К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Балау мал сойылған (өлген) соң жүргізіледі. Емі



Pdf көрінісі
бет62/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Балау мал сойылған (өлген) соң жүргізіледі.
Емі. Топтық әдіспен бес күн бойы 25мг/кг дозамен жемге 
араластырылған мебендазол (мебенвет гранулят) беріледі.
Алдын алу шаралары. Итке және терісі құнды аңдарға қоян өлекселерін 
немесе залалданған органдарын беруге тыиым салынады, қоян ұстайтын 


74 
қораларда итұстауға болмайды. Қызмет бабындағы иттерді басқа ларвальдық 
тениидоздар кезіндегідей мезгілмен дегельминтизациялайды.
 
2.20 Бұлшық ет және терi астылық ценуроздар 
 
Бұлшық ет және терi астылық ценурозы - малдың денесiнде iсiктер 
пайда болады, оларды сойып қарағанда ценурдын ларвоцисталарын табады. Бұл 
инвазиянын қоздырғышы Multiceps multiceps цестоданың Cysticercus shrjabini 
ларвоцистасы, олар иттiн және қасқырдын iшегiнде тiршiлiк етедi. 
Аралық иелер - қой, ешкiлер. 
Қоздырушысы. Ақтық иесінің нәжісімен бөлінген онкосфералары 
шөпке, суға түсіп солар арқылы аралық ие организмін залалдайды, 
ларвоцисталарға айналады. 
Ит және қасқырлар ауру малдың ценур көпіршігімен залалданған етін 
жегенде шалдығып оның ащы ішегінде ересек сатысына дейін жетіледі.
Эпизоотологиялық деректер. Бұлшық ет ценурозы көбінесе 1-2 жастағы 
қойларда болады, басқа мал түліктерінде сиректеу кедеседі.
Малдың залалдануы негізінен шөл және шөлейт аймақтардағы 
жайылымдарда орын алады.
Қоздырғышының 
даму 
биологиясы. 
Ииттер 
(соңғы 
иелер) 
ценурлармен зақымдалған еттi жеп, ал қойлар (аралық иелер) иттермен 
бөлiнген онкосфераны жұтып зақымдалады. 
Ауру белгiлерi көпiршiктiң локализациясына, санына және мөлшерiне 
байланысты. Екi жасқа жетпеген қойлар ауырады. 
Клиникалық белгiлерi көпiршiк үлкеюне байланысты. Малдардың 
тәбетi төмендейдi, жүдейдi. Көпiршiктер қойдың мойнында орналасқан соң, 
олар мойнынын енкейтiп жүреді. 
Егер көпiршiктер майды қүрсақ қуысында орналасса қарынның өте 
үлкеюi байқалады, ал ценурлар аяқта болса, ақсақ кей кезде салдану болуы 
мүмкiн. Ценурды ашқан кезде, жара iрiн инфекциясымен және жақын жатқан 
ұлпалар өлiеттенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет