К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет130/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
3.7 Ірі қара бабезиозы 
 
Бабезиоз - жіті өтетін, мал денесінің қызуымен, гемоглобинуриямен, 
анемиямен және кілегей қабықтарының сарғыштануымен, жүрек-қан тамыр, 
асқазан жүйелері қызметі бұзылуымен сипатталатын трансмиссивті ауру. 
Қоздырғышы - B.bovіs. Бабезиялар эритроцит ішін мекеңдейді
ондағы мерозоиттардың пішіні қандауыр немесе алмұрт тәрізді, жұпталған 
қос түрі сүйір ұштарымен қосылып, эритроциттің шеткі жағына доғал бұрыш 
түзіп, орналасады. Олардың тұрқы 1,0-2,5 х 0,5-1,5 мкм. Қан жағындысында
көбінесе жалғыз сақина тәрізділері, кейде үш жапырақ тәрізді түрлері 
кездеседі. Зақымданған эритроциттер саны 7-15 %, сирек жағдайда 40 %-ке 
жетеді. 
Қоздырғыштың даму биологиясы. Ірі қара мал организмінде 
бабезиялар эритроцитте қарапайым әдіспен екіге немесе бүртіктеніп бөліну 
арқылы көбейеді. Кейде бабезияларды эритроциттен тыс плазмада көруге 
болады. Олардың кене денесінде көбеюі толық зерттелмеген. B.bovіs-ті үш 


139 
иелі Іxodes rіcіnus және І. persulcatus кенелері тасымалдайды. Кенелер ауру 
немесе ауырып жазылған жануарлар қанымен қоректеніп, бабезияларды 
қабылдайды. Кене денесіне енген паразиттер алдымен оның ішегінде 
қарапайым әдіспен бөлініп, соңынан 2-4-6 ядрола торша түзеді. Мұндай 
бабезиялар ішек эпителийіне еніп, көп бөлшекке бөлінеді де, көп ядролы 
торша түзеді. Соңғылар ыдырап, тағы бірнеше рет бөлінеді. Бұдан кейін, 
түзілген гүрзі тәрізді торшалар, гемолимфаға еніп, кененің әртүрлі мүшелері 
мен ұлпаларына тарайды. Сонымен қатар, паразиттер жұмыртқа уызына еніп, 
онда олар тағы да көбейеді. Кене жұмыртқаларынан шыққан балаңкенелерде 
және одан дамыған нимфа мен имаго сатысында бабезиялар бар. Олар кене 
организміне таралып, сілекей бездеріне енеді. Іxodes кенелері мал қанын сору 
кезінде, бабезияларды сілекейімен берге қанға енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет