Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"



бет2/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

               объектiлерi

      Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.

      20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi

      1. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.


      2. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң


               айналымдық қабiлетi

      Осы Кодекстiң 7-бабының 2-тармағында аталған жерлердi қоспағанда, су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.



2-Бөлiм. Су объектiлерiн пайдалану құқығы.
Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы және
өзге де құқықтар

3-тарау. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

      22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

      1. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша табыстайды.
      2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:
      1) қысқа мерзiмдi пайдалану;
      2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.
      3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
      4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      23-бап. Су сервитуты

      1. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.
      2. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      3. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектiсiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.
      4. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.
      5. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негiздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.
      6. Қауымдық және жеке су сервитуттары:
      1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
      2) суат және мал айдау;
      3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.
      7. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк
құқығы және өзге де құқықтар

      24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

      1. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.
      2. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

      25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар


               су шаруашылығы құрылыстары

      1. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды.


      2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының  тiзбесiнҚазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

      26-бап. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы


               құрылыстары

      Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi.


      Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.

      27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы


               құрылыстары

      Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.

      28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

      1. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.


      2. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады.
      Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
      3. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.
      Ескерту. 28-баптың тақырыбына орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет


               көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

      1. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.


      2. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.

      30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша


               мемлекеттiк басқару

      1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн.


      2. Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және


               олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу

      1. Су шаруашылығы құрылыстарына және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.


      2. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.

      32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын


               меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

      1. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.


      2. Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн қадағалауды су қорын пайдалану және қорғау, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  3-Бөлiм. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу



5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару

      33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау


              және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару

      Ескерту. 3-бөлiмнiң, 5-тараудың, 33-баптың тақырыбтарына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
      2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:
      1) мемлекетаралық
      2) мемлекеттiк;
      3) бассейндiк;
      4) аумақтық.
      3. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),   2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.

      34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау


              және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың
              негiзгi принциптерi

      Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:


      1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
      2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;
      3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;
      4) бассейндiк басқару;
      5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 34-бапқа және тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау


              және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың
              негiзгi мiндеттерi

      Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:


      1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елдi мекендердi сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйiн талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
      2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;
      3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;
      5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;
      6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;
      7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау;
      8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;
      9) мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;
      10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;
      11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару;
      12) жердi гидромелиорациялау жөнiндегi салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
      13) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      14) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының жай-күйiн, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бақылау.
      Ескерту. 35-бапқа және тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. Мемлекеттiк органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыретi

      Ескерту. 6-тараудың және 36-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын
              пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су
              бұру саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:


      1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      1-1) елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiтедi;
      1-2) елдi мекендердiң су бұру жүйелерiне сарқынды суларды қабылдау ережесiн бекiтедi;
      2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;
      3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi;
      6) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
      7) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
      8) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн белгiлейдi;
      9) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi;
      10) алып тасталды
      11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу  ережелерiнбекiтедi;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
      12-1) аумақтық суларда (теңiзде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, iздестiру және кәсiпшiлiк жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      13) алып тасталды
      14) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
      15) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатты беру, оның қолданысын тоқтата тұру тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      37-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы


               уәкiлеттi органның құзыретi

      1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      2) экономиканың су секторын дамыту, оның iшiнде жердi гидромелиорациялау бағдарламаларын әзiрлейдi;
      3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;
      3-1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң өлшемдерiн бекiтедi;
      3-2) елдi мекендердiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн әзiрлейдi;
      3-3) елдi мекендердiң су бұру жүйелерiне сарқынды суларды қабылдау ережесiн әзiрлейдi;
      3-4) елдi мекендердiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн техникалық пайдалану ережесiн бекiтедi;
      4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi;
      5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi;
      5-1) салық органына ұсынғанға дейiн жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем бойынша салық есептiлiгiн растайды;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады;
      7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;
      7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдер есебiнiң әдiстемесiн бекiтедi;
      8) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi;
      9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      10) алып тасталды
      11) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
      13) су объектiлерiн пайдалану және республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң режимiн, сондай-ақ тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн бекiтедi;
      14) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
      15) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөнiндегi жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзу жобаларын келiседi;
      16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;
      19) алып тасталды
      20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
      21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;
      22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi;
      23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;
      24) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мониторингi мен мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады;
      25) судың бастапқы есебiнiң ережелерiн бекiтедi;
      26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ паспорт нысанын белгiлейдi.
      2. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.09 N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


             астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су
             қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және
             су бұру саласындағы құзыретi

      Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
      1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;
      2) алып тасталды
      3) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi;
      5) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтедi.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет