сот приставының, сот орындаушысының заңды
қызметiне кедергi жасау
1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттiк органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 522-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.
523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың
(лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау
Сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 524-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.
525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын
және өзге де заңды талабын орындамау
1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелсiз себептермен атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөнiндегi сот орындаушыларының қаулыларын және заңды талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрiнеу терiс, оның iшiнде борышкердiң табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 525-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22. N 147, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
526-бап. Алимент өндiрiп алынатын адамның жұмыс орны
мен тұрғылықты жерiнiң өзгергендiгi туралы
сот орындаушысына хабарламау
Сот қаулысы негiзiнде берiлген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу iсiн жүргiзетiн ұйымның лауазымды адамының дәлелсiз себептер бойынша бiр ай мерзiм iшiнде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтiн адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын
жоғалтқандығы үшiн жауапкершiлiгi
Ұйымның лауазымды адамының атқару үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
отыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар
мен басқа да органдардың қаулыларын орындауда
кедергi жасау
Жеке тұлғалардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөнiндегi әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту. 528-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.
529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер
жасау қатерiн төндiру
1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 529-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
530-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 530-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
531-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар
нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киiм
мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру
(пайдалану)
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiленiп, жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметтi жүзеге асырумен байланысты жасауы -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiленiп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 531-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
30-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк лауазымдағы адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуi, дер кезiнде бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесi!
532-бапты ескертумен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. 532-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
533-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 533-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
533-1-бап. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi
адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз
материалдық сыйақы алуы
1. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн оларды алуы, егер мұндай iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
Ескерту. Кодекс 533-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық
сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың, бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
Ескерту. 534-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
535-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер
алуы
Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 535-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi
туралы көрiнеу жалған ақпарат беру
Ескерту. 536-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 308 Заңымен.
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
мемлекеттiк органдар басшыларының шара
қолданбауы
Мемлекеттiк органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 537-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 315, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған
адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, –
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 537-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
3-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАНДАР
31-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
1-1) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
2) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
Ескерту. 538-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. (Алынып тасталды - 2005.10.21. N 80 Заңымен)
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
Ескерту. 539-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506, 2005.10.21 N 80, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
540-бап.
Ескерту. 540-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
32-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДIҢ ҚАЙДА
ҚАРАУҒА ЖАТАТЫНДЫҒЫ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ IСТЕРДI ҚАРАУ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI
541-бап. Cоттар
РҚАО-ның ескертпесi!
1-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)", 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi бөлiктерiнде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгiнде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
1-1. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 320 (екiншi бөлiгiнде), 331, 332 (үшiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 500-баптарында (екiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстiң 111, 111-1, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екiншi бөлiгiнде), 336 (1-1-бөлiгiнде), 336-3 (екiншi бөлiгiнде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстiң 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.
Ескерту. 541-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.28 N 398, 2003.06.03 N 428, 2003.07.02 N 451, 2003.07.03 N 464, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.12.05 N 506, 2004.05.06 N 551, 2004.07.06 N 572, 2004.12.09 N 10, 2005.04.13 N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 181 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 220 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.06.29 N 270, 2007.07.06 N 276, 2007.07.21 N 299, 2007.07.21 N 307, 2007.07.21 N 308, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 115-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 176-IV, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.07.10 N 178-IV, 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.16. N 186-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.04.29 № 272-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
542-бап.
Ескерту. 542-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 175 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi, автомобиль көлiгiмен және қалалық электр көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 328-1, 333, 334 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 364, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бiрiншi бөлiгiнде), 380-1, 387, 389, 390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi-үшiншi, төртiншi-сегiзiншi бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 463-1, 463-2, 463-3 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерiнде)-463-8, 464, 464-1 (үшiншi бөлiгiнде), 465 (бiрiншi бөлiгiнде), 466 (бiрiншi бөлiгiнде), 468 (үшiншi бөлiгiнде), 470, 471 (бiрiншi бөлiгiнде), 472, 473 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 474-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 334 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 380 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 396 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 131, 281-1, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (үшiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде), 461-1 (екiншi бөлiгiнде), 462 (төртiншi бөлiгiнде), 463 (төртiншi бөлiгiнде), 463-1 (үшiншi бөлiгiнде), 463-2 (төртiншi бөлiгiнде), 463-3 (төртiншi бөлiгiнде), 463-4 (төртiншi бөлiгiнде), 463-5 (үшiншi бөлiгiнде), 463-6 (екiншi бөлiгiнде), 463-7 (екiншi бөлiгiнде), 463-8 (екiншi бөлiгiнде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 464-1 (үшiншi бөлiгiнде), 468 (үшiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 471 (бiрiншi бөлiгiнде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары жол полициясы комитетiнiң төрағасы, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық электр көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-жетiншi бөлiктерiнде), 461-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 462 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 463-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463-2 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 463-3 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 463-4 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 463-5 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463-6 (бiрiншi бөлiгiнде), 463-7 (бiрiншi бөлiгiнде), 463-8 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 473 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) Алынып тасталды - ҚР 2007.03.26 N 240 Заңымен.
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
12) осы Кодекстiң 377, 380 (бiрiншi бөлiгiнде), 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Ескерту. 543-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.06.03 N 428, 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 N 240, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 176-IV, 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.29 № 272-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
544-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары осы Кодекстiң 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк өртке қарсы қызметi аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 544-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
545-бап. <*>
Ескерту. 545-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
546-бап.
Ескерту. 546-бап алынып тасталды - ҚР 2003.12.05 N 506 Заңымен.
547-бап. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу
Достарыңызбен бөлісу: |