К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері



Pdf көрінісі
бет37/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері. Инвазия жоғары болғанда 
бауыр үлкейген, өт жолдары кенейген, олар ақ тұстi, қоныр-жасыл 
сұйықтықпен толған, онда көптеген паразиттер болады. Капсула және капсула 
астында торшаланған сүрет болады, торшалар қосылып бiртектi капсула 
ошағын құрайды, органикалық ақ түстi дақтар болады. Жануарды сою кезiнде 
арықтық, анемия, терi асты клетчатка инфильтрацияланғаны байқалады. 
Балау тiрi кезінде нәжiстi овоскопиялық зерттеу арқылы паразит 
жұмыртқаларын табамыз. Дикроцелий жұмыртқалары ұсақ, ұзындығы 0,038-
0,045 мм, енi 0.02-0,03 мм, қара-қоңыр түстi, клиникалықында қалың 
қабықшасы болады. Ол ассеметриялы, iшiнде мирацидий болады және бiр жақ 
шетiнде қақпақша болады. 
Өлген кезде бауырды ашып қарағанда дикроцелий құрттарын табады 
және 
патологиялық-анатомиялық 
өзгерiстерге 
қарайды. 
Инвазияның 
интенсивтiлiгiн анықтау үшін бауыр үстiнің висцеральдi жағынан параллельдi 3 
тiлiк тiледi де сосын дикроцелий санына қарайды. Инвазия интенсивтi болғанда 
бауырдағы трематода саны бiрнеше мың болады. 
Емі. Қазiргi кезде ең тиімді дәрі гексихол. Оны ірi қара малға 0,3 г/кг, 
жас малға 0,4 г/кг, ешкi мен қойға 0,4 г/кг мөлшерде бередi. Iрi қара малға 
ұсақталған жем немесе құрама азыққа қосып 0,5-1 кг әр басқа жеке бередi. Қой 
мен ешкiге гексихолды құрама азықпен қосып 1:8, 1:10 мөлшерде бередi, мал 
топтарына тәңертен бередi. Препаратты фасциолез ауруында сияқты талаптар 
бойынша пайдаланады. Ересек iрi қара малға антигельминтиктi жеке берiп 
азықтандырады, бұзау мен қойға топтап, азықпен араластырып бередi. Жас 
дикроцелилардың препаратқа төзiмдiлiгi жоғары, бiрақ ересек болған сайын 
төзiмдiлiгi төмендейдi. Дегельминтизацияланған жануар бауырларынан 
паразиттер препаратты бергеннен кейiн 12 сағаттан кейiн түсе бастап, 7 күнге 
созылады. 
Алдын алу шаралары. Дикроцелиозға қарсы сақтық шараларды 
комплексті жүргізеді ересек мал басын дегельминтизациялау, жайлауды 
гельминтологиялық бағалау, Аралық иелерідi жою, ветеринарлы-санитарлық 
шектеулер откізеді. 
Жануарларға дегельминтизацияны күз-қыс айларында жасаған дұрыс. 
Жердi жырту арқылы Аралық иелерімен күресемiз, мәдени өсiмдiктер егемiз, 
құрғақ шөптi өртеймiз. Дикроцелиозға қарсы шараларды жануарлар осы 
аурумен зақымдалған жерлердi анықтау керек. Оны құмырсқа мен 
моллюскаларды зерттеу арқылы анықтаймыз. Құмырсқа иелеуiндегi есiнен 
танған құмырсқаларды зерттеймiз. Бұл ауру бар жерлерде малды бақпау керек. 
Жайлауда алдын алу шаралары үшiн құмырсқа иелеуiн изоляциялау әдiсiн 
қолданады. Жануарға ең қауыптi жайылатын жер суқоймасы мен өзен маңында. 
Ет комбинаты мен мал соятын жерлерде жануар бауырын ветеринарлы-
санитарлық қадағалап, қарайды. Өте қатты зақымдалған бауырды утилге 
жiбередi, әлсiз зақымдалған бауырларды тазартып, шектеусiз жiбередi. 
Жүргiзiлген сауықтыру шараларыңың эффектiлiгiн жыл сайын тексередi. Ол 


48 
4 сурет. Paramphistomum cervi
үшiн әрбiр таза емес шаруашылықтан 20-30 жануарды гельминтокөпрология 
әдiсiмен тексередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет