Сөл бездері ұлғаяды, оларды қолмен ұстағанда мал
ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге
айналады.
Аурудың созылмалы түрінде түйенің жүні үрпиіп, үйісіп қалады.
Мезгіл-мезгіл жүйке жүйесі қозып, түйе айнала береді, аяқтары ісінеді,
арықтап, құр сүлдері қалады. Су - аурудың созылмалы түрі бір жылдай
байқалады. Ауру түйе
көп жатып, суды көп ішеді. Кейінірек түйенің арт
жығы салданып, титықтап барып өледі. Аурудың бұл түрімен түйенің кәрісі
де, жасы да ауырады.
Балауы. Су-ауруға балау қойып, анықтау үшін Эпизоотологиялық
деректерді сараптайды, клиникалық белгілерін анықтап,
микроскопиялық
және серологиялық зерттеулер жүргізеді. Аурудың клиникалық белгілері әр
уақытта айқын бола бермейді. Олардың ішінде көңіл аударатыны: арықтау,
тұрақсыз қызба, кератит, коньюнктивит, дененің әр жерінде ісік пайда болуы.
Сондықтан зертханалық зерттеулер шешуші роль атқарады. Шыныға
жаққан қан жұғындысын Романовский әдісімен бояп, немесе қан тамшысын
микроскөппен қарап, трипаносомаларды іздейді. Паразиттің бір талы табылса
болды малдың су-ауруы болғаны. Бірақ микроскопиялық әдіс үнемі нәтиже
бермейді. Өйткеңі ауру малдың қанында паразит тұрақты кездеспейді.
Сондықтан малдың қан сарысуын серологиялық реакциялармен тексереді.
Жылқының қан сарысуын комплементті
байланыстыру реакциясымен, ал
түйенікін формалин реакциясымен тексереді. Ол үшін зерттелетін малдың 1
мл қан сарысуына 2 тамшы таза формалин араластырылады да термостатқа
немесе бөлмеге бір тәулікке қойылады. Егер, түйе су ауруымен ауырған
болса, қан сарысуы желім тәрізді болып ұйып қалады, ал мал аурудан сау
болса, сарысу күйінде қалады. Реакция күдікті болса,
пробиркадағы сарысу
қоймалжыңданып, төмен қаратқанда ақырын ғана ағады. Бірақ бұл
реакцияның да диагностикалық құндылығы өте төмен.
Кейбір жағдайларда балауды анықтай түсу үшін, биосынама әдісін
қолданады. Яғни ауруға күдікті малдың қанын алып, натрий цитратымен
араластырып, зертханалық жануарларға егеді.
Егер мал ауру болса, онда
олардың қанынан 6-15 күн ішінде паразит табылады.
Достарыңызбен бөлісу: