К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет129/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық 
өзгерістері. 
Су-аурудан 
өлген 
жылқының кілегей қабықтары бозарыңқы, денесінің әр жерінде ісіктер бар. 
Ішкі мүшелері қанталаған. Жүрек еті босаңсыған, оның іші - клиникалықы 
қанталаған. Ішектің ішкі қабаты ісінген, қанталаған, ішінде көп шырыны бар. 
Су-аурудан өлген түйе өлексесіндегі өзгерістері бұл ауруға тән емес. Өлексе 
арық, кілегей және сірі қабықтары бозарыңқы. Лимфа бездері мен талағы 
ұлғайған. Жүрек еті азғындаған, ішіндегі қаны сұйық, нашар ұйыған.
Емі. Су-ауруды емдеу үшін азидин дәрісін 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 %


138 
ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін 
нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткеңі олар дәрінің әсерінен 
іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин 
мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді 
қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. 
Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл есебімен тері астына 
немесе қалың етке егеді. 
Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін цимеларзан 
дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді. 
Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға 
симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен 
күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай оқшау ұстап, оларды 
клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек. 
Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн. 
Алдын алу және күресу шаралары. Су-ауру бар шаруашылықтарды 
инвазиядан арылту үшін, көктемде, жазда және күзде мал басын әр 3 ай 
сайын, қыста, көктемде және жаз айларында, кемінде 3 диагностикалық 
әдістермен тексеру керек. Клиникалық белгілері бар немесе формалин 
реакциясы оң нәтиже берген түйелерді бөліп алып, емдейді, ал қалған 
трипаносомоздан 
сау 
малдарды, 
одан 
сақтандыру
мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды. Ол үшін, наганиннің бір 
бөлігіне, азидиннің 3, 5 бөлігін қосып, 10%-дық суспензия ретінде тері 
астына егеді. 
Одан басқа да трипаноцидтік дәрілерді қолдануға болады. Бірақ, 
азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткеңі олар іш тастап кетеді. 
Мал басын су-ауруынан сақтандыру үшін маса-соналары жоқ, су 
жағалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет