Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект


Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс болды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты



бет5/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
онлайн мектеп 1

Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс болды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.

  • Енді тек қана мал немесе егіншілікпен айналысатын тайпалар қауымы қалыптасты.

  • Патриархалдық отбасылар жақын туысқандардың үштен астам ұрпағынан тұрды. 

  • Ең үлкен отбасылар рулық бірлікке кірді. 

  • Рулық қауым негізінен патриархалдық отбасылардан құралды. 

  • Рулар тайпаға бірікті. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құрды.

  • Біртіндеп үй, мал, еңбек құралдары, тұрмыстық заттар жекеменшікке өте бастады.

  • Металл өндірісі мен малшаруашылығы маңызының арта түсуі ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты.

  • Өндірісте әйел рөлінің төмендеуі ендігі жерде отбасында еркектердің билік жүргізуіне алып келді.

    Қола дәуірінің сипатттамасы


    Конспект
    Қола дәуірінің шаруашылық және қоғамдық өміріндегі өзгерістер
    Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.б. екінші мыңжылдықта басталған. Қазақстанның Қола дәуірі шамамен б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.б. XVIII-XVI ғғ.), орта (б.з.б. XV-XII ғғ.) соңғы кезеңдер (б.з.б. XII-VIII ғғ.) аралығын қамтиды.
    Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі Қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.
    Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.
    Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ-ХІІ ғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ. яғни соңғы Қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.
    Қазақстанның Қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х. Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның Қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке – Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
    Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі; кейінгісі – Атасу кезеңі. Бұл кезеңдер Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Бұл кезде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.
    Беғазы-Дәндібай мәдениетінің атауы Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
    Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары:
    а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі – дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты циста деп атайды.
    ә) Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш қорщау түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Айшуақ кешенінің қоршауы – соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір үлкен зиратқа жерлеген.
    Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс беттері қаратылып қаланған.
    Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі. ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
    Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
    Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңіндегі қыш ыдыстардың иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек ыдыстың мойнына, ортан беліне, кейде түп жағына да салынған.
    Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері: ыдыстардың ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері – тарақ жүзді, үзік сызықты үшбұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
    Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі. Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде тау-кен өнеркәсібі және металлургия жақсы дамыды.
    Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде қола дәуірінің 150-ден аса қонысы, 200-ге тарта қорымы зерттелген.
    Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері Беғазы-Дәндібай ескерткіштеріне қатты ұқсайды. Айырмашылығы: Беғазы-Дәндібай кесенелері ірі гранит тастан салынса, Түгіскен кесенелері шикі кірпіштен қаланған.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет