Критериалды бағалауды ұйымдастыру әдістемесі Мазмұны


Дағдылар Сипаттамасы



бет7/15
Дата14.12.2023
өлшемі1.89 Mb.
#486574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
stud.kz-106121

Дағдылар

Сипаттамасы

Білім

Нақты ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету

Түсіну

Ақпаратты дұрыс болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету

Қолдану

Бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес жағдаятта қолдану

Талдау

Түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын немесе дәлелдер іздеп табу

Синтез

Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін қайта қарау қабілетін көрсету

Бағалау

Нақты белгілі критерийлер бойынша идеялардың немесе маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру

Оқу мақсаттарын жіктеудегі Блум таксономиясы (2 сурет) оқыту мен оқытудың белсенді әдістерін қолдану барысында оқушылардың сыни ойлауын дамытуды жүзеге асыратын мұғалімдер үшін маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.



2 сурет. Блум таксономиясы бойынша танымдық мақсаттарды жіктеу

Оқушының дайындық деңгейі әр білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелерімен анықталады.Мұғалім оқушымен бірге оқу мақсаттарына қол жеткізу критерийлерін талқылап, қажет болған жағдайда оларды толықтыра алады.


Бағалауды қалыптастыру барысында мұғалім топтық жұмысты белгілі бір дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде қолдана алады.Топтық жұмыс барысында мұғалім әр топтағы оқушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір оқушы бағалау критерийлеріне сәйкес зерттеу мақсаттарына жеткендерін тез көрсете алады.
Оқытушы одан әрі оқу мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын оқушының қызметін бақылап, қосымша сұрақтар қоюы керек:
- Осы тақырып туралы өз ойыңыз қандай?
- Сіз өз тобыңызда не талқыланғанын түсіндіре аласыз ба?
Егер оқушы практикалық жұмысты орындаса, онда әр тапсырма бойынша сұрақ қоюға болады:
- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?
- Сіздің ойыңызша, бұдан әрі не болады?
- Қандай ерекшелікті байқадыңыз?
Топтық жұмыс барысында мұғалім бүкіл топтың жұмысын бақылауы керек. Топты бақылау тапсырманы орындауға қатысу арқылы бірге жүзеге асырылуы мүмкін.
Жауаптарды бағалай отырып, мұғалім оқу мақсаттарына жетуге тырысатын топтарға оралып, оқу мақсаттарына жетуге тағы бір мүмкіндік бере алады. Бұл жағдайда:
- жаңа идеяларды қалыптастыру;
- екі (немесе одан да көп) идеяны салыстыру;
- идеяларды бағалау;
- топтық талқылаулар негізінде ұсыныстар беру;
- сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы оқытудың нақты мақсатына қол жеткізудің дәлелі болады.
Осылайша, қалыптастырушы бағалау бес негізгі стратегиядан тұрады:
- күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
- оқу тұжырымдамасын куәландыратын сабақтарда тиімді талқылау мен қарым-қатынасты қалыптастыру;
- нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс орнату;
- өзара оқыту көзі және ресурсы ретінде қарастыру;
- оқушыны өз білімінің «негізін қалаушы» ретінде қалыптастыру.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын мұғалім өз бетінше немесе ұсынылған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жиынтығы арқылы құрастыра алады. Қалыптастырушы бағалау үшін есептік құжаттама талап етілмейді.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеу формасын мұғалімнің өзі анықтайды (сандық, графикалық, нүктелік). Қалыптастырушы бағалау нәтижелері мұғалімнің жазбалары болып саналмайды.
Қалыптастырушы баға қою кезінде оқушы күнделік астына смайликтер қойып, түсініктеме жазады.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 6, 7, 8-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдама» әдістемелік нұсқаулығының» «Сабақта қалыптастырушы бағалауды өткізу бойынша ұсынымдар» деген тақырыбында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы кемшіліктерден мұғалімінің жеткілікті мән бермейтіні айтылған. Аталған нұсқаулықта қалыптастырушы бағалау техникасының үлгілерін төмендегі кестеде көрсетейік (5 кесте).

5- Кесте. Бағалау техникасының үлгілері









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет