Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


құрылыстарының су қорғау аймақтары



бет8/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

                құрылыстарының су қорғау аймақтары
                мен белдеулерi

      1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.


      2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарымен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлiп бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.
      3. Су қорғау аймақтары мен жағалаудағы қорғау белдеулерiнде орналасқан ормандарда негiзгi пайдаланудағы ағаш кесудi жүзеге асыруға тыйым салынады. Су объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ететiн аралық пайдаланудағы ағаш кесудi және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуге рұқсат етiледi.
      4. Су қорғау аймақтарының ормандарын пайдалануға беру Қазақстан Республикасының орман және су заңдарына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 116-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары

      1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.
      2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 117-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      118-бап. Су объектiлерiндегi төтенше экологиялық


                жағдай немесе экологиялық апат аймақтары

      1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерiстер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.


      2. Cу объектiлерiндегi немесе өзен бассейндерiндегi және жер асты су көздерiндегi төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды.

      119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi


                жер учаскелерiн уақытша пайдалануға беру
                және олардың пайдаланылуын бақылау

      1. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.


      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

      1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
      2. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.
      3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.
      4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиiс.
      5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
      6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.
      7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cу пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.
      8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
      9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

24-тарау. Шағын су объектiлерi және
оларды қорғау ерекшелiктерi

      121-бап. Шағын су объектiлерi

      1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
      тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi;
      өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
      2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртiбiмен пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.

      122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

      1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
      2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.
      3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Ескерту. 122-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

25-тарау. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу
және оларды жою

      123-бап. Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды


                тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын
                алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттерi

      Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:


      су тасу, су басу, топан су басу;
      жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;
      жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;
      топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

      124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды


                жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi

      1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елдi мекендердi, өнеркәсiп объектiлерiн, ауыл шаруашылығы жерлерiн, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi алдын алу iс-шаралары мен ағымдағы iс-шараларды жоспарлауға және жүргiзуге мiндеттi. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi алдын алу iс-шаралары мен ағымдағы iс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.


      Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi су шаруашылығы iс-шараларын өткiзу кезiнде:
      1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн сақтауға;
      2) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң нашарлап кетуiнiң жай-күйiн жүйелi түрде талдауға;
      3) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргiзуге;
      4) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтердi құруға;
      5) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелердi үнемi дайындықта ұстауға мiндеттi.
      2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

26-тарау. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу тәртiбi

      125-бап. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен


                белдеулерiнде кәсiпорындарды, объектiлердi және
                басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау,
                салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру
                шарттары

      1. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру шарттары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiнде - төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен, кеме қатынасына жатқызылғандарында - су көлiгi органдарымен келiсiледi.


      2. Жаңадан құрылатын және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды жобалау және салу кезiнде, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзу кезiнде техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерiн жасауды көздеу қажет.
      3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды қайта бейiмдеу, консервациялау және тарату су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қоршаған ортаға әсердi, анықталған заң бұзушылықтардың жойылуын және келтiрiлген зиянның өтелуiн бағалай отырып жүргiзiледi.
      4. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу жобалары су объектiлерiн демалыс пен спорт үшiн пайдалану мүмкiндiктерiн ескере отырып жасалады.
      5. Cу объектiлерi арқылы коммуникациялар салу жобалары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады және тасқын сулар өткiзудi, су объектiлерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жүргiзiлуiн көздеуге тиiс.
      6. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде құрылыс салуға бөлiнген жердi қайта өңдеу, аумақтарды абаттау және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылуға тиiс.
      Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау


                аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

      1. Су объектiлерiндегi немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келiсiм бойынша жүргiзiледi.


      2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртiбi су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.
      Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

8-Бөлiм. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су
объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi
құқықтық реттеу ерекшелiктерi

27-тарау. Ерекше мемлекеттiк маңызы
бар су объектiлерi

      127-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң
                құқықтық режимi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:


      1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
      2) табиғи су кешенiнiң су объектiлерiндегi судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;
      3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;
      4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;
      5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;
      6) балық ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;
      7) рекреациялық кешендi дамыту;
      8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртiбiн нығайту.

      128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:


      1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;
      2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;
      3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;
      4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;
      5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;
      6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;
      7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.
      Ескерту. 128-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      129-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерi аймағындағы шаруашылық
                қызметке қойылатын талаптар

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:


      1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;
      2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;
      3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.

      130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi


                аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:


      1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;
      2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;
      3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;
      4) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.

      131-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi


                аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге
                мемлекеттiң қатысуы

      1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.
      2. Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкiн.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-Бөлiм. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудiң экономикалық тетiгi

      Ескерту. 9-бөлiмнiң тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



28-тарау. Су пайдалануды реттеудiң
экономикалық әдiстерi

      132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау


               және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң
               түрлерi

      Ескерту. 132-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
      1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
      2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру бағдарламаларын әзiрлеу және қаржыландыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгiзуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
      4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
      Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

      1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет