Кенжебаева Т. Ж. ТӘуелсіздік кезеңдегі қазақ Әдебиеттану ғылымының даму бағыттары


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/14
Дата10.05.2023
өлшемі150.08 Kb.
#473463
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
кенжебаева тогжан

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Ұлт мұраты – азаттық, бостандық, тәуелсіздік.
Дербес ел, тәуелсіз мемлекет атану – абыройлы іс, биік белес.
Еліміздің тәуелсіз болуы – ұлттық жаңа тарихымыздың бастамасы. Енді алдағы уақытта біз өз тарихымызды бұрынғы көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес ел ретінде зерттеп, тарихымыздың бұралаң жолдарында жетістіктер мен жеңілістерді, ұмтылыстар мен іркілістерді қайта зерделеп, болашақ мәдениет пен ғылым, әдебиетіміздің әлем елдерінің озық үлгілерін үлгі тұта отырып, дамудың ұлттық моделімен алға жылжуымыз керек.
Отанымыз егеменді ел болып, тәуелсіздікке табан тіреген сәттен бастап осы тәуелсіздікті баянды ету мақсатында халқымыз әр салада қажымай еңбек етіп келеді. Бұл адамның рухани азығы – мәдениеті мен әдебиеті саласында да кең қанат жайды.
Қоғамдағы сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, өтпелі кезеңнің ауыртпашылықтары өмірдің барлық салаларын, оның ішінде руханият дүниесін де қамтыды. Мұндай өтпелі уақытта әдеби процестің тоқырамаса да іркіліп, әлеумет, қоғам өміріндегі сан түрлі өзгеріс жаңалықтарды ой елегінен өткізуі заңды. Осы кезеңде әдебиеттану ғылымы ең алдымен ұлт әдебиетінің өткенін таразылап, шашырағанын жинақтайды, бүгінін талдап, бағытын айқындайды.
Мемлекетіміздің бүгінгі бағыты басқа да ғылымдарға сияқты ұлттық әдебиеттану ғылымының алдына да зор міндет жүктеді. Соңғы он бес жыл ішінде халық санасы едәуір серпілді. Ендігі міндет – ұлттық сананы қайтып қалғып кету қаупінен сақтап, барынша сергек ұстау, өскелең ұрпақтың рухын мықты, ділін сау ете түсу. Осы мақсаттың орындалуының аса пәрменді құралы - сөз өнері. Ол үшін халықтың сөз өнерін ең алдымен сол халықтың өзі танып, сонан соң өзгеге танытса абзал.
Міне, осынау міндетті орындау ұлттық әдебиет тарихының кем-кетігінің орнын толтыруды, жолсыз жазаға ұшыраған әдебиет тұлғаларын тарих сахнасына қайта әкеліп, әділет тұғырына қондыруды және әр қалам иесінің сөз өнері тарихындағы өзіне лайық орын иемденуін, сондай-ақ, бүгінгі әдебиеттанудың жаңа ізденістерінің бағыт-бағдарын айқындауды, әдебиет теориясы, поэтика мәселелерін зерттеуді діттейді.
Осы бағытта аға буын өкілдері бас болып, бағыт беріп, бағдар сілтеуінің арқасында кейінгі толқын өкілдері әдебиетіміздің өзекті мәселелеріне қалам тартып, өнімді ізденіс үлгілерін танытып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет