Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет37/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48

                саласындағы уәкiлеттi орган

       1. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екiншi бөлiгiнде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда, бесiншi бөлiгiнде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
      соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
      Ескерту. 547-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      548-бап. Көлiк бақылау органдары

      1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 246 (бiрiншi бөлiгiнде), 247, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-1, 473-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Көлiк бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      осы Кодекстiң көлiк бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      247, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 459-460 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-1, 473-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 481 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - көлiктiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында көрсетiлген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi жиырма айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      Ескерту. 548-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы


                уәкiлеттi орган

      1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екiншi бөлiгiнде) (темiр жол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 441, 443 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 488-489-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 549-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.01.07 N 372, 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы


                   уәкiлеттi орган

       1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 494-1 (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
      Ескерту. 549-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 178-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары

      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      мемлекеттiк еңбек инспекторлары;
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары құқылы.
      Ескерту. 550-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      551-бап. Әдiлет органдары

      1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 551-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн


                  мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу
                  саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
      1) осы Кодекстiң 357-2-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн, - заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары;
      2) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 551-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      552-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар

      1. Көшi-қон жөнiндегi органдар (өз құзыретi шегiнде) осы Кодекстiң 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөнiндегi органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 552-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.03.02 N 131, 2007.07.06 N 276, 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      553-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi


                орган

      1. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 89, 175 (екiншi бөлiгiнде) (қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы, басқарма, бөлiм бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтiк құқықтық актiлердi орындамаумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 553-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

       554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi


                орган

       1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 175 (екiншi бөлiгiнде, шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-246 (бiрiншi бөлiгiнде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екiншi бөлiгiнде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 306-1 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзып жүргiзiлген сомада не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасында процентпен көрсетiлген айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргiзiлген сомада не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасында процентпен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 554-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.09 N 213 Заңдарымен.

      554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану


                 жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бiрiншi бөлiгiнде), 259-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттiк инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 554-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      555-бап. Кеден органдары

      1. Кеден органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалса, осы Кодекстiң 175 (екiншi бөлiгiнде), 220, 240 (бiрiншi бөлiгiнде), 247, 294 (бiрiншi бөлiгiнде), 323 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлiгiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, 6-1) бөлiктерiнде), 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-1, 470 (үшiншi бөлiгiнде), 477 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 555-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс


               министрлiгiнiң органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлiгiн қоспағанда), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшiншi бөлiгiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512-баптарында көзделген iстердi қарайды.


      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
      1) осы Кодекстiң 503, 505-512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары;
      2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi бөлiгiнде), 462 (бiрiншi бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бiрiншi бөлiгiнде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
     Ескерту. 556-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.05.22. N 255 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      557-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық


              қадағалауды жүзеге асыратын органдар

      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 281-1, 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көлiктегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2009.07.10. N 180-IV , 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      557-1-бап. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы


                 бұйымдар мен медициналық техника айналымы
                 саласындағы мемлекеттiк орган

      1. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 324-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 357-2-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыретi шегiнде қарайды.


      2. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.05.06. N 551 , өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы


                 бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган

      1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде осы Кодекстiң 85 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерi), 85-1 (бiрiншi бөлiгi), 85-2 (бiрiншi бөлiгi), 322 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 325 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның басшысы және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет