Критериалды бағалауды ұйымдастыру әдістемесі Мазмұны


ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ



бет9/15
Дата14.12.2023
өлшемі1.89 Mb.
#486574
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
stud.kz-106121

2 ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ


2.1 Информатика сабағында критериалды бағалауды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері

Оқу қызметінің құрама бөлігі ретінде бағалауға қатысты мәселелер көп және оның себептері жан-жақты екендігі баршамызға әдебиеттерден белгілі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметінің нәтижелерінің көрсеткіші ретінде түсіну кеңінен көрсетілген. Оқушының оқу қызметінің табыстылығының бағасы келесі түрлерде бола алады:


- аз түрлер (мимика, қол қимылы, дауыс ырғағы, үлгерімі бойынша қысқа ескертулер);
- оқушының жалпы сипаттамасы;
- бағалар;
- сөзбен бағалау (оқушымен жеке сөйлескенде, ата-аналар жиналысында).
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары мен қасиеттері көрсетілген: мазмұны, орны, қызметі, оқытушының бағалау барысындағы қызметінің құрылымы және тағы сол сияқты. Алайда, бағалаудағы келесі мәселелер шеттеп қалған: нақты көрсеткіштер бойынша бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау, бағалаудағы субъективтілік, бағаны қоюда мұғалімнің және оқушының жеке ерекшеліктері, қарым-қатынасы. Егер бұл мәселелерді және сұрақтарды шешпесе, онда жеке тұлғаны дамыту бағытындағы міндеттерді орындауға қол жеткізу өте қиын болары сөзсіз. Ең алдымен бағалау жүйесінің қазіргі таңдағы бірнеше функцияларын анықтап алайық:
Нормативтік функция. Бекітілген эталон бойынша нақты оқушының жетістіктерін бір жағынан белгілеу болса, енді бір жағынан жекеленген оқушылардың, мектептегі сыныптардың, олардың үлгерімдерінің деңгейлерін, мұғалімнің жұмысының сапасын (соңғы онжылдықтарда қалыптасқан тәжірибе бойынша) әкімшілік тарапынан қадағалау болып табылады. Бірінші жағдайда нәтижеде оқушы оқу орнын бітіріп шығуы үшін толық құқыққа ие болады.
Ақпараттық-болжам жасау функциясы. Білім беру үрдісінің барлық қатысушылары арасында мазмұнды байланыстың негізгі сәттерін, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясын көрсетеді. Себебі, ең алдымен бағалау нақты сыныпты алғанда білім беру үрдісінің барлық сұрақтары дұрыс шешілгендігі, сыныптағы әрбір оқушының жағдайының қалыпты екендігі туралы ойлауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар бұрыннан орындалып келеді.
Әр оқушыда өзіндік деңгейлер қалыптаса бастайды. «Білімі» күшті оқушылар әр уақытта жоғары бағаланып отырады және нәтижеде оларда өзіндік жоғары бағалау туындайды да олар сапалық жағынан дамуы тежеледі. Мысалы, әр уақытта «өте жақсы» баға қойылған оқушы басқа мұғалімнен төмен баға алып қалуы сияқты мысалдар бар. Немесе сыныптың басқа мұғалімнің сабақ өтуіне немесе топтың басқа оқытушының сабақ жүргізуіне қарсылық көрсетуі, сыныптың мұғалімге үйреніп қалуы және басқа мұғалімді «қажет етпеуі» сияқты жағдайлар педагогикалық тәжірибеде жиі кездеседі. Ал ендігі кезекте, білімінің деңгейі төмен оқушыларды мұғалімдер және педагогтар төмен бағалайды да, олар осы деңгейге қалыптасып қалады.
Оқушының оқу қызметінің табыстылығын бағалаудың мәселесі бойынша басты тенденция ол бағалаудың басты функциясының айқын болуында. Ол функция оқушының білімі және білігі қалыптасуының шарты ретінде бақылаумен байланысты. Яғни білім мен білік қалыптасқандығын бақылау. Сондықтан да бақылау сонымен қатар оқушының ынта қою және психикалық танымдық үрдістерді дамыту қабілеттерін қалыптастырудың негізі ретінде бола алады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау үрдісін ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу-танымдық қызметінің төмендегідей психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі керек:

  • өзбетінше білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға дайын болуы керек;

  • өзінің жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;

  • өзінің алдына қойылған міндеттерін түсіне алуы керек;

  • оқушының жеке білім алу бағытын таңдауға және оны

  • құрастыруға ұмтылуы;

  • оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының барысында

  • оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы;

  • сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы;

  • оның құрбы-құрдастарының алған бағаларына көңіл аударуы,

  • яғни оның өзара бағалауға ұмтылуы;

  • теориялық және критерийлік ойлауының қалыптасуы;

  • талғампаздығы;

  • ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақтылығы;

  • бір мақсатқа бағытталуы.

Оқушының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, олардың себебін және сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық-психологиялық негіздері болып табылады. Мұндағы мақсат – осы кемшіліктердің алдын-алу.
Мұғалімге осы білімдер оқушыда қалай (немесе қандай жолмен) және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет. Тексеру - бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және жүйелеудің түрі.
Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұраққа жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері берген жауаптарын қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсы болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты — материалдың толық игерілуі. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық жетеді. Ал сыныптың барлық оқушыларының тақырып бойынша деңгейін анықтау өз алдына талдауды қажет ететін жеке сұрақ. Бұл мәселенің шешімі тест сұрақтарын бірнеше нұсқада жасаумен байланысты.
Бағалау жүйесін дамытудағы қазіргі бағыттар анықталған критерийлермен оқушының жеке жетістіктерін салыстырумен байланысты болып отыр. Ал критерийлер өз кезегінде құзыреттіліктермен және жаңаша білім беру парадигмасымен байланысты. Осы бағыттарды ескере отырып білім беру стандарттары жасалады.
Критериалды бағалау алдын-ала ұжыммен бірге құрастырылған, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Бүл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек және оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі керек. Критериалды бағалау оқу бағдарламаларының мазмұнына, бағалау іс-шараларының түрлеріне, оқушылардың жеке психология-лық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау сонымен қатар бақылау үрдісін сезіну және осы бағалау технологиясын пайдаланудың тиімділігін педагогикалық болжауды жүргізу іске асырылатын болжау негізінде жүргізіледі. Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеу аясын, жүйелі рефлексияға оқушыны бейімдеу арқылы ғылыми ақпараттың ағынында өз бетінше жұмыс істеуін және бағыт-бағдарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайларды және мүмкіндіктерді жасау мақсатын анықтайды.
6 - кесте. Оқушы жетістігін критериалды бағалау шкаласы



Критерийлер

Дескрипторлар

А

Білу мен түсіну

Нақты фактілерді және ақпараттарды білу және жаңғырту, дұрыс жаңғырту, жорамалдау немесе ақпаратты оқу бағдарламасының оқыту бағдарламасына сәйкес түсіндіру арқылы түсінуді көрсету.

В

Қолдану

Ақпаратты және бұрын алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайларда қолдану және пайдалану. Білу, түсіну және дағдыларды оқу іс-әрекетінде қолдану арқылы көрсету. Білімді қолдануды көрсету практикалық жұмыс, тәжірибелер, жобалық жұмыстар, мәселелерді шешу, жаңа немесе/және әр түрлі өнімдерді оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарына сәйкес сыныптар мен пәндер тұрғысында дайындау.

С

Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Дерекнамалардан, анализ, синтез және ақпаратты бағалаудан туындайтын пікірді қалыптастыру. Ақпаратты және/немесе нәтижелерді жинау және сынып пен пән тұрғысында оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарына сай анализ арқылы дұрыс түсіну қабілетін көрсету. Берілгендерді дұрыс жинау және қолдану арқылы болжамды зерттеу және өз қорытындыларын жаса. Жасалған қорытынды туралы сынып пен пән тұрғысында оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарына сай ой жүгірту қабілетін көрсету.

D

Коммуникация және рефлексия

Ақпаратты, факті, ой мен пікірді ауызша түрде сынып пен пән тұрғысында оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарына сай ұсыну. Басқалардың ұсынған хабарламаларын тыңдау қабілетін көрсету және келісімді түрде жауап қайтару. Басқалармен талқылау жүргізу, олардың көзқарасын түсіну, өз көзқарасын түсіндіру және жалпы түсінікке жету. Пікірлер, ойлар мен оқиғалар жайында ойлану және қорытындылау мен шешім қабылдау немесе ойлану нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Тоқсандық ұпайлардың қалыпты саны – 60 ұпай
Қалыптастырушы бағалау үшін ұпайлардың қалыпты саны – 18 ұпай (30%)
Ішкі жиынтық бағалау үшін ұпайлардың қалыпты саны – 42 ұпай (70%)

Ұпайлардың жалпы саны

Тоқсандық баға

Тоқсандық баға

54-60

A*

5

48-53

A

42-47

B

4

36-41

C

30-35

D

3

24-29

E

0-23

U (аттестациядан өтпеді)

2

Информатика сабағында оқушылардың білімін критериалды бағалау жүйесі. Бағдарлама аясында білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа бағалау түрі критериалды бағалау деп жоғарыда айтып кеттік. Бағалау қалыптастырушы және жиынтық болып келеді. Бұл арқылы оқушылардың бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Сабақ соңында оқушы өз нәтижесін критерийлер бойынша бағалайды. Дәстүрлі бағалауда жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер ретінде жүргізіледі. Бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады және бағалау тек мұғалімнің билігінде болады. Оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Критериалдық бағалаудың қызметі оқушыға оқытудың әр сатысындағы меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі бағалауға қарағанда, критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасын жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін - сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға т.б., оқушылар үшін - табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-аналар үшін - оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім. Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан.
Критериалды бағалау жүйесінің жүзеге асу процесінде пайдаланған оқулығымыз жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған «Информатика» оқулығы. 1 бөлімге жиынтық бағалаудың тапсырмалары оқушылардың тоқсан бойынша алдын ала жоспарланған оқу мақсаттары мен міндеттеріне жету деңгейін анықтауға жағдай жасайды. Алдымен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар.

Тақырып «Эргономика ұғымы


Оқу мақсаттары 6.4.1.1 Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу
(жоғары деңгейде және тиімді болу үшін)
Бағалау критерийлері Білім алушы
Эргономика мәселесін шешеді
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Тапсырма 1.
Суретті қарастырыңыз.

1. Суреттегі адамға денсаулығына тиетін зиянды алдын алу үшін екі ұсыныс беріңіз.

  1. __________________________________________________________

  2. __________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

    • эргономика мәселесін шешуге ұсыныс жасайды.



Тақырып «Есептеуіш техникасының даму тарихы»

Оқу мақсаттары
6.1.1.1 Есептеу техникасының дамуының тарихы мен
перспективасы жөнінде әңгімелеу

Бағалау критерийлері
Білім алушы
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма 2.
Берілген суреттерді қарастырып, буындарын анықтаңыз.
Білу және түсіну






















Дескриптор Білім алушы

    • сурет бойынша есептеу техникасының буындарын анықтайды.


Тақырып «Компьютердің қызметі


6.1.1.2 Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара
әрекетін түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
Компьютердің негізгі құрылғыларының байланысын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма 3.
Сызбаны қарастырыңыз. Шығару құрылғылары мен ішкі жады арасындағы және ішкі жады мен сыртқы жады арасындағы байланысты сызыңыз.
Ішкі жады


Енгізу құрылғылары







Процессор










Шығару құрылғылары




Сыртқы жады
Дескриптор Білім алушы

  • шығару құрылғылары мен ішкі жады арасындағы байланысты көрсетеді; ішкі жады мен сыртқы жады арасындағы байланысты көрсетеді.

2 тоқсан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет