Кеубасова Г. У ақтөбе, 2023 мазмұны кіріспе


Кітап жазбасына дейінгі кезең



бет4/16
Дата14.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#495499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тоқбай Альфия Абайқызы БҚБ-01202

Кітап жазбасына дейінгі кезең;

  • Жазбаша сөз кезеңі;

  • Техникалық құралдар кезеңі;

  • Компьютер кезеңі;

  • Ауқымды компьютерлік жүйе кезеңі-қазіргі заманымыз.

    Алғашқы жазба және де кітап басу құрылғыларының пайда болуы алғашқы ақпараттық төңкерісті жарыққа алып келді,ал жазбаша сөз кезеңі 500 жылға жуық созылған болатын.
    XX ғасыр технологиялық ақпарат құралдары саласы үшін ұлы жаңалықтардың ашылып және олардың оқу үрдісіне қолданысқа ену ғасыры болды.Соның ішінде,радио,кинематограф,фотосуреттер, дыбысты таспаға жазу, мұнан кейінгі телевизия, бейне құрылғылардың пайда болуы, әр кезеңдерде оқыту үдерісінде жаңа көптеген мүмкіндіктерге жол ашып отырды.
    XX ғасырдың 50-60 жылдарында білім беруде слайдтар, проекциялық аппараттар, киноайналымдар,оқу телебағдарламалары,лингофондық оқу бөлмелері, бақылаудың автоматтандырылған құрылғылары және өзге де құрылғылар қолданыстың кең аясында болды.Уақыт өте келе,қолмен басқарылатын құралдар пайда болып,одан бағдарламалы бейімделушілік оқу жүзеге асырылды.
    1970 жылдары таспалы магнитофон жарыққа шыққаннан бастап, әлемдегі оқу орындарында видео технологиясы пайда болып,әлі күнге дейін кеңінен қолданылып келеді.Осы сәттен бастап ақпараттық білім ауқымды түрде таратыла бастайды.
    Соңғы кезеңде шешімдерді қабылдауды қолдаудың жүйесі құрылды.Ол жүйелер басқарудың әр деңгeйлeрінe байланысты жасалған жасанды интeллeкт пен анализдің элeмeнттeрінен тұрады.Бұл дербес компьютерде іскe асырылып,тeлeкоммуникациялық байланысты қолданды.
    Әртүрлі сфераларда жергілікті компьютерлік желілер, телекоммуникациялық байланыстар кеңінен қолданыла бастады.Осыдан ақпараттық коммуникациялық технологиялар шықты.Олар көп уақыт өтпей жатып,қоғамда елеулі орын ала бастады.
    АКТ-ақпараттық коммуникациялық технологиялар.Бұл бірлесе коммуникациялық және ақпараттық үдерістерді іске асыруға арналған технологиялар.Ол ақпаратты талдау, іздеу,тарату,көрсету, анықтау,топтау, сақтау,өңдеу секілді әдістер мен үрдістердің жүзеге асыру жолдарының жиынтығы.
    Ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникациялық – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология - іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Ғалымдардың пікірінше АКТ-ны екі бөлікте сипаттайды: 1) компьютерлік бағдарламалар; 2) желілік қызмет. Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады,өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. [3]




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет