Зерттеу жұмысының материалдары: Олар, атап айтқанда: әдебиетші-ғалымдар З.Ахметов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, С.Қасқабасов, Ж.Ысмағұлов, М.Мағауин, Ө.Күмісбаев, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, С.Негимов, Қ.Жүсіп, Д.Ысқақұлы, А.Егеубаев, Б.Әбілқасымов, Б.Ыбырайымов, Қ.Алпысбаев, М.Хамзин, Қ.Әбдезұлы, З.Бисенғали, Т.Жұртбай, Г.Піралиева, Р.Тұрысбек, К.Сыздықов, Д.Қамзабекұлы, Қ.Ергөбек, Т.Еңсегенұлы, С.Жұмабек, И.Нұрахметұлының т.б. осы кезеңде жарық көрген зерттеу мен әдеби-талдау мақалалары қарастырылды.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының бағыт-бағдарын зерттеген арнайы еңбек жоқ. Алайда бұл мәселе жекелеген мақалаларда, сұхбаттарда, сыни еңбектерде, басқа тақырыпқа арналған зерттеулер аясында қарастырылып келеді. Айталық, академик С.Қирабаевтың «Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі» деген сұхбаты, Қ.Әбдезұлының «Қазақ прозасы және ұлттық идея», Р.Тұрысбектің
«Парыз бен парасат», «Асыл сөз» атты еңбектері осы тақырыпта ой толғайды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында тіл білімінде осы тақырыпқа қатысы бар. Умирбаевна С.А., Бисмильдина Д.Д. зерттеулеріне сүйеніп, лингвистикалық сипаттама, салыстырмалы әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазуға негіз болған Б.Майтанов, Р. Нұрғалиев, З.Ахметов еңбектері алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында қазақ әдебиеттану ғылымы тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, әдебиеттің әр түрлі мәселелерін қарастыратын еңбектердің негізгі сипаттары зерттеліп, танымдық-тақырыптық арналары айқындалды. Бұл тақырып алғаш рет жеке зерттеу жұмысының нысаны болып отырғандығы тақырып сонылығын айқындайды. Соңғы жылдар ізденісі, әдебиетке көзқарас, жанрлар жөніндегі ой-пікірлер т.б. жаңа уақыт талаптары тұрысынан сараланады. Ұлт тәуелсіздігі әдебиеттану мәселесімен қатар қарастырылады.
Тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттанудың бағыт-бағдары жөнінде бұған дейін арнайы зерттеу жұмыстары жоққа тән. Осы жұмыс сол олқылықтың орнын толтыруға қосылған үлес. Бұл жұмыста ұлттық әдебиеттану ісі қазіргі әдеби үдеріс аясында сөз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |