нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны судья қаулысының негiзiнде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актiлерiн орындау үшiн көзделген тәртiппен кейiннен өткiзуден тұрады. Осындай затты өткiзуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегере отырып, меншiк иесiне бередi.
2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
50-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не
нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған
мүлiктi тәркiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз өндiрiп алудан тұрады.
Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне өндiрiп алынуға немесе жойылуға тиiс.
2. Тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркiлеудi судья қолданады және ол осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
51-бап. Арнаулы құқықтан айыру
1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.
2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.
3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
3-1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру мерзiмi алты айдан екi жылға дейiн болуы мүмкiн.
3-2. Алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйiнде көлiк құралдарын жүргiзгенi үшiн құқықтан айыру мерзiмi екi жылдан он жылға дейiн болуы мүмкiн.
4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
Ескерту. 51-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бiр
қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер
жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру,
оның iшiнде тiзiлiмнен алып тастау
Ескерту. 52-баптың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлердi, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
3. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
4. Кредиттiк бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз құзыреттерi шегiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
5. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн
немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата
тұру не оған тыйым салу
1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.
3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.
4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
5. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
6. Жеке меншiк тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
54-бап. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты
мәжбүрлеп бұзып тастау
Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу
1. Әкiмшiлiк қамауға алуды судья ерекше жағдайларда осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген шектерде қырық бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тағайындайды.
2. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.06.29 N 270, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
56-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк
жолмен кетiру
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiрудi судья осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген тәртiп пен негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы бөлiктiң ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, өзiне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 185-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе өтiнiш бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 N 131, өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
3) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 67, 68-баптарында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 57-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
58-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру
Осы Кодекстiң 461 (сегiзiншi бөлiгiнде), 461-1 (екiншi бөлiгiнде), 462 (төртiншi бөлiгiнде), 463 (төртiншi бөлiгiнде), 463-1 (үшiншi бөлiгiнде), 463-2 (төртiншi бөлiгiнде), 463-3 (төртiншi бөлiгiнде), 463-4 (төртiншi бөлiгiнде), 463-5 (үшiншi бөлiгiнде), 463-6 (екiншi бөлiгiнде), 463-7 (екiншi бөлiгiнде), 463-8 (екiншi бөлiгiнде), 464 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң аталған баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.
2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс.
3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.
Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
59-1-бап. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар
белгiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшi бойынша сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде адамның мiнез-құлқына осы Кодекстiң 79-1, 79-5, 111-1, 112, 332, 355-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
1) жәбiрленушiнi iздестiруге, iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға толық немесе жартылай тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
2. Құқық бұзушының мiнез-құлқына қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде профилактикалық әңгiмелесу өткiзу үшiн оған айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келу мiндеттерi жүктелуi мүмкiн.
Ескерту. Кодекс 59-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ
60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың
жалпы ережелерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.
61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
ауырлататын мән-жайлар
Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
Ескерту. 62-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған
кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда - отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.
3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.
Ескерту. 63-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506 Заңымен.
64-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды
өтеу
1. Судья мүлiктiк зиян келтiрген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, егер зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешумен бiр мезгiлде осындай зиянды өндiрiп алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
2. Өзге уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi адам оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздемелер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
65-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
66-бап. Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн
мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.
8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН
БОСАТУ
67-бап. Iс-әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне
байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
68-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда
әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.
Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк
Достарыңызбен бөлісу: |