Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет39/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48

               органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) (алып тасталды)
      2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 179-2,  184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы құқылы.
      3) (алынып тасталды)
       Ескерту. 571-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2005.10.21. N 80 , 2006.01.20.  N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),  2006.05.05. N 139 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27. N 315 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      571-1-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган

      1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары құқылы.
      Ескерту. 571-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 304 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi


                  жүзеге асыратын уәкiлеттi орган

      1. Банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, осы Кодекстiң 155-1-бабында (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 571-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң


                органдары

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (1-1, екiншi, үшiншi, 4-1, бесiншi, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169, 169-2, 180, 182, 187, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 572-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.28 N 398, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және


               қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (1, 1-1 және 1-2 бөлiктер), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгi), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы, он екiншi бөлiктер), 170-174, 175 (бiрiншi бөлiк), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197, 197-1, 198, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 573-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03 N 428 , жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2004.07.06 N 572 , 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      574-бап. Қазақстан Республикасының халықты


               әлеуметтiк қорғау органдары

      1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 88 (екiншi бөлiгiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бастықтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 574-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394 , 2003.12.05. N 506 , 2004.04.08. N  542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.27. N 315 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      574-1-бап. <*>

      Ескерту. 574-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен .

      575-бап. Шекара қызметiнiң органдары

      1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
      Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      2) (алынып тасталды)
      Ескерту. 575-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.03.02. N 131, 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары

      1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның
басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 576-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 Заңдарымен.

      576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың


                  айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
                  органдар

     1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 163 (бiрiншi, екiншi, бесiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде), 213 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 357-2-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
      Ескерту. 576-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi


                 қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң, тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.
     Ескерту. 576-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, 2007.03.26. N 240 Заңдарымен.

      576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк


                 органдары

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн) қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауiпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.
      Ескерту. 576-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      576-4-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

      1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 309-1 (бесiншi, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөлiктерiнде), 309-4 (төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 309-1 (бесiншi, алтыншы, тоғызыншы бөлiктерiнде), 309-4 (төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 576-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      576-5-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган


 
       1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 311-1 (бiрiншi-алтыншы бөлiктер), 357-2 (бiрiншi бөлiк) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 576-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      576-6-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган

      РҚАО-ның ескертпесi!
      1-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 357-2-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 576-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

       576-7-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган 357-2-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
       Ескерту. 576-7-бабымен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 157-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      576-8-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi


                  орган

      1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 204-1-бабында, 357-2-бабында (бiрiншi бөлiгi) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-8-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

      576-9-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган 147-10-бапта (бiрiншi, үшiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысы және оның орынбасарлары;
      2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-9-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      576-10-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган 147-10-бапта (тоғызыншы бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган басшысы және оның орынбасарлары;
      2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-10-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУ

33-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               жүргiзудiң мiндеттерi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

      578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудiң тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.


      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.

      579-бап. Өтiнiш жасау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.
      2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.
      3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.

      580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар

      1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:


      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы;
      5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;
      6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
      7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы;
      8) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемелердi салық есептiлiгi нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкелiп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.
       Ескерту. 580-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк


               беретiн мән-жайлар

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.

      582-бап. Прокурорлық қадағалау

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

      583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз
               ету жөнiндегi өкiлеттiгi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:


      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;
      2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;
      3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
      4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;
      5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
      6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
      7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
      2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет