талаптар
1. Су шаруашылығы ұйымдары табиғи монополия субъектiлерi болып табылады және өз қызметiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, ұйымның жарғысына және тараптардың шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Су шаруашылығы ұйымдары:
1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
2) шартқа сәйкес су пайдаланушыларды белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етуге;
3) су пайдаланушылармен келiсiм бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптарын орнатуға;
4) су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолдануға;
5) гидромелиорациялық жүйенiң, су шаруашылығы құрылысының паспортына ие болуға мiндеттi.
Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк нормалау
Ескерту. 15-тараудың және 81-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
және су бұру саласындағы нормалау
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық және сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дәл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi әрi өндiрiстiк және өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
82-бап. Су пайдалану лимиттерi
1. Өзен бассейндерi бойынша су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар мен су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi негiзiнде белгiленедi және оларды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
2. Су пайдалану лимиттерiн уәкiлеттi орган жылдың сулылығын, су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн ескере отырып, жыл сайын нақтылайды.
Барлық су пайдаланушылар үшiн айлар бойынша лимиттердi бөлудi олардың мәлiмдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттiлiктерiнiң негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Су шаруашылығының жағдайы, су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi өзгерген жағдайда су пайдалану лимиттерi қайта қаралуға тиiс.
Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық
және метрологиялық қамтамасыз ету
1. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк стандарттарды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн қамтиды.
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi
зиянды әсерлер нормативтерi
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
және су бұру саласындағы стандарттау мен
сертификаттау
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекiтiледi және тiркеледi.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
Ескерту. 85-бапқа және тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн
қысқарту жөнiндегi талаптар
1. Су объектiлерiнен су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.
2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптарға:
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесiндегi шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгiзу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
3. Мемлекеттiк органдар, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар cудың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға және су пайдалану көлемдерiн қысқарту мақсатымен кемiнде бес жылда бiр рет экономиканың барлық салаларындағы әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарауға мiндеттi.
Ескерту. 86-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптарды әзiрлейдi, олар:
1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;
3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;
4) тұтынылатын судың нормативтерi мен мемлекеттiк стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.
Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн
құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
1. Мыналарды:
1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке aлу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;
2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;
3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;
4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды
суды ағызу үшiн пайдалану
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2. Ағынды суды жер үстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазартылған жағдайда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатымен жол берiледi.
3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Ерекше бөлiк
6-Бөлiм. Су объектiлерi мен су шаруашылығы
құрылыстарын пайдалану
16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы
құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық-
тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану
1. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген мемлекеттiк стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
3. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндiгi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
6. Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады.
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
Ескерту. 90-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
1. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желiсi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi су сапасының белгiленген мемлекеттiк стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 91-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен
және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппеноны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы.
Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.
2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 92-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-тарау. Су объектiлерiн сауықтыру және
рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалану
93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су
объектiлерiн пайдалану
1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша:
1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 93-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы
құрылыстарын рекреациялық мақсаттар
үшiн пайдалану
1. Әлеуеттi мақсатты қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.
2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмiрiнiң қауiпсiздiгiн сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
3. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары рұқсат бepeдi.
Ескерту. 94-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
18-тарау. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын
ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы
құрылыстарын ауыл шаруашылығының
мұқтаждары үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткiзу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.
3. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатымен ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғаларда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болуға мiндеттi.
4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi.
6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртiбiмен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.
7. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттiк мекемелер жүргiзедi.
8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.
Ескерту. 95-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
95-1-бап. Жердi гидромелиорациялау
1. Жердi гидромелиорациялау жай-күйi судың әсерiне байланысты құрғақшылық, эрозияға ұшыраған, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды, шайылған және басқа да жерлердi түбегейлi жақсартуды қамтамасыз ететiн мелиорациялық iс-шаралар кешенiн бiлдiредi.
Жердi гидромелиорациялау гидромелиорациялық жүйелердiң, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен суды көтеру, беру, бөлу және бұру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру арқылы мелиорацияланатын жерлерде топырақтың су, ауа, жылу және қоректiк режимдерiн реттеуге бағытталған.
2. Жердi гидромелиорациялау түрлерiне жердi суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.
Ескерту. 95-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум
Гидромелиорациялық кондоминиум - бiртұтас мүлiктiк кешен (бұдан әрi - гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi) ретiнде жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелерiне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелiгiнде, ал гидромелиорациялық жүйе немесе оның элементтерi ортақ үлестiк меншiк құқығында олардың иелiгiнде болады.
97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды
Достарыңызбен бөлісу: |