Жедел тыныс алу жетіспеушілігі.
Себептері:
1. Тыныс алу жетіспеушілігі орталық тыныс алудың функциясы бұзылғаннан пайда болады. Олар мыналар:
Тыныс алу орталығының наркотиктармен, барбитураттармен күйзелуі.
Тыныс алу орталығының метаболикалық заттармен бұзылуы (көмірқышқыл газы, толық қышқылдандырылмаған қышқылдар).
Тыныс алу орталығы инсультпен, бас ми жарақатымен, ми ісігімен және т.б. байланысты бұзылуы.
2. Торакодиафрагмальды тыныс алу жетіспеушілігі мына жағдайлардан кейін болады:
Кеуде жасушасының патологиясында (қабырғалдардың сынуы)
өкпе гемо-пневмоторакста қан, ауа болғанда.
3. Бронхтық-өкпелік тыныс алу жетіспеушілігі, өкпедегі және тыныс алу жолдарындағы патологиялық процессте болады:
Обструктивті (бөгде денелер, астматикалық статус, ісік, бронхиальы безджердің көп мөлшерде сөл бөлуі.
Реструктивті (жедел өкпе қабынуында, пневматоракс).
Диффузды (өкпенің токсикалық ісігі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы).
Клиникасы: Негізгі белгісі күшее бастаған ентігу, терісінде диффузды цианоз, тахикардия, қан қысымы көтеріледі, қозады. Тыныс алу жетіспеушілігі күшейген сайын терісі қызарып, склера коньюктива тамырларының (инъекциясы) қанталауы дамиды. Науқас тежеледі, брадикардия, қан қысымы төмендейді. Гиперкапниялық кома кезінде науқас есінен танады, арефлексия, мидриаз пайда болады. Қан қысымы өте төмен, аритмия байқалады. Дем алуы патологиялық түрде Чейна-Стокса, Биот. Одан кейін жүрегі тоқтап, өледі.
Жедел жәрдем:
1. Науқасты ыңғайлап отырғыз, таза ауамен бөлмені желдет.
2. Мүмкіндігінше ылғалдандырылған оттегімен ингаляция жаса.
3. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтір: ауыз қуысын салфеткамен, қол орамалмен тазала, жұтқыншақты кеңірдекті резеңке катетермен электроотсос арқылы, ол жоқ болса резеңке груша немесе Жане шприці арқылы тазала.
4. Бронхоспазма көк тамырға баяу 10 мл -2,4% эуфиллинмен 10 мл -0,9% натрий хлорид енгіз.
5. Ауыр жағдайда көк тамырға немесе бұлшық етке 60-90 мг преднизолон енгіз.
6. Тыныс алу тоқтағанда дереу ауызға немесе «мұрынға ауыз» немесе «ауызға ауыз» жасанды тыныс алу әдісін жаса. Бұндай науқастарды тез арада реанимация бөліміне жеткізу керек. Онда негізгі ауруды емдейді (өкпе қабынуында антибиотиктермен емдеу, астматикалық статусты жою, өкпе артериясының тромбоэмболиясында тромболиялық ем) жасанды өкпе вентиляциясы, гипербариялық оксигенация.
Достарыңызбен бөлісу: |