Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу



бет9/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

               бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

      1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға,  жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.


      2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
      3. Су беру жөнiндегi қызметтер үшiн ақы төлеу тәртiбi мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
      Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),   2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.

      135-бап. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың


                түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану
                мен қорғау жөнiндегi инвестициялық
                саясаттың принциптерi

      1. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерi:


      1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiн ұстау;
      2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi шығындарды қаржыландыру;
      3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды  қаржыландыру;
      4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
      5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзiп беру және  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
      7) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру;
      8) суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау жөнiндегi шығындарды қаржыландыру болып табылады.
      2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлердi мелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгi жөнiндегi инвестициялық саясаттың негiзгi принциптерi:
      1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттiк қолдау;
      2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;
      3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;
      4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттiк бақылау болып табылады.
      3. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарын жою жөнiндегi инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 135-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау


                саласындағы сақтандыру

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.


      2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келiсiмдермен айқындалады.

10-Бөлiм. Су даулары және Қазақстан Республикасының
Су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

29-тарау. Су дауларын шешу

      137-бап. Су даулары

      1. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады.
      2. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi.
      Ескерту. 137-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су


                шаруашылығы құрылыстарын қайтару

      Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиян өтелiп, иесiне қайтарылады. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерiн қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.



30-тарау. Қазақстан Республикасының
су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      139-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


                заң бұзушылықтар

      Ескерту. 139-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.


      Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-Бөлiм. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану
және қорғау

      141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                негiзгi бағыттары

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:


      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;
      2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;
      3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;
      4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, бағдарламаларды, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.

      142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                принциптерi

      Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:


      1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;
      2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
      3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;
      4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;
      5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;
      6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөнiндегi сақтық шараларын қамтамасыз ету;
      7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.

      143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың
                тетiгi

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:


      1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге acыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;
      2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;
      3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөнiндегi шараларды;
      4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;
      5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;
      6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;
      7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;
      8) трансшекаралық өзендердiң бассейндерiндегi су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;
      9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;
      10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;
      11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөнiндегi мемлекетаралық орган құруды;
      12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;
      13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;
      14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.

      144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                экономикалық негiзi

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:


      1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;
      2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;
      3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөнiндегi су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;
      4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекiтiлген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.

      145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу

      1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар iзгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.


      2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.

32-тарау. Қорытынды ереже

      146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су  кодексi(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 150-құжaт).

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет