Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі



бет15/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Кардиогенді шок.
Себептері: Миокард инфарктісі. Миокардиттер. Миокардтың токсиндермен зақымдануы. Аритмиялар (жүректің ретсіз соғуы).
Клиникалық белгілері:
Қан қысымының бірден төмендеуі 80/30 мм сын.бағ., төмен, тері түсінің бозаруы, акроцианоз, суық жабысқақ тер басу, аяқ-қолдарының сууы. Ентікпе үдей түседі, тахикардия, олигурия, есі тежеледі, адинамия. Жүрек тұсында ауырсыну барлық сырқаттарда болмайды.
Жедел жәрдем:
1.Науқасты жатқызу.
2.Тіс протездерін алу, таза ауа жұтқызу.
3.Оттегін беру.
4.Науқасты реанимация бөліміне жеткізу, ЭКГ түсіру.
5.Ауырсыну синдромын басу (бір мезгілде).

1% -1мл мезатон көктамырға еңгізіп, эффект болмаса 0,2% -1 мл норадреналин гидротартраты 200-400 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе реополиглюкинмен көктамырға және тамыр соғысы жиілігін бақылау арқылы немесе 0,5% - 5 мл допаминді 200 мл -9% Na Cl ерітіндісінде көктамырға тамшылатып.


6.Сонымен қатар 120 мг преднизолон көктамырға, 0,05% - 0,5 мл строфантин ерітіндісін 20 мл -0,9% Na Cl ерітіндісіне қосып.
7.Дымқылдап оттегін беруді жалғастырыңыз.

Гипертензивті криз.
Себептері: Психоэмоциональді стресстер.
Сыртқы ортаның қолайсыз факторлары.
Алкогольді көп мөлшерде қабылдау.
Артериальды гипертензиямен ауыратын науқастардың гипертензивті препараттарды қолданбауы және басқалар.
Клиникасы:
І типті криз жедел дамиды. Бас ауру, бас айналу, лоқсу, құсу, көз алдында бұлдырау пайда болады. Науқас қозып, денесі қызып, дірілдеп, жүрегі қағып, ауырып, кейде шалыс соғады. Бет-мойын, кеуде терісінде қызыл дақтар пайда болады, терісі суланады. Тахикардия байқалады, қан қысымы көтеріледі, көбінесе систолалық (200 мм сын. бағ. одан жоғары), пульсті қысым төмендейді.
ІІ типті криз (гипокинетикалық) баяу дамиды. Жағдайы бірнеше сағатта немесе тәулікте нашарлайды. Біртіндеп бас ауруы күшееді: лоқсу, құсу, әлсіздік, көру, есту қабілетінің төмендеуі пайда болады. Пульсі қатайған. Қан қысымы өте көтеріңкі, әсіресе диасталолық (140-160 мм сын.бағ.).
Жедел көмек:
1.Науқасты ыңғайлап жатқызып, басын көтер.
2.Физикалық және психикалық тыныштық ұйымдастыру.
3.Қан қсымын өлше, пульсін, дем алу жиілігін сана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет