4.І типті гипертензивті кризде:
- 0,1% -5 мл обиздан ерітіндісін баяу;
- 0,9% -20мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға енгіз,
- 1% -5-10мл дибазол көк тамырға,
- 0,5% -2мл седуксен көк тамырға немесе бұлшық етке
- 0,25% - 2 мл дроперидол
5. ІІ типті гипертензивті кризде:
- 0,01% -2мл клофелин бұлшық етке
- 0,9% -20мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға;
- 2-4 мл лазикс немесе фуросемид;
- 2,5% 10мл магний сульфат;
- 0,5% -5мл новокаин бұлшық етке;
- 2,4% -10 мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға.
6. Қарт және жасы ұлғайған адамдардың асқынбаған кризде 0,15 – 0,3 г клофелинді және 0,04г фуросемидті ауыз арқылы беруден бастайды.
7. Қан қысымын алғашқыдан 25% -тен артық түсіру болмайды.
8.Шұғыл жәрдем көрсетілгеннен кейін бұл науқастарды жедел көмек көлігімен кардиологиялық бөлімшеге жеткізу керек.
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілігі, (Жүрек демікпесі, өкпе шемені).
Себептері:
Артериальді гипертензия.
Миокард инфарктісі.
Аритмиялар.
Жүрек ақаулары.
Миокардиттер, эндокардиттер.
Кардиосклероз.
Клиникасы: Тұншығу ұстамасы көбінесе түнде ұстайды. Дем алуы да, шығаруы да қиындайды. Өлім үрейі пайда болады. Науқастың жағдайы қолайсыз, аяғын түсіріп отырады. Терісі көгеріп, суық тер басады, тыныс алуы жиілейді. Қызғыл түсті қақырықпен жөтел пайда болады. Жүрек демікпесі ұзарып, өкпе шеменіне айналса, қызғылт түсті көпірген қақырық пайда болады. Пульсі жиілеген, қан қысымы себебіне қарай жоғары, қалыпты немесе төмен болуы мүмкін.
Жедел көмек:
1.Бұл жағдайда шұғыл интенсивті терапия жүргізу керек:
2.Науқасты аяғын түсіріп ыңғайлап отырғызу керек.
3.Ылғалданған оттегін беру.
4.Қан қысымын өлшеу, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақылау.
5.7-10 минут сайын тіл астына 1 таблетка нитроглицериннен беру.
Мүмкіндік болса 1% -3мл нитроглицеринді 0,9% -200 мл натрий хлорид ерітіндісімен өте баяу енгізу (Қ/Қ бақыла).
6.Жүрекке венозды қан келуін азайту үшін көк тамырға жылдам 2-4 мл лазикс (фурасемид) енгіз.
7.Наркотикалық анальгетиктер және нейролептоанальгезия
- 1%-1 мл морфин,
- 0,1% -0,5мл атропин,
- 0,9% -10мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға баяу енгіз (60 жастан асқан науқастарға морфиннің орнына 2% - 1мл промедол),
- 0,25% - 2-4мл дроперидолды 0,005% 1-2мл фенатилмен көк тамырға,
- 0,9% -10 мл натрий хлорид ерітіндісімен (ҚҚ бақыла).
8. 70 - 96% этил спирті немесе 10% антифомилан ерітіндісі арқылы оттегін мұрын арқылы катетермен беру.
9. Жүрек демікпесі мен өкпе домбығы гипотензия кезінде дамыса көмекті 4% -5мл допаминді 200 мл реополиглюкинда, 0,9% натрий хлорид, 5% глюкоза ерітіндісінде және 30-60 мг преднизолоннан баста, сонымен қатар нитраттар және қалыпты қан қысымындай шаралар жүргіз.
10. Егерде жүрек демікпесі немесе өкпе домбығы гипертензиті криз кезінде дамыса нейролептоанальгезия мен 4-6 мл лазикс енгізгеннен кейін 5%-1 мл петамиді, 0,9% - 20мл натрий хлорид ерітіндісімен өте баяу көк тамырға енгіз (коллапс дамуы мүмкін) немесе 0,01% - 1 мл клофелинді, 0,9% - 20 мл натрий хлорид ерітіндісін енгіз.
11. Көк тамырға нитроглицерин және жүрек гликозидтерін енгізуге болады: 0,05% - 0,3 -0,5 мл стофантин, 0,025% -1 мл дигоксинді (жүрек гликозидтерін миокард инфарктісінде, митральді стенозда, қарыншалық тахикардияда қолданбайды).
12.Өкпе домбығының ұстамасын басқаннан кейін науқасты терапиялық немесе кардиологиялық бөлімшеге жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |