Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және



бет4/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

                мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және
                жүргiзудiң тәртiбi

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыру, жоспарлау, өзара iс-қимыл жасау және үйлестiру мақсатында осы Кодекстiң 49-бабында аталған мемлекеттiк органдардың аумақтық органдары тиiстi бассейннiң су шаруашылық басқармаларымен бiрлесiп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауы бойынша тексерулер жүргiзудiң жылдық жоспарларын әзiрлейдi. Қажет болған кезде тексеру жүргiзудiң жоспарлары түзетiледi.


      Бiр жылға арналған тексерулердiң келiсiлген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейiн бекiтуге берiледi.
      Бiр жылға арнап бекiтiлген тексерулердiң келiсiлген жоспары жоспарлы тексерулердi жүргiзуге негiз болып табылады.
      2. Су қорғау iс-шараларын әзiрлеу және сақтау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуды ұйымдастыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) оларды бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатысуға тартады;
      2) бассейндiк кеңестердiң мәжiлiстерiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзектi мәселелердi қарайды.
      Мемлекеттiк бақылау су объектiлерiн пайдалануға, су қорының мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзуге байланысты схемалар мен жобаларды дайындау кезiнде де жүзеге асырылады.
      3. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрлескен кешендi тексерулердi жоспарлауы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленбеген тексерулердiң өзге де түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      5. Тексеру бақылаушы орган шығаратын тексеру тағайындау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудiң алдында уәкiлеттi орган шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау туралы актi шығарады.
      6. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерудi тағайындау туралы актiнi тексеру жүргiзушi лауазымды адам дара кәсiпкерге, заңды тұлғаның (филиалының немесе өкiлдiгiнiң) басшысына немесе өзге де лауазымды адамына, қызметтiк куәлiктi көрсете отырып табыс етедi.
      Тексерудi су заңнамасының сақталуына тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адамдар (тұлғалар) ғана жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы бiр актiнiң негiзiнде тек бiр ғана тексеру жүргiзуге болады.
      7. Жеке және заңды тұлғаларды тексерудi уәкiлеттi орган мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексеру актiсiн жасай отырып жүргiзедi.
      Тексеру актiсi тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсi өкiлiнiң қатысуымен жасалуға тиiс.
      Тексеру актiсiнiң кiрiспесiнде тексерiлетiн объектiнiң негiзгi сипаттамалары, шаруашылық қызметiнiң түрi, рұқсат, нормалау және өзге де құжаттарының болуы, бөлiнген лимиттер көлемi, алынған судың және ағызылған ағынды судың көлемi, су қорғау iс-шараларының бар болуы және олардың орындалу барысы, айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйесiнiң болуы мен оның көлемi және басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      Жоғарыда атап көрсетiлген деректер жазылғаннан кейiн тексеру актiсiнде анықталған Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтар тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердiң баптарына сiлтеме жасала отырып көрсетiледi.
      Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын


                бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау

      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау мен жою және кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту шараларын қабылдайды.


      Тексеру барысында Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, тексеру актiсiнiң негiзiнде мемлекеттiк инспектор (оған берiлген құқықтар шегiнде) бұзушылықтың ауырлығына қарай бұзушыға бiр немесе бiр уақытта бiрнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешiм қабылдайды:
      1) су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау ережелерiнiң анықталған бұзушылықтарын жою жөнiнде нұсқама шығарады;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
      3) әкiмшiлiк жазаға тарту туралы қаулы шығарады;
      4) кiнәлi тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қояды;
      5) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына тиiстi материалдарды жiбередi.
      Ескерту. 49-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында


                мемлекеттiк бақылаудың мерзiмдерi мен
                кезеңдiлiгi

      Тексерудiң ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер (сынақтар), тексерудiң көлемдiлiгiне, сараптамалар жүргiзу қажеттiгiне байланысты ерекше жағдайларда уәкiлеттi органның басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру жүргiзудiң мерзiмдерiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауға тиiс.


      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi орган хабардар етiле отырып, тексерудi тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы тексеру белгiлi бiр уақыт кезеңiне не белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкiн. Белгiсiз уақытқа уақытша тоқтатылған тексерудi уәкiлеттi орган құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта бастайды. Тексеру жүргiзудiң мерзiмiн есептеу оны қайта бастаған күннен бастап жалғастырылады.
      Ескерту. 49-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
               адамдар

      1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады:


      Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;
      тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейн басқармасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары және тиiстi бассейн басқармасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары.
      2. (алып тасталды - 2007.07.27. N 315)
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдар cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру  үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiленген үлгiдегi тиiстi қызметтiк куәлiкпен, омырауға тағатын белгiмен, техникалық құралдармен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдардың құқықтары

       1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:


      1) мемлекеттiк органдарға, жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға олар үшiн Қазақстан Республикасы су заңдары нормаларының орындалуы мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген көлемдерде, коллекторлық-сорғыту және ағынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiнде тиiстi шаралар жүргiзуге және су ресурстары мен ағынды сулардың сапасын зертханалық бақылауды ұйымдастыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      3) нұсқамалар негiзiнде қызметтiк куәлiгiн көрсете отырып ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде зертханалық талдау деректерiн алуға;
      5) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
      6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;
      7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
      8) алып тасталды
      2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оған жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдардың мiндеттерi

      Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:


      1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;
      3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;
      4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
      5) алып тасталды
      Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау


               саласындағы өндiрiстiк бақылау

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн судың бастапқы есебiнiң ережелерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi.
      3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аттестатталған су есебiн жүргiзу аспаптарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау


               саласындағы мемлекеттiк сараптама

      1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:


      1) су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама;
      2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және қайта жаңғыртуға, пайдалануға, консервациялауға және таратуға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама;
      3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптама;
      4) су шаруашылығы және өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлардың талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптама;
      5) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар.
      2. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама осы қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн және қабылданатын басқару және шаруашылық шешiмдерiн бағалау үшiн жүзеге асырылады. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама мiндеттi болып табылады.
      3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және қайта жаңғыртуға, пайдалануға, консервациялауға және таратуға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бастапқы деректерге, нормативтiк құжаттардың техникалық шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн тексеру мақсатымен жүзеге асырылады.
      4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптаманы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Су шаруашылығы объектiлерi мен өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптаманы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.
      7. Мемлекеттiк сараптаманы жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн талаптар

      55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын
               пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      Ескерту. 55-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
      2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, қайта жаңғырту, пайдалану, консервациялау, тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.     

      56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың


               ағызылуын азайту жөнiндегi талаптар

      1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.


      2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткiзу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.
      3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, су объектiсiнiң әрбiр бассейнi үшiн судың жай-күйi мен сапа өлшемдерiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеуге мiндеттi.
      4. Бассейн iшiндегi су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезеңдеп көшу мерзiмдерiн бассейндiк басқармалар мен жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекiткен әдiстеменiң негiзiнде белгiлейдi.

      57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны


               қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн
               кешендi су жiберудi негiздеу

      1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.


      2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.
      3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
      4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.
      5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсiндегi судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-тарау. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк
есепке алу, мемлекеттiк су кадастры, су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк
               есепке алу

      1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.


      2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
      3. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.

      59-бап. Мемлекеттiк су кадастры

      1. Мемлекеттiк су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
      2. Мемлекеттiк су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттiк есепке алу деректерiне негiзделедi.
      3. Мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзудi су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.
      5. Су пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.
      6. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi

      1. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      2. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.
      3. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.

      61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет