Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"



бет7/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

               құру және тоқтату

      1. Гидромелиорациялық кондоминиум екi және одан көп жер пайдаланушыларға немесе жер учаскелерi меншiктенушiлерiне тиесiлi бiр суару каналында немесе оның бөлiгiнде орналасқан суармалы алқаптарының жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн.


      2. Жер учаскелерiне заттық құқық иелерiнiң әрқайсысы өз қалауы бойынша гидромелиорациялық кондоминиумға өзiнiң қатысу-қатыспауына қарамастан жер учаскесiне өз құқығын iске асыруға құқылы.
      Гидромелиорациялық кондоминиумның құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жер учаскелерi бұру белдеулерiне жатады және ортақ үлестiк меншiк құқығында гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушыларға тиесiлi болады.
      3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi осы қатысушы құқығын иеленген суармалы жер учаскесiнiң бүкiл суару алқабының жалпы алаңына қатынасымен айқындалады. Гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi мұндай үлестi заттай түрде бөлуге болмайды (мiнсiз үлес).
      4. Гидромелиорациялық кондоминиумның барлық қатысушыларының келiсiмiнде ортақ мүлiктегi үлестiң мөлшерi айқындалмауы мүмкiн, бұл жағдайда гидромелиорациялық кондоминиумның мүлкi үлестi бөлiнуге жатпайтын ортақ меншiкте болады.
      5. Суармалы жер учаскесiне заттық құқығының (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығының тоқтатылуын қоспағанда) басқа тұлғаға ауысуы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi үлестiң де алушыға ауысуына әкеп соғады.
      6. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi өз үлесiн суармалы жер учаскесiне құқығынан бөлек иелiктен айыруға құқылы емес.
      7. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкi оның барлық қатысушыларының келiсуiмен кепiл ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
      8. Бiр гидромелиорациялық кондоминиум қызмет көрсететiн барлық суармалы жер учаскелерiне заттық құқығы (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығын қоспағанда) және гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiне меншiк құқығы бiр тұлғаға ауысқан жағдайда гидромелиорациялық кондоминиум жойылуы мүмкiн.

      98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум


               объектiсiн тiркеу

      1. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы заңдарына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.


      2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға


               қатысушылардың құқықтары

      1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.


      2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртiбi қатысушылардың келiсiмiмен айқындалады.
      Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.
      3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.

      100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға


                қатысушылардың мiндеттерi

      1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:


      1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
      2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.

      101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға


                қатысу ерекшелiктерi

      1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.


      2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.
      3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.
      4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.

      102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум


                объектiсiн басқару

      1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.


      2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келiсiмiмен айқындалады.

19-тарау. Су объектiлерiн және су шаруашылығы
құрылыстарын өнеркәсiп пен энергетика
үшiн пайдалану

      103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу
                энергетикасы үшiн пайдалану

      1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.


      2. Өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдары айналымдық сумен жабдықталымға ие болуға мiндеттi. Айналымдық сумен жабдықталымы жоқ ұйымдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықталымға көшу жоспарын беруге мiндеттi.
      3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен iлеспе өндiрiлген сулар (шахта, карьер, кенiш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.
      5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша белгiленедi.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетикасы кәсiпорындарының су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.
      Ескерту. 103-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

      1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.


      2. Су объектiлерiндегi гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:
      1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;
      2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелерiндегi балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;
      3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;
      4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.
      Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңымен.

20-тарау. Су объектiлерiн және су шаруашылығы
құрылыстарын көлiк, ағаш ағызу және өртке
қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

      105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу
                үшiн пайдалану

      1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.


      2. Кеме қатынасы, әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы үшiн ашық кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн бекiтудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
      4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
      1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
      3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
      4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
      5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
      Ескерту. 105-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар
                үшiн пайдалану

      1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.


      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.
      3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.
      4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқcaттap үшiн пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 106-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

21-тарау. Су объектiлерiн және су шаруашылығы
құрылыстарын балық және аңшылық
шаруашылықтарын жүргiзу үшiн пайдалану

      107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және
                балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

      1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшiн (соның iшiнде кәсiпшiлiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерi балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен балық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн.


      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.
      3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:
      1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;
      2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
      4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.
      Ескерту. 107-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы


                құрылыстарын аңшылық шаруашылығын
                жүргiзу үшiн пайдалану

      1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.


      2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын, сондай-ақ су объектiлерiнiң акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажеттi гидрологиялық режимiнiң сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
      3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.
      Ескерту. 108-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда
су қоймалары мен тежеуiш гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану

      109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су


                объектiлерiн пайдалану

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

      110-бап. Су қоймаларын пайдалану

      1. Су қоймалары жер үстiндегi ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.


      2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
      4. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.
      5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткiзу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
      6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.

      111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш


                гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

      1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.


      2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 111-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

7-Бөлiм. Су объектiлерiн қорғау және судың
зиянды әсерiне қарсы күресу

23-тарау. Су қорғау қызметi

      112-бап. Су объектiлерiн қорғау

      1. Су объектiлерi:
      1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
      2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
      3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
      2. Су объектiлерi:
      1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
      2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
      3) балық қорлары мен басқа да су жануарларының азаюын;
      4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
      5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
      6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
      7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
      3. Су объектiлерiн қорғау:
      1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
      2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
      3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
      4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
      5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттiк және басқа да нысандарын жүргiзу;
      6) су объектiлерiн қорғау жөнiндегi талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
      5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау

      1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
      2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
      3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
      1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi;
      2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
      3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
      4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
      5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.

      114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау

      1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
      2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
      3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.

      115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау

      1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
      2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
      1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
      2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
      3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
      3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiледi.

      116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет