Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


жабдықтауды және су бұруды ғылыми және



бет5/9
Дата16.06.2016
өлшемі454 Kb.
#138652
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

              жабдықтауды және су бұруды ғылыми және
              инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

      Ескерту. 61-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;
      2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;
      3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;
      4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
      5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.
      2. алып тасталды
      3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:
      1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;
      2) жалпы ұлттық сипаты бар инновациялық су шаруашылығы мен су қорғау бағдарламалары үшiн тiкелей мемлекеттiк инвестициялар бөлу арқылы мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiледi.
      4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.
      5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.
      6. алып тасталды
      Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
жеке тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi және
қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi

      62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау


               саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жеке тұлғалардың:


      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;
      3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге және оған қатысуға;
      4) әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.
      2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.

      63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану


               мен қорғау саласындағы қызметi

      1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.
      3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.
      4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып айқындайды.

4-Бөлiм. Су пайдалану

13-тарау. Су пайдалану құқығы

      64-бап. Су пайдалану түрлерi, су пайдалану


               құқығының туындауы

      1. Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бiрлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлiнедi.


      2. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшiн ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды.
      3. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап туындайды.
      Ескерту. 64-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      65-бап. Ортақ су пайдалану

      1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
      2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсат талап етiлмейдi.
      3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
      4. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
      Ескерту. 65-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      66-бап. Арнайы су пайдалану



      1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, энергетиканың, балық шаруашылығының және көлiктiң суға деген қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн, сондай-ақ өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшiн мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
      суды жер үстi және теңiз суларынан механикалық және өз бетiмен ағызу жолымен алу жөнiндегi стационарлық, жылжымалы және жүзбелi құрылыстарды;
      жер үстi және теңiз суларына өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
      ағынды суларды суармалау, булану, сүзгiлеу алқаптарына және жергiлiктi рельефке бұруға арналған құрылыстарды;
      бөгеттердi және басқа да суды тежейтiн және суды реттейтiн құрылыстарды (оның iшiнде уақытша бөгеу құрылыстарын);
      гидравликалық электр станцияларын;
      сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
      суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерiн;
      жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшiн, оның iшiнде жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн құрғату, су деңгейiн төмендету және табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзу үшiн сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
      ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар);
      шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшiн пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
      су деңгейiн мәжбүрлi төмендетпей жұмыс iстейтiн, жер асты суларын алуға арналған өздiгiнен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерiн және басқа да шағын құрылыстарды;
      өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерiтiндiлердi жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сiңiргiш ұңғылар мен құдықтарды;
      көмiрсутегi шикiзатын өндiру кезiнде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезiнде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;
      судың жай-күйiне әсер ететiн басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тiкелей су объектiсiнен алып немесе алмай, жер үстi және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
      2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негiзiнде сонда айқындалған мақсаттар үшiн ғана жүзеге асырады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге тиiс.
      3. Жер қойнауы бөлiгiнен алу лимитi тәулiгiне елуден екi мың текше метрге дейiнгi шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын пайдалану арнайы су пайдалануға берiлетiн рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi құбырлы сүзгiлi құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектiң бiрiншi беткейiнен барлық жағдайда деңгейiн мәжбүрлi төмендетпей тәулiгiне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс iстейтiн шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етiлмейдi.
      5. Заңды тұлғаның атауының өзгеруi арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттың қайта ресiмделуiн талап етедi.
      Су шаруашылығы жүйелерiн реконструкциялау немесе су тұтыну шарттарының өзгеруi арнайы су пайдалануға қайтадан рұқсат алуды талап етедi.
      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      67-бап. Оқшау су пайдалану

      1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
      2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi. P040119
      3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

      1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
      2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.
      3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
      4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

       69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

      1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
      Шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы да бастапқы су пайдалану болып табылады.
      2. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.
      3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары көрсетiлiп, бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепiлдiк берiледi.
      4. Бастапқы және қайталама су пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуы үшiн екiжақты жауапкершiлiкте болады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

      1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.
      2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.
      3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.
      4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.
      5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.
      6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.

      71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

      Су пайдаланушылардың:
      1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
      2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;
      4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
      6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
      7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
      8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
      9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi



      Су пайдаланушылар:
      1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;
      2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
      3) белгiленген су пайдалану лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерi мен режимдерiн сақтауға;
      4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
      5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жiберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
      6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
      7) арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;
      8) белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
      9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға;
      10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолдануға;
      11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
      12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      13) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi  уәкiлеттi органның тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуге;
      14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талабын сақтауға;
      15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
      17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;
      17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық pұқсaт алуға;
      18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.09 N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

      1. Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында аталған негiздерден өзгеше ешкiмдi де су пайдалану құқығынан айыруға болмайды.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылардың су пайдалану құқығына қысым көрсетумен байланысты олардың қызметiне мемлекеттiк органдардың тарапынан араласуға тыйым салынады.

      74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу

      1. Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.
      2. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиiс.

      75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату

      1. Арнайы су пайдалану құқығы:
      1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
      2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
      3) су пайдаланушы жеке адам қайтыс болған;
      4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
      5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
      6) су объектiлерiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға тиiс.
      2. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
      1) су ресурстары нысаналы мақсатында пайдаланылмаған;
      2) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
      3) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
      4) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждар үшiн пайдалану қажеттiгi туындаған;
      5) су пайдаланушы Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген шарттар мен талаптарды сақтамаған;
      6) су ресурстарын пайдалануға тыйым салу үшiн негiздер туындаған жағдайларда арнайы су пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу арқылы тоқтатылады.
      3. Арнайы су пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу су пайдалану шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.
      4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      76-бап.


       Ескерту. 76-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  , 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  5-Бөлiм. Су шаруашылығын ұйымдастыру



14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары

      77-бап. Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдары

      Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:
      1) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу;
      2) мемлекеттiк су кадастрын жасау;
      3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;
      4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;
      5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;
      6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарын күтiп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
      8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары

      Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мынадай жұмыстарды орындау мақсатымен құрады:
      1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын күтiп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) су объектiлерiнен су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
      3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ұйымдасып ағызу.
      Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),   2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       79-бап. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдары

      1. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткiзу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшiн құрады.
      2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;
      2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткiзу үшiн алып қою;
      3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;
      4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;
      5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi қызмет;
      6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.
      3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет