К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректер



Pdf көрінісі
бет61/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректер. Ауру жиi Балтық маңы елдерінде
Түменде және басқада зоналарда кездеседi. 
Патогенезі. Лантец ие организмiне, әсiресе жүйке және қан жүйелерiне 
механикалық және токсикалық әсер етедi. Дифиллоботриоз Патогенезіiнiң 
негiзi – эндогендiк авитоминоз туызу. Гермафродитті мүше ауру малдардың 
организмiнде В
12
дәруменінің жеткіліксіздігін туғызады. 
Ауру белгiлерi. Ауру аңдар тәбетi төмендейдi, әлсiз, құсады, олар өсуден 
қалады. 
Балауды гельминтокөпрологиялық зерттеулердi өткiзiп қояды. Цестода 
жұмыртқасының пішіні сопақша, бiр шетiнде жапқышы бар. 
Емi. Альбен, азинокс препараттарын қолданады 
 
2.19 Пизиформды цистицеркоздар 
 
Пизиформды цистицеркоз - үй қоянның, қоянның гельминтоз ауруы. 
Taеnia pisiformis цестоданың Cysticercus pisiformis дернәсіл сатысымен 
туындаған. Цистицерктер құрсақ қуысында (iш майында, шажырқайда) тiршiлiк 
етедi. 
Аралық иелер - қояндар, үй қояндар, дефинитивтiк иелер - иттер
қасқырлар, түлкiлер, көк түлкiлер, мысықтар
Қоздырушысының даму биологиясы. Пизиформдық цистицеркоз 
кеңінен, әсіресе, қояндарда жиі таралған. Сойып тексерілген қояндардың 
залалдану деңгейі. Ставрополь өлкесінде – 96 %, Ресейдің солтүстік және 
солтүстік шығыс облыстарында –24 %, Татарстанда –39 %, Бурятияда - 25 %
және т.с.с. Үй қояндардың цистицерктермен залалдану қарқындылығы 
(инвазияның интенсивтілігі – ИИ) бірлік саннан 613 жетеді.
Клиникалық белгілері. Ауырған малдың өсуі тежеледі, қоңы төмендейді 
жон омыртқалары тізбегі иіліп (майысып) тұрады. Көздің, ауыз қуысының 
шырынды қабықтары түсі бозарады, бауыр аймағына пальпация жасағанды мал 
ауырсынады.
 
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Бауыр ұлғайған, қою-шие 
түсті, бетінде ирелеңдеген геморрагиялық жолақтар көрінеді. Құрсақ қуысының 
қабынуы – перитонит байқалады, сероздық қабықтарда, іш майда, шажырқайда 
және тоқ ішектің жамбас қуысына өтер жерінде цистицерктер табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет